check

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында қызамықпен сырқаттану көрсеткіші 879 еседен астам азайды

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында қызамықпен сырқаттану көрсеткіші 879 еседен астам азайды

Кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деңгейі 879,6-дан астам есеге азайды. 1991 жылы қызамықпен сырқаттанудың 17593 жағдайы тіркелсе (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 104,68 жағдай), 2015 жылы 2 жағдай тіркелген (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,01 жағдай).

Қызамық – ауру адаммен тығыз қатынаста болғанда ауа-тамшылы жолмен жұғатын респираторлық вирусты жіті инфекция. Жүкті әйелдер үшін қызамық ауруы өте қауіпті. Себебі, құрсақтағы нәресте 85%-ға дейін ауыр зақымдануы мүмкін. Сонымен қатар, дамудың ауытқушылық үштігі түріндегі (жүректің қолқалық кемістігі, катаракта, саңыраулық) туа біткен қызамық синдромы туындайды. Орталық жүйке жүйесінің, микрофтальмгения, гемморагиялық синдром (тромбоцитопения нәтижесінде), зәр шығару және ас қорыту жүйелері дамуының кемістігі мен қаңқаның зақымдануы да аз кездеспейді. 

Вакцинациялау – қызамықтың алдын алу бойынша бірден бір тәсіл болып табылатынын атап айту керек. Қазақстанда халықты аталған ауруға қарсы иммунизациялау екі мәрте жүргізіледі: 12 мен 15 ай аралығындағы жаста және 6 жаста. 

Қазіргі таңда құрамында қызамық, қызылша, індетті паротиттің жеңілдетілген вирустары бар «бір түтікшедегі» біріктірілген вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Вакциналаудан бас тарту – індетке бейім адамдардың санын арттырып, ауру ошағының пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

13 маусым, 2016 - 10:49 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші