check

You are here

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 8 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 8 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 – 13.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 40 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 11.06.2016 ж. сағ. 13:50-де ЖМКА травмотологиялық пунктіне өзі жүгінді, оған амбулаторлық ем тағайындалды), 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді.

Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 17 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша  ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 12 пациент ауруханадан шығарылды (оның бірі Сырым Сүндетов 10 маусым күні сағ: 22:40-та санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына (Астана қ.) жеткізіліп, ем қабылдауды әрі қарай жалғастыруда).

Астана уақытымен 13:00-дегі мәліметтерге сай Ақтөбе қаласының стационарларында 8 адам ем қабылдауда, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.

14 маусым, 2016 - 18:12 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші