You are here

ОбъявлеҚР ДСжӘДМ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (ішкі конкурс)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға хабарландыру (ішкі конкурс)

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына білім мен тәжірибе бойынша үлгілік біліктілік талаптары:

С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім;      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

 С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;* 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*  4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қелесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*  4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289629

391105

С-2

204041

275664

С-3

154071

208205

С-4

138248

186551

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-28-18 факс, 74-33-45, e-mail: a.kairbekkyzy@mzsr.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1.       Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директорына, санаты С-1.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындауды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық рәсімдер және веб-порталға орналастыру бойынша басқарма қызметін жалпы басқару, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдер арқылы мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізу, мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен уақтылы шарттар жасасу, әлеуетті өнім беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған жағдайда тиісті ақпараттар мен материалдарды Заң қызметі департаментіне уақтылы ұсыну, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жөніндегі заңнама және өзге де нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қаржылық және экономикалық негіздеме бөлігінде әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен істей білу.

 

2.       Ғылым және адами ресурстар департаментінің директорына, С-1 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Медициналық білім мен ғылымды жетілдіру бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және басқару. Медицина ғылымы мен білімнің жай-күйін талдау. Медициналық оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО қызметін үйлестіру. Медициналық оқу орындарына қабылдауды жоспарлау. Клиникалық ординатураға, магистратураға, аспирантураға, докторантураға қабылдауды жоспарлауға қатысу. Ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуын мониторингілеу. Нормативтік актілерді, бұйрықтарды, шешімдерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, алқаларды дайындауға қатысу. Мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін үйлестіру. Медицина ғылымын жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада Министрліктің, Департаменттің стратегиялық жоспарын әзірлеу; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін талдамалық шолу материалдарын дайындау; республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды дайындауға қатысу; медициналық білімді және ғылымды жетілдіру бойынша материалдарды жариялау; департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық  дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

3.                Стратегиялық даму департаментінің директорына, С-1 санаты (26.06.2016ж. дейін, негізгі қызметкердің жүктілік және босану бойынша демалыстың кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылық, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеруді жүзеге асыру, департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласында стратегиялық құжаттарды және оперативтік жоспарларды, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеуді және дайындауды бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысына басшылық, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық  экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

4.                Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасарына, С-2 санаты.

Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысына басшылық етуге, үйлестіруге, жоспарлауға қатысу, Медициналық қызметтер, денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу әдістемесі мәселелері бойынша Министрліктің және саланың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек деңгейінде медициналық қызметтерді стандарттау және медициналық ұйымдарды аккредиттеуді дамытуға бағытталған заң жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, денсаулық сақтау саласының қолданыстағы бағдарламаларын жетілдіру және жаңа бағдарламаларды құру бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу, денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыру мәселесінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысу, денсаулық сақтау жобаларын, бағдарламаларын және медициналық статистиканы мониторингтеу мәселесін үйлестіру, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу жөніндегі комиссияға қатысу, халыққа медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл. денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін іске асыру мен жетілдіру мәселесін үйлестіру, денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға қатысу, қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше медицина бойынша ғылыми дәрежесінің, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистр дәрежесінің немесе денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғарғы біліктілік санаттарының, біліктілікті арттыру сертификаттарын болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

5.                Заң қызметі департаменті директорының орынбасарына (екі бірлік), С-2 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Өз өкілеттігі шеңберінде министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдарымен департаменттің өзара іс-қимылын үйлестіру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру, Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жалпы басшылық, Министрлік комитеттерінің және Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының  заң қызметі  жұмыстарын үйлестіру,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

6.                Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті директорының орынбасарына, С-2 санаты.      

Функционалдық міндеттері: Өкілеттік шеңберінде департаменттің қызметін үйлестіру, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің және Министрлік басшыларының құрылыс, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту мәселелері бойынша құжаттары мен тапсырмалары актілерінің сапалы және уақтылы орындалуына жалпы басшылық, олардың орындалуына талдау жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін енгізуді және дамытуды қамтамасыз ету, желілердің мемлекеттік нормативіне сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы объектілерді салу және реконструкциялау жобаларын қалыптастыру және іске асыру, Министрліктің  құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасын іске асыру жұмыстарын орындауы, Инвестициялық даму мәселелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар әзірлеу жөнінде басшылық жасау, денсаулық сақтауды және әлеуметтік дамуды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын және ведомостволық бағыныстағы ұйымдарды инвестициялық даму мәселелері бойынша консультациялармен қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, мейіргер ісі, жалпы медицина) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару) немесе білім (математика, информатика, құқық және экономика негіздері, география) немесе жаратылыстану ғылымдар (математика, информатика, география) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру, фармациялық өндірістің технологиясы, технологиялық машиналар мен жабдықтар) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

7.                Министрдің баспасөз хатшысына, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (бұдан әрі – Министр) бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысын қамтамасыз ету, бұқаралық  ақпараттық құралдарымен өзара әрекет ету және жұмысты үйлестіру (баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру, баспасөз хабарламаларын дайындау), бұқаралық ақпараттық құралдарда әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты іс-шаралар туралы хабар тарату, министрліктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерімен өзара әрекет ету, республикалық және шетелдік баспасөздерді және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдарға шолу бойынша талдау материалдарын дайындау, бұқаралық ақпараттық құралдармен жұмысты және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі  – Министрлік) қызметінің бағыттары бойынша түсіндірме жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика немесе жұртшылықпен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары білім., денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

8.                Министрдің көмекшісіне, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрдің қызметін  қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдарды уақтылы дайындау және Министрдің келіп түскен құжаттар бойынша тапсырмаларын  орындау, олардың орындалуын бақылау, жедел кеңестерді хаттамалау, Министр үшін өзге де ақпараттарды даярлау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

9.                Министрдің кеңесшісіне, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Министрді анықтамалық, ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету, Министрліктің бағынысындағы мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау; Министрдің қатысуымен өтетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыруға қатысу; талдау материалдарын жинақтау және қорыту; Министрдің жұмыс процесін ұйымдастыру; ай сайынғы жұмыс кестесін құрастыру; хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау; Министрдің почтасын қабылдау және қол қоюға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

10.           Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық оның жұмысын үйлестіру және  жоспарлау, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, басқарма бойынша қорытынды анықтамаларды дайындау, ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің, алқа қаулыларының, бұйрықтардың жобаларын дайындау және олардың іске асырылуын бақылау, ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы, оның ішінде халықаралық ұйымдар іске асыратын мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру, ведомствоаралық мәселелерді, оның ішінде педиатрларды, неонатологтарды және акушер-гинеколог мамандарды  және аналар мен балаларға көмек көрсетіп жүрген басқа да бейін мамандарын даярлау және қайта даярлау мәселелерін шешуге қатысу, басқарманың министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы қызметін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия) мамандығы бойынша жоғары білім,  мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің немесе акушерия және гинекология бойынша немесе педиатрия боынша жоғары/бірінші біліктілік санаттарының, денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті жоғарылату сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

11.            Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ақпарат және статистикалық  талдау басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: есептерді қабылдауды, қалыптастыруды, сандық деректерді (тоқсандық және есепті жылдың қорытындысы бойынша) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын өңдеуді ұымдастыру. Статистика жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсыну. Халық денсаулығының және республиканың медициналық ұйымдары қызметтерінің көрсеткіштерін есептеу және ведомстволық статистикалық бақылау бойынша статистикалық талдаулар жүргізу. Жыл сайынғы статистикалық «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі» жинағын қалыптастыру. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және фармацевтикалық объектілерінің статистикалық есеп және есептілік мәселесі бойынша қызметін үйлестіру. Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық қызметті жетілдіру. Ведомстволық статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше медициналық мамандық немесе денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

12.           Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті дамыту жобаларын іске асыру басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылық және қамтамасыз ету, даму жобаларын  іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, жоспарланып отырған жылға құрылысқа, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге бағытталған дамуға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау, сондай-ақ оларды мониторингтеу; алдағы қаржылық жылға міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру;   жобалық шешімдердің талаптарын және денсаулық сақтау объектілері құрылысының сапасын сақтауға  авторлық және техникалық қадағалауды қамтамасыз ету; құрылыс жоспарларының орындалуы мен құрылыс жұмыстарын  жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамлардың уақтылы әзірленуіне мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламентіне, Үкіметіне анықтамалар, материалдар және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, қжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдарға жоспарлау мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету, барлық мүдделі ведомстволармен инвестициялық жобаларды келісу  рәсімдерін үйлестіру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, мейіргер ісі, жалпы медицина) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару) немесе білім (математика, информатика, құқық және экономика негіздері, география) немесе жаратылыстану ғылымдар (математика, информатика, география) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру, фармациялық өндірістің технологиясы, технологиялық машиналар мен жабдықтар) мамандықтары бойынша жоғары білім  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

13.           Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті  мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту басқармасының басшысына, санаты С-3

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың жұмысын бақылау және жалпы басшылықты жүзеге асыру, тапсырмаларды орындау, орындауға келіп түскен құжаттарды сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің республикалық объектілерін жобалаудың және құрылысының барлық кезеңдеріндегі мониторингісін ұйымдастыру, басқарма құзыреті шегінде басшылардың тапсырмалары бойынша концессиялық жобалар бойынша сот істерінде қатысу, Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Президенті Әкімшілігіне, Парламентіне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелеріне қатысты анықтамалар, материалдар және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, мейіргер ісі, жалпы медицина) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару) немесе білім (математика, информатика, құқық және экономика негіздері, география) немесе жаратылыстану ғылымдар (математика, информатика, география) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру, фармациялық өндірістің технологиясы, технологиялық машиналар мен жабдықтар) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

14.            Стратегиялық даму департаменті денсаулық сақтау саласындағы саясатты талдау, стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Денсаулық сақтау саласындағы талдау, стратегиялық жоспарлау және саясатты мониторингтеу басқармасының (одан әрі – Басқарма) жұмысына  жалпы басшылықты жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныс әзірлеу, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге  басымдықтар мен  негізгі бағыттарды анықтауға қатысу, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарлама, стратегия, тұжырымдама, стратегиялық жоспарларды талдау, әзірлеу және іске асыру жұмысын үйлестіру және бақылау,  денсаулық сақтау саласында стратегиялық және өзге директивалық құжаттарға сәйкестігіне аумақтар даму бағдарламаларын келісімі бойынша жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету.  Министрлікте денсаулық  сақтау блогы елінің бәсекеге қабілетті көрсеткіштерді арттыру бойынша іс-шараларды дайындау бойынша жұмысты үйлестіру; ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл. Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бағыттары бойынша Министрліктің қызметінің тиімділігін бағалаудың барлық кезеңдерін орындау. Заңды тұлғалардың хаттарын қарау, құжаттарды дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайындау және басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг, әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  математикалық және компьютерлік моделдеу) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

15.  Заң қызметі департаменті наразалық-талап жұмыстары басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрік басшылығының басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері жөніндегі шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын бақылау және тексеру, ведомстволардың және Министрлік Комитеттерінің аумақтық департаменттері заң қызметінің жұмысын үйлестіру, сотта, сондай-ақ басқа да органдар мен ұйымдарда заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мәселелерді қарау кезінде  министрліктің мүддесін білдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

16.            Заң қызметі департаменті құқықтық талдау басқармасының басшысына, санаты С-3 (18.09.2017ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету, басқарма құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша  Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру жұмысына жалпы басшылық, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру, Министрлікке бағынысты ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

17.            Қаржы департаменті еңбек және әлеуметтік қорғау саласының бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау басқармасының басшысына, санаты С-3

Функционалдық  міндеттері: Еңбек  және әлеуметтік қорғау саласында Министрліктің бюджет жобасын әзірлеу, бекітіліп берілген  бағдарламалар  бойынша ағымдағы жылдың бюджетіне (бюджетті түзету, нақтылау)  өзгерiстер, толықтыруларды енгiзу  үшiн есептердi және негіздемелерді дайындау бойынша басқарма қызметіне жалпы басшылық; бекітіліп берілген  бағдарламаларды орындау бойынша ақпарат ұсыну және бақылауға жүзеге асыру; нысаналы трансферттер бойынша  нәтижелері туралы келісімді бекітуге қарау және ұсыну бойынша бақылауды қамтамасыз ету; Жұмыспен қамту жол картасы 2020 шеңберінде кредит шарттары; бекітіліп берілген бюджеттік бағдарламалар боцынша тиімділігін бағалауды жүргізу;  міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ олар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарау және келісу; анықтамалар дайындау. Министрліктің Стратегиялық жоспарының 7-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ олар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгзу; тиісті қаржы жылына бюджеттік өтінімге сәйкестік бөлігінде бектіліп берілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшелікті келісуді қамтамасыз ету;қаржы және экономикалық негіздеме бөлігінде еңбек және әлеуметтік қорғау бойынша заңнама және өзге нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытынды  дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

18.            Қаржы департаменті денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау басқармасының басшысына, С-3 санаты

Функционалдық  міндеттері: Министрліктің бюджет жобасын әзірлеу мәселелері бойынша басқарма жұмысына жалпы басшылық, қаржыландыру жоспарына және қаражатты уақтылы игеруге сәйкес ақша қаражатының дұрыс және үнемді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру, қаржылық және экономикалық негіздеме бөлігінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды және қорытындыларды дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, ұсыныстарды қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім,  денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

19.            Қаржы департаменті жиынтық жоспарлау, қаржыландыру және мониторинг басқармасының басшысына, С-3 санаты (12.12.2016ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне )

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың  жұмысына жалпы басшылық, жоспарлау және үйлестіру. Министрліктің алдағы қаржы кезеңіне, сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау/түзету кезінде ағымдағы кезеңге  бюджет жобасын қалыптастыру. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша мониторинг жүргізу және талдамалық есептерді, баяндамаларды және  көрнекі ақпараттарды дайындау. «Бюджет қаражатын басқару» бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды талдау. Республикалық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландыру жоспарына  өзгерістер енгізу үшін материалдарды қалыптастыру. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару)мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

20.            Қаржы департаменті ағымдағы нысаналы трансферттерді жоспарлау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (04.03.2018ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Жоспарланып отырған жылға ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік - еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және мониторингі бойынша; алдағы қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру; әзірленетін нормативтік құқықтық актілерді және ағымдағы қаржы жылына ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдерді қаржылық сараптау; бюджеттен тыс қызметті жоспарлау бойынша; Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтамаларды, материалдарды және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға өз құзыреті шегінде  жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, халықаралық экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

21.            Қаржы департаменті бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасының бас сарапшысына,  С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері: бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және Министрліктің орталық аппаратының қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша жүргізілетін шаруашылық операциялардың есебінде нақты көрсетілуін  алдын ала бақылауды жүзеге асыру. «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында кассалық операциялар бойынша, Министрліктің негізгі қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу бойынша (1, 9, 13-мемориалдық ордерлер) бухгалтерлік есепті жүргізу. Активтер мен қорлардың есебін жүргізу, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету, негізгі құралдар мен материалдардың тозуын есептеу және түгендеу жүргізу, тауар-материалдық құндылықтарды, кеңсе тауарларын, пошта шығыстарын және т.б. есептен шығаруға ұсыныс дайындау, бухгалтерлік құжаттардың заңды, уақтылы және дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындар бойынша активтерді есептен шығару құжаттарын тексеру және келісуге дайындау. Министрліктің орталық аппараты бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу.  ҚСХҚЕС бекіткен нысандарға сәйкес (бухгалтерлік теңгерім, кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есеп) Министрліктің орталық аппараты бойынша қаржылық және бюджеттік есептілікті дайындау. Республикалық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шоғырланған жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілікті дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

22.            Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекеттік активтер және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттің қатысуымен) даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу және бекітуге дайындау, акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есебін бекітуге дайындау,  жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің, Байқау кеңесінің отырысына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытынды дайындау, Министрлікке бағынысты ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта құру немесе өзге  құқықтық мәртебесін өзгерту мәселелерін қарауға қатысу, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларының орындалуына және Бірыңғай есептілікті тапсыру жүйесі (БЕТЖ) базасына деректердің енгізілуіне мониторинг жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тіисті құзыретті органдарға тоқсан сайынғы ақпараттарды ұсыну, басқарма құзыретіне кіретін жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың игерілуін талдау, Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

23.            Персоналды басқару департаменті мемлекеттік қызмет персоналы басқармасының бас сарапшысына,  С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты мәселелерді іске асыруға қатысу, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларының, мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулерді сақтауын бақылау, қызметкерлерді оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау және жүзеге асырылуына бақылау жасау, ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жөніндегі шараларды өткізуге қатысу, персоналды басқару бөлігінде министрліктің қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі материалдарды дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын,  ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

24.            Персоналды басқару департаменті комитеттермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Комитеттер мен аумақтық департаменттер қызметкерлерімен мемлекеттік қызметті өткеру рәсімдерінің жүргізілуін, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлік етуін қамтамасыз ету, Комитеттер, аумақтық департаменттер және ведомствоға бағынысты ұйым басшыларының жеке мәліметтерін есепке алу, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша есептерді, ақпараттарды жинау, талдау және жинақтау, Министрдің және жауапты хатшының Комитеттер мен ведомствоға бағыныстағы ұйымдардың кадр мәселелері бойынша актілерін дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттер, ведомствоға бағынысты ұйымдардың кадр қызметкерлеріне консультация беру, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

25.             Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Туберкулезге қарсы қызметтің, В және С вирустық гепатиттері, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес инфекциялық аурулар мәселелеріне жетекшілік ету. Туберкулезге қарсы қызметтің, В және С вирустық гепатиттері, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес инфекциялық аурулар қызметін ұйымдастыру, талдау, жоспарлау және мониторингтеу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту. Жетекшілік ететін бөлім бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды дайындауға және өткізуге қатысу. Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

26.            Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті стационарлық медициналық көмек басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (03.04.2017ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Иондаушы сәулелену сырқаттануымен себептік байланысын белгілеу үшін Орталық ведомствоаралық сараптамалық кеңестің мәселелеріне жетекшілік ету, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық көмекті ұйымдастыру, терапия, кардиология, неврология, пульмонология, эндокринология, гематология, гастроэнтерология, нефрология (оның ішінде гемодиализ), дерматовенерология, оңалту және қалпына келтіру емі, паллиативтік көмек, мейіргерлік күтім, герантология және гериартрия, кәсіптік аурулар, радиациялық медицина мен экология мәселелері. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру. Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі қызмет бейініне сәйкес медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі штаттан тыс мамандармен өзара байланысты жүзеге асыру. Халыққа стационарлық медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс  топтарының жұмыстарына қатысу. Ауруханалық сектор ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, талдау және жоспарлау. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша конференцияларды, семинарларды, симпозиумдар мен кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Азаматтардың хаттарымен жұмыс істеу. Материалдық-техникалық жарақтандыру  және ведомстволық бағыныстағы республикалық ұйымдарды және деңгейлер бойынша өңірлердің МҰ-ларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігі нормативін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше мамандығы бойынша біліктілік санатының немесе денсаулық сақтауды ұйымдастырушы бейіні бойынша біліктілігін арттыру сертификаттарының болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

27.            Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық білім және ғылым басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (2 бірлік, 1 – негізгі қызметкердің оқу демалысының кезеңіне, 01.09.207ж. дейін)

Функционалдық  міндеттері: Басқарма сарапшыларының қызметін үйлестіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым жағдайы бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым саласында негізгі заң актілерін, нормативтік құқықтық құжаттарын және бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру. Медициналық және фармацевтикалық білім  және ғылым мәселелерін жетілдіру бойынша медицина және фармацевтика білім және ғылым ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау, инновациялық әзірлемелердің практикалық енгізу нәтижелерін талдау, мониторингілеу бойынша іс-шараларды іске асыру.  Медициналық және фармацевтикалық білімді және ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша кеңестерді, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік  корреспонденциямен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Денсаулық сақтау ұйымдарына жаңа медициналық технологиялардың трансферті бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру (бірегей технологиялар).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі)  немесе білім (биология, химия) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

28.            Ғылым және адами ресурстар департаменті адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Басшылық шешімдерін ресімдеу, ісқағаздарын жүргізу.  Дипломнан кейінгі білім беру, адами ресурстарды дамыту, денсаулық сақтаудағы менеджмент саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Сала кадрларының жағдайын талдау. Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтерін және үлгілік штаттарын әзірлеу және жетілдіру. Саланың лауазымдар номенклатурасын және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және жетілдіру. Медицина кадрларына қажеттілікті айқындау. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды дипломнан кейінгі даярлаумен, біліктіліктерін арттырумен айналысатын ұйымдардың қызметін талдау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді талдау және мониторингі. Медицина және фармацевтика кадрларын дипломнан кейінгі даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу. Медицина және фармацевтика кадрларының қосымша және дипломнан кейінгі білімін талдау және мониторингілеу. Денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді басқару технологияларын енгізуді талдау. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімге қажеттілікті айқындау және мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру. Дипломнан кейінгі даярлаумен айналысатын ұйымдарды кешенді тексеруге қатысу. Дипломнан кейінгі даярлау, адами ресурстарды дамыту және денсаулық сақтаудағы менеджмент мәселелер бойынша министрліктермен және ведомстволармен өзара  іс-қимыл жасау. Қазақстандық мамандардың шетелде қайта даярлануын және біліктіліктерін арттыруын ұйымдастыру. Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне материалдар дайындау, қызметтік хат-хабарларлармен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, педиатрия, емдеу ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит) мамандықтары бойынша жоғары білім,  мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

29.           Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті медициналық қызметтердің сапасын реттеу басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (30.06.2016ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын аккредиттеу саласында ұлттық саясаттың әдістемелік негіздерін айқындау: аккредиттеу алдындағы дайындықты, сыртқы кешенді бағалау, медициналық ұйымдардың өзін-өзі бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторингі өткізудің әдістемелік тәсілдерін жаңғырту; қолданыстағыны жетілдіру және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңа стандарттарын әзірлеу; медициналық ұйымдардың қызметін аккредиттеуден кейінгі кезеңде бағалау индикаторларын әзірлеу және жетілдіру; денсаулық сақтау саласында аккредиттеу мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу. Аккредиттеу мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының әлеуетін жоғарылату: медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша мамандарды оқытуда негізгі бағыттарды әзірлеу; медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша мамандарды оқытуға қатысу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуге қатысу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу. Медициналық қызметтердің сапасын басқару мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау бойынша сауалнама жүргізу әдісін әзірлеу және жетілдіру. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтің сапасын басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзіреті шегінде қара. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқаларды өткізу және ұйымдастыру. Орындаушылық және еңбек тәртіптерін ұстану, мамандардың жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару)  немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істей білу.

 

30.           Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтауды қаржыландыру саясаты, стационарлық медициналық қызметтерді стандарттау, денсаулық сақтауға қоғамның ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету тетіктері және медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелері бойынша нормативтік актілерді жетілдіру бойынша әзірлеу және ұсыныстарды енгізу бойынша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау. Заңнаманы жетілдіруге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, денсаулық сақтау стандарттарын және денсаулық сақтау бюджетін құруға әзірлеуге қатысу. Саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламентіне анықтама, материалдар дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, хаттарды және азматтардың өтініштерін қарау, олардың іске асырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, дәрігерлік емдеу ісі, стоматология, педиатрия) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

31.           Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығы мониторингі және талдау басқармасының  бас сарапшысына,  С-4 санаты (04.01.2019ж. дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстың кезеңіне ) 

Функционалдық  міндеттері: Еңбек нарығы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау және нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобасын әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың басқарма құзырына кіретін мәселелер жөніндегі хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау,  басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ақпараттық-талдамалық материалдарды, ортамерзімдік кезеңге кадрлар сұранысының болжамын дайындау, ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары бойынша жалпыұлттық деректер базасын құру, еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізу, талдау және болжам жасау жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек нарығының даму мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның даму перспективалары жөнінде ұсыныстар дайындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, халықаралық қатынастар, экономика және бизнес (экономика, қаржы есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика) немесе білім (математика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

32.            Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын сараптау және кейіннен сүйемелдеу,  Министрлік әзірлеген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына талдау жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

33.  Қаржы департаменті жиынтық жоспарлау, қаржыландыру және мониторинг басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты

Функционалдық  міндеттері: Министрліктің алдағы қаржы кезеңіне, сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау/түзету кезінде ағымдағы кезеңге жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын қалыптастыру. Министрліктің Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімін қалыптастыру және оның орындалуы бойынша жиынтық есеп жасау. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды, Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды және көрнекі ақпараттарды дайындау. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді  білуі, Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйесіменжұмыс істей білу.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Әңгімелесуді өткізу мерзімдері құжаттарды қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады;  әңгімелесуді өткізу орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, № 5 кіреберіс, 928-кабинет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуы жоспарланып отыр. 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

19 сәуір, 2016 - 20:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші