check

You are here

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 15 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 15 адам емделуін жалғастыруда

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 05.06.2016 – 10.06.2016 ж. аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10.06.2016 ж. сағ. 05:00-де) жіберілді.

Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша  ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып (10.06.2016 ж. сағ. 09:40-та жедел медициналық көмек ауруханасына жатқызылған пациент жергілікті уақыт бойынша 16:45-те жан сақтау бөлімінде жасалған отадан соң қайтыс болды), 5 пациент ауруханадан шығарылды.

18:30-дегі (Астана уақыты бойынша) жағдайға сәйкес Ақтөбе қаласының стационарларында 15 зардап шеккен азамат емделуде, оның  ішінде 14 адамның жағдайы орта деңгейдегі ауыр, 1 пациенттің жағдайы ауыр деңгейде деп бағаланып отыр.

Бүгін ауруханаға 05.06.16 ж. жатқызылған пациенттердің бірі республикалық санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта астаналық (санавиация бригадасы) және ақтөбелік дәрігерлер пациентті жеткізуге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

10 маусым, 2016 - 19:22 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші