You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (жалпы конкурс)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (жалпы конкурс)

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына білім мен тәжірибе бойынша үлгілік біліктілік талаптары:

С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім;      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

 С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;* 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*  4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қелесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*  4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289629

391105

С-2

204041

275664

С-3

154071

208205

С-4

138248

186551

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-28-18 факс, 74-33-45, e-mail: a.kairbekkyzy@mzsr.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс жариялайды:

 

1.       Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директорына, санаты С-1.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындауды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық рәсімдер және веб-порталға орналастыру бойынша басқарма қызметін жалпы басқару, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдер арқылы мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізу, мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен уақтылы шарттар жасасу, әлеуетті өнім беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған жағдайда тиісті ақпараттар мен материалдарды Заң қызметі департаментіне уақтылы ұсыну, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жөніндегі заңнама және өзге де нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қаржылық және экономикалық негіздеме бөлігінде әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен істей білу.

 

2.       Ғылым және адами ресурстар департаментінің директорына, С-1 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Медициналық білім мен ғылымды жетілдіру бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және басқару. Медицина ғылымы мен білімнің жай-күйін талдау. Медициналық оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО қызметін үйлестіру. Медициналық оқу орындарына қабылдауды жоспарлау. Клиникалық ординатураға, магистратураға, аспирантураға, докторантураға қабылдауды жоспарлауға қатысу. Ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу. Нормативтік актілерді, бұйрықтарды, шешімдерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, алқаларды дайындауға қатысу. Мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін үйлестіру. Медицина ғылымын жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада Министрліктің, Департаменттің стратегиялық жоспарын әзірлеу; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін талдамалық шолу материалдарын дайындау; республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды дайындауға қатысу; медициналық білімді және ғылымды жетілдіру бойынша материалдарды жариялау; департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық  дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

3.                Стратегиялық даму департаментінің директорына, С-1 санаты (26.06.2016ж. дейін, негізгі қызметкердің жүктілік және босану бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеруді жүзеге асыру, департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласында стратегиялық құжаттарды және оперативтік жоспарларды, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеуді және дайындауды бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысына басшылық, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық  экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

4.                Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасарына, С-2 санаты.

Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысына басшылық етуге, үйлестіруге, жоспарлауға қатысу, Медициналық қызметтер, денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу әдістемесі мәселелері бойынша Министрліктің және саланың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек деңгейінде медициналық қызметтерді стандарттау және медициналық ұйымдарды аккредиттеуді дамытуға бағытталған заң жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, денсаулық сақтау саласының қолданыстағы бағдарламаларын жетілдіру және жаңа бағдарламаларды құру бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу, денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыру мәселесінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысу, денсаулық сақтау жобаларын, бағдарламаларын және медициналық статистиканы мониторингтеу мәселесін үйлестіру, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу жөніндегі комиссияға қатысу, халыққа медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл. денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін іске асыру мен жетілдіру мәселесін үйлестіру, денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға қатысу, қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше медицина бойынша ғылыми дәрежесінің, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистр дәрежесінің немесе денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғарғы біліктілік санаттарының, біліктілікті арттыру сертификаттарын болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

5.                Заң қызметі департаменті директорының орынбасарына (екі бірлік), С-2 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Өз өкілеттігі шеңберінде министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдарымен департаменттің өзара іс-қимылын үйлестіру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру, Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жалпы басшылық, Министрлік комитеттерінің және Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының  заң қызметі  жұмыстарын үйлестіру,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

6.                Министрдің баспасөз хатшысына, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (бұдан әрі – Министр) бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысын қамтамасыз ету, бұқаралық  ақпараттық құралдарымен өзара әрекет ету және жұмысты үйлестіру (баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру, баспасөз хабарламаларын дайындау), бұқаралық ақпараттық құралдарда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты іс-шаралар туралы хабар тарату, министрліктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерімен өзара әрекет ету, республикалық және шетелдік баспасөздерді және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдарға шолу бойынша талдау материалдарын дайындау, бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысты және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі  – Министрлік) қызметінің бағыттары бойынша түсіндірме жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика немесе жұртшылықпен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары білім., денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

7.                Министрдің көмекшісіне, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрдің қызметін  қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдарды уақтылы дайындау және Министрдің келіп түскен құжаттар бойынша тапсырмаларын  орындау, олардың орындалуын бақылау, жедел кеңестерді хаттамалау, Министр үшін өзге де ақпараттарды даярлау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

8.                Министрдің кеңесшісіне, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Министрді анықтамалық, ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету, Министрліктің бағынысындағы мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау; Министрдің қатысуымен өтетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыруға қатысу; талдау материалдарын жинақтау және қорыту; Министрдің жұмыс процесін ұйымдастыру; ай сайынғы жұмыс кестесін құрастыру; хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау; Министрдің почтасын қабылдау және қол қоюға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

9.                 Заң қызметі департаменті құқықтық талдау басқармасының басшысына, санаты С-3 (18.09.2017ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету, басқарма құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша  Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру жұмысына жалпы басшылық, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру, Министрлікке бағынысты ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

10.            Қаржы департаменті ағымдағы нысаналы трансферттерді жоспарлау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (04.03.2018ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Жоспарланып отырған жылға ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік - еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және мониторингі бойынша; алдағы қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру; әзірленетін нормативтік құқықтық актілерді және ағымдағы қаржы жылына ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдерді қаржылық сараптау; бюджеттен тыс қызметті жоспарлау бойынша; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамаларды, материалдарды және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға өз құзыреті шегінде  жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

 

11.           Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім және ғылым басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (2 бірлік, 1 – негізгі қызметкердің оқу демалысының кезеңіне, 01.09.2017 ж. дейін)

Функционалдық  міндеттері: Басқарма сарапшыларының қызметін үйлестіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым жағдайы бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым саласында негізгі заң актілерін, нормативтік құқықтық құжаттарын және бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым мәселелерін жетілдіру бойынша медицина және фармацевтика білім және ғылым ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау, инновациялық әзірлемелердің практикалық енгізу нәтижелерін талдау, мониторингілеу бойынша іс-шараларды іске асыру.  Медициналық және фармацевтикалық білімді және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік  корреспонденциямен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру (бірегей технологиялар).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі)  немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

12.            Ғылым және адами ресурстар департаменті адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Басшылық шешімдерін ресімдеу, ісқағаздарын жүргізу.  Дипломнан кейінгі білім беру, адами ресурстарды дамыту, денсаулық сақтаудағы менеджмент саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Сала кадрларының жағдайын талдау. Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтерін және үлгілік штаттарын әзірлеу және жетілдіру. Саланың лауазымдар номенклатурасын және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және жетілдіру. Медицина кадрларына қажеттілікті айқындау. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды дипломнан кейінгі даярлаумен, біліктіліктерін арттырумен айналысатын ұйымдардың қызметін талдау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді талдау және мониторингі. Медицина және фармацевтика кадрларын дипломнан кейінгі даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу. Медицина және фармацевтика кадрларының қосымша және дипломнан кейінгі білімін талдау және мониторингілеу. Денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді басқару технологияларын енгізуді талдау. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімге қажеттілікті айқындау және мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру. Дипломнан кейінгі даярлаумен айналысатын ұйымдарды кешенді тексеруге қатысу. Дипломнан кейінгі даярлау, адами ресурстарды дамыту және денсаулық сақтаудағы менеджмент мәселелер бойынша министрліктермен және ведомстволармен өзара  іс-қимыл жасау. Қазақстандық мамандардың шетелде қайта даярлануын және біліктіліктерін арттыруын ұйымдастыру. Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне материалдар дайындау, қызметтік хат-хабарларлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит) мамандықтары бойынша жоғары білім,  мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

13.           Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (30.06.2016ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындықты, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі өткізудің әдістемелік тәсілдерін жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату: медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзіреті шегінде қара. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізу және ұйымдастыру. Орындаушылық және еңбек тәртіптерін ұстану, мамандардың жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

14.           Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауды қаржыландыру саясаты, стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау, денсаулық сақтауға қоғамның ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету тетіктері және медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелері бойынша нормативтік актілерді жетілдіру бойынша әзірлеу және ұсыныстарды енгізу бойынша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау. Заңнаманы жетілдіруге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, денсаулық сақтау стандарттарын және денсаулық сақтау бюджетін құруға әзірлеуге қатысу. Саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтама, материалдар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады;  әңгімелесуді өткізу орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 5 кіреберіс, 928-кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуы жоспарланып отыр. 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

8 маусым, 2016 - 07:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші