check

You are here

Қазақстанда Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» атты USAID жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» атты USAID жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» атты USAID жобасы жүзеге асырылуда. Ол Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы АИТВ-дан болатын өлім-жітім мен сырқат көрсеткішін төмендетуге негізделген.

Осыған байланысты 26 мамыр күні Республикалық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы мен Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID-тың «Флагман» жобасы елдегі АИТВ-мен күрес және оның алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында құрылымдар арасындағы өзара әрекесттестіктің негізгі қырлары анықталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Орталық Азиядағы USAID қызметінің аймақтық директоры Джордж Дейкун АИТВ-мен өмір сүретін басым бөлігін антиретровирустық терапиямен емдеу індетті тоқтатудың негізгі шараларының бірі екенін атап айтты.

«Адамдар ем қабылдаған кезде олардың ауруды тарату көрсеткіші төмен болады», - деп хабарлады ол.  

Республикалық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мәліметінше, 2016 жылдың басындағы ақпаратқа сай Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар саны 17 726-ні құрап отыр. АИТВ негізінен парентералдық жолмен, яғни енгізілетін наша (50,1%), жыныс жолдары арқылы 44% жағдайда жұқтырылады.

Аталған жоба UNAIDS 90-90-90 стратегиясына сай жүзеге асырылады: 2020 жылға қарай АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өз сырқаты туралы білетін болады; АИТВ инфекциясы анықталған адамдардың 90%-ы антиретровирусты терапияны қабылдайды; антиретровирусты терапияны қабылдайтын адамдардың 90 %-да вирустың көрсеткіші төмен болады.

Тегтер:
27 мамыр, 2016 - 20:02 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші