check

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы

ЕСЕП

 

 

1. Жалпы ережелер

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік қызметтер халыққа орталық және жергілікті деңгейлерде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – МФҚБК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МФҚБК департаменттері), Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі – МҚАТКҚ) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МҚАТКҚ департаменттері), Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың жергілікті атқарушы органдары қызмет көрсетушілер болып табылады. 

Министрліктің миссиясы: Қазақстан азаматтарының денсаулығын мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және жүзеге асыру, денсаулық сақтау облысында көрсетілетін қызметті салааралық үйлестіру және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен жақсарту. Еңбек құқықтарын қорғау, өнімді жұмыспен қамтуға және халықтың жағдайын артыруға көмек көрсету.

2015 жылғы ақпандағы енгізілген өзгертулер есебімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында жеке және заңды тұлғаларға 65 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде ОМО – 27, ЖАО – 36 көрсетіледі, ОМО және ЖАО – 2 қызмет көрсетіледі.

Бұнда әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер ақысыз көрсетіледі, денсаулық сақтау саласында – 7 мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, 2 қызмет ақылы да және ақысыз да негізде көрсетіледі (4, 5 Кестелер).

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес ағымдағы уақытта 64 мемлекеттік қызметтің стандарттары:

  • Әлеуметтік еңбек саласында – 32 стандарт ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен;
  •  Денсаулық сақтау саласында – 32 стандарт Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293, 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293, 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272, 2015 жылғы 28 сәуірдегі №297, 2015 жылғы желтоқсандағы № 1046 бұйрықтарымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1189 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі жаңа «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметімен толықтырылды, стандарт жобасы жария талқылаудан өтті және келісу барысында.

Жалпы мәліметтер

 

Қызметтер саны

Қызметтер көрсетіледі

(орталық деңгей)

Барлығы

ОМО

ЖАО

ЖАО/ОМО

ОМО

ХҚКО

ОМО/ХҚКО (балама)

ЕХӘҚМ

32

12

20

0

4

1

7

ДСМ

33

15

16

2

16

0

1

Барлығы

65

27

36

2

20

1

8

 

 

Электрондық форматтағы қызметтер саны

Өтініштер саны (ОМО қызметтері)

Мерзімі бұзылғандар саны (ОМО қызметтері) 

Барлығы

ОМО

ЖАО

ЕХӘҚМ

14

8

6

1

3

ДСМ

20

13

7

-

0

Барлығы

34

21

13

1

3

 

Қызметтер статистикасы

 

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

Әлеуметтік еңбек саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

5 973 607

5 633 112

оның ішінде ХҚКО арқылы

9 350

8 283

оның ішінде электронды

4 586 040*

4 008 423*

Денсаулық сақтау саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

152 627

148 454

оның ішінде ХҚКО арқылы

398

4

оның ішінде электронды

86 626

125 883

Барлығы

 

Көрсетілген қызмет саны

6 126 234

5 781 566

оның ішінде ХҚКО арқылы

9 748

8 287

оның ішінде электронды

4 672 666

4 134 306

*-оның ішінде жартылай автоматтандырылған қызметтер, өтініштер 2012 ж. -50814, 2013 ж.- 9241, 2014 ж. – 7914, 2015ж – 9 606.

 

2. Әлеуметтік еңбек саласы:

 

Орталық деңгейдегі қызметтерді Министрлік көрсетеді. Осы мақсаттарда Министрліктің жанында – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті және әр облыста оның аумақтық департаменттері бар.

2015 жылы азаматтардың құжаттарын қабылдау Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен жүргізілді, ол қызметті іске асыруда,  халыққа әлеуметтік салада қызмет көрсету бойынша өзінше орталық болып табылады, облыстарда филиалдары мен әрбір ауданда (қалада) бөлімшелері бар. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес ЗТМО жаңадан құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді.

 

2015 жылы Министрліктің барлық қызметтері бойынша құжаттарды қабылдау қызмет алушының таңдауы бойынша баламалы негізде ЗТМО немесе ХҚО арқылы іске асырылады.

 

Мемлекеттік қызметтердің Тізіміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қызметтердің 32 түрі көрсетіледі (1 кесте), олардың ішінде:

- орталық деңгейде 12 қызмет;

- жергілікті деңгейде – 20 қызмет.

Ережеге сәйкес, жергілікті деңгейдегі қызметтерді ауданның (қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелері көрсетеді.

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында 32 мемлекеттік қызмет стандарты 2015 жылғы 28 сәуірде жаңа редакцияда бекітілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 279 бұйрығы) және халыққа тегін көрсетіледі.    

      

Министрліктің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығымен құзыреті бойынша мемлекеттік қызметтердің 12 регламенті бекітілді.

 

Орталық деңгейдегі қызметтер. Министрлік көрсететін 12 қызметтің ішінен:

- қызметтің 7 түрі үшін тұтынушылар құжаттарымен өз таңдаулары бойынша ХҚКО-на немесе ЗТМО-ға өтініш білдіре алады;

- 1 қызмет тікелей ХҚКО арқылы көрсетіледі;

- 4 қызмет өз ерекшелігіне қарай тек мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі;                  

-  азаматтың ЭЦҚ болған жағдайда 7 қызмет бойынша электрондық үкімет порталынан тағайындалған жәрдемақының мөлшері туралы ақпаратты алу мүмкіндігі іске асырылды;

-  3 қызмет толығымен автоматтандырылды және электронды үкімет порталында қолжетімді (1-кесте).

Жергілікті деңгейдегі қызметтер. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін 20 қызметтің ішінен:

- 15 қызмет бойынша тұтынушылар құжаттарымен өз таңдаулары бойынша ХҚКО немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесіне өтініш білдіре алады;  

- 5 өз ерекшелігіне байланысты тек мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі;

- 6 қызмет толығымен автоматтандырылған және электрондық үкімет порталында қолжетімді (2-кесте).

Министрлік қызметтерінің сұранысқа ие болуы туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет алушылар санының жылдық өсімі, олардың әлеуметтік бағытын есепке ала отырып, халық арасында олардың сұранысқа ие екенін расстайды. 2015 жылы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына 5,6 млн. астам адам немесе 2013 жылмен салыстырғанда 17,9% артық өтініш білдірді.

Соңғы 3 жылда қызмет алушылардың саны 2,2 есеге өсті.

Сұранысқа барынша ие қызметтердің ішіне мыналар кіреді:

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» - осы қызметке өтініш білдірушілердің саны төрт жүз мыңнан аса адамды құрады. Аталған қызмет ана мен баланы қолдау әлеуметтік жүйесіне кіреді. Халық арасында оның сұранысқа ие болуы кездейсоқ емес. Республикада 2006 жылдан бастап балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі енгізілді. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, онда бала тууына байланысты тағайындалатын, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты – табысына байланысты емес барлық отбасыларға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында аталған жәрдемақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылды. Мәселен, 2006 жылмен салыстырғанда төрт немесе одан көп бала туғанда төленетін жәрдемақы 2015 жылы 6 есеге өсті және 103 758 теңгені құрады; бірінші, екінші, үшінші бала туғанда – 4 есеге немесе 62 255 теңге; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақының ай сайын артуының орташа мөлшері 3,8 еседен артық – 2015 жылы оның мөлшері: бірінші балаға – 11 417 теңгені; екінші балаға – 13 498 теңгені; үшінші балаға – 15 559 теңгені; төртінші және одан көп балаға – 17 640 теңгені құрады.

Сонымен қатар, көп балалы отбасылардың мәртебесін және олардың демографиялық жағдайды жақсартудағы рөлін арттыру мақсатында ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:

- «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, I және II дәрежедегі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға (енгізілген уақыттан бастап (1999 жыл) 2015 жылмен салыстырғанда жәрдемақының мөлшері 9,3 есеге өсті (1 365 теңгеден 12 685 теңгеге дейін);

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді (енгізілген уақыттан бастап (1999 жыл) 2015 жылмен салыстырғанда жәрдемақының мөлшері 6,1 есеге өсті (1 365 теңгеден 8 306 теңгеге дейін).

Ай сайынғы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» мемлекеттік қызметін республикада 2015 жылы 95 мың адам алды.

Статистикаға сәйкес 2015 жылы көп балалы ана ретінде марапатталып  жәрдемақы алғандардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп және орташа есеппен 244 мың адамды құрады. Бұл көбінесе, жаңа тәртіппен марапатталған көпбалалы аналар.  

Қазақстанда 2005 жылы әлеуметтік қатердің үш түрін, атап айтқанда:

- еңбек ету қабілетінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жұмысынан айырылу жағдайына міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

2008 жылдан бастап, аталған тізімге ана мен баланы қолдауға төленетін жәрдемақылармен кеңейтілді, олар:

- жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты, жаңа туған балаларды асырап алу;

  - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты.

«Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемақылар тағайындау» қызметін алу үшін 501 мың адам өтініш білдірді.

Аталған қызметті алушылардың қатарының 70 %-дан астамын жұмыс істейтін аналар құрайтынын атап өту қажет. Тек 2015 жылдың өзінде жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем алу үшін шамамен 173 мың өтініші, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін 201,2 мыңнан астам аналар өтініштері қанағаттандырылды.

2010 жылдан бастап енгізілген «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі ата-анаға мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін беріледі және оның мөлшері ең төменгі жалақыға тең.

Балалы отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешені елдегі бала туу көрсеткішіне оң әсер етті. Осылайша, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар енгізілген уақыттан бастап (2003 жыл) қазіргі уақытпен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 60 %-ға жоғарылады.

Осылайша, Министрліктің қызметтері «балалы отбасылар» санаты арасында аса үлкен сұранысқа ие.

 

 «Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметі сұранысқа ие болып қала береді. Өткен жылы осы қызметтерге 5 млн. астам адам өтініш білдірді.

Мемлекеттік қызметтердің жоғары сұранысын ескере отырып, Министрлік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмысты жалғастыруда.

 

2.1. Қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық технологиялар кең қолданылады, ол арқылы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы, оның келешегі, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі және т.б. ақпарат алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы азаматтарды ақпараттауды арттыру үшін ақпараттық технологиялар қолданылады, олар арқылы әлеуметтік-еңбек саласын дамыту, олардың болашағы, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және тағы басқалар туралы ақпаратқа қолжетімдік алуға болады.

Интернет-ресурс (ИР), халықты жедел хабардандыруға және өзекті мәселелер бойынша кері ақпарат алуға мүмкіндік беретін маңызды бұқаралық ақпарат құрал болып табылады.

Бүгінгі күні ИР ақпараттық кеңістік субъектілерінің ажырамас және маңызды құрамдас ақпараттық-идеологиялық жұмысы болып қалыптасты.

Қазіргі кезде Министрліктің «веб-порталының»: ыңғайлы дизайны мен құрылымы бар; сайтты әр түрлі функциялар мен материалдарға шектеулі рұқсатпен интуициялық-түсінікті басқару жүйесі енгізілді; интернет желісіне тиімді қорғаныс пен веб-порталдың интеграциясы қамтамасыз етілген; Министрліктің облыстық құрылымдарын ақпараттық қолдау қамтамасыз етілген; нашар көретін адамдарға арналған нұсқа іске асырылды.  

2014 жылы Министрліктің веб-порталына түскен өтініштердің саны 6 мыңнан асып түсті.

Сайтқа кірушілердің объективті рейтингін алу үшін екі есептеуіш орнатылған: қазақстандық - zero.kz және ресейлік - mail.ru. 

Министрліктің ИР күннен күнге сайтқа кірушілер рейтингісінің артуы қуантарлық жағдай. Біздің ИР бүгінгі күні zero.kz  рейтингінде  «мемлекет және қоғам» санатында тіркелген ең кірушілері көп ИР мемлекеттік органдардың 5-тігіне кіреді және mail.ru рейтингінде әр елдің 876 интернет-ресурстарының ішінде 6 орынға ие, ал қазақстандық ИР-дің ішінде mail.ru-да – бірінші орында.

Бұдан басқа, Министрліктің сайтында электрондық форматта Министрліктің мемлекеттік қызметтерін пайдалану жиілігі мәселесі және электрондық қызметтердің толықтығы мен қолжетімділігіне қанағаттанушылық бойынша сайтты пайдаланушыларға сауалнама жүргізу қарастырылған.

Сауалнама 2 мәселені қамтиды:

Мемлекеттік қызметтерді Сіз электронды түрде жиі қолданасыз ба?

Электронды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың толық және қолжетімді екендігіне Сіз қанағаттанасыз ба?

Егер сауалнаманың нәтижесін (29.04.2016ж.) қарастыратын болсақ, сайлауға қатысқандардың  52% қызметтің электрондық түрімен «айына бір рет» қолданатынын, ал 41%-ы электрондық қызметтер туралы ақпараттың толық және қолжетімді екеніне қанағаттанатындығын және тағы 20% -жартылай қанағаттанатындығын айтты.

2015 жылы Министрлікпен бірқатар өзгерістер енгізілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жобасына сәйкес әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау бойынша Министрлікпен жұмыс атқарылды. 32 стандарт жобалары азаматтар үшін «электрондық үкімет» веб-порталында, Министрлік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында қолжетімді болды.

Бұқаралық жария талқылау барысында Министрлікке мемлекеттік қызметті пайдаланушылардан 3 ұсыныс келіп түсті, олар қабылданбады Олар:

– жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша қызметті электрондық форматқа ауыстыруға қатысты – қызметтің арнайылылығын ескеріп, бұл мүмкін емес;

– жұмыссыз ретінде тіркеу бойынша қызметті электрондық форматқа ауыстыруға қатысты – бұл қызмет «электрондық үкімет» порталы ақрылы ұсынылады;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны тағайындау үшін үшінші тұлғалармен сенімхатты нотариат куәландыруынсыз ұсыну мүмкіндігіне қатысты – бұл талап өтініш иесіне қиянат жасау ниетімен ақпаратты бұрмалап беру фактісінің алдын алу, оның құқығын қорғау және сенімхаттың түпнұсқа екеніне күмән тудырмау мақсаттарында арнайы белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері стандарттарының жобаларын бұқаралық жария талқылау аяқталғандығы жөніндегі есеп министрліктің www.enbek.gov.kz интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылды.

Осы бөлімде азаматтар үшін арнайы әзірленген көрсетілетін қызметтердің паспорттарында берілген мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігінің орындары мен дерек көздері туралы ақпарат қол жетімді.

Келесі ақпараттық ресурс Ақпарттық-анықтамалық орталық «Байланыс-орталығы» 2011 жылы енгізілді. Бірыңғай қысқа 1411 нөміріне тегін қоңырау шалып, қызықтырушы сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қазақстан Республикасының барлық телефон нөмірлерінен және ұялы байланыс операторларынан қоңырау шалу тегін. Телефон қоңырауынан бөлек, СМС хабарлама, электрондық пошта, ресми сайт және  WEB, WAP порталдары арқылы Байланыс-орталығына жүгіну мүмкіндігі іске асырылған.

2015 жыл бойы 373 938 азаматтар өтініштері қабылданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артық. Оның ішінде: 1411 телефонына өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 63%-ға, SMS – 44%-ға, e-mail, web, wap-порталдар – 28%-ға артты.

Халықты қызықтыратын сұрақтардың барлығы дерлік Министрліктің мемлекеттік қызметтерді көрсетуімен байланысты.  

 

 

2.2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері туралы Мемлекеттік қызметтер бойынша НҚА жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылды және мемлекеттік                      көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында нәтижесі ретінде  2015 жылғы 17 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Заң аясында төмендегілер қарастырылды және мемлекеттік қызмет стандарттарына келесі өзгерістер енгізілді:

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін қысқарту бойынша келесі 6 мемлекеттік қызмет бойынша: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау», «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау», «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу», «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»;

- «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша баламалы негізде  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы еңбекке қабілеттілігін жоғалту,  бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуәлеуметтік төлемдерін тағайындау барысында;

- композиттік қызметті енгізу бойынша: Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметтердің мүгедектерге қол жетімділігін қамтамасыз етуді жақсарту үшін 2016 жылғы қаңтардан бастап композиттік қызмет енгізілді: Өтініш иесі МӘЭ бөлімшесіне жүгінген кезде, алғаш мүгедектікті анықтау және жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша қызметті алумен қатар, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға, еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты арнайы мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерге өтініш бере алады. Бір өтініш бойынша бірнеше мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін алу, ЗТМО, ЕӘҚжКК аумақтық департаменттерінің МӘС бөлімшелері арасында ақпараттық жүйелерді жетілдіру есебінен қол жеткізіледі.

Қызметті алушылардың көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттанушылығын одан әрі арттыру мақсатында  Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру бойынша 10 нақты қадам баяндалды, сәйкесінше Жол картасы әзірленді және бекітілді. 2015 жылғы 12 наурыздағы Жол картасы аясында «ЗТМО» РМҚК, «ХҚКО» РМК және «Қазпошта» АҚ арасында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өзара келісім және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.                     Жедел ХҚКО қалыптастырылды, оның құрамына барлығы 830 маман кірді. Сонымен қатар, ЗТМО шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Жедел ХҚКО жұмысына қатысты                        ОРТ-Еуразия-1 республикалық маңызы бар телеканалында баяндамасы көрсетілді.

Есептік кезеңде жедел топ сапары 4 мың шалғай елді мекендерде өткізілді, ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру материалдарымен қамтамасыз етілді, өтініштердің саны 15 мыңды құрады (зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша – 2700 мемқызмет көрсетілді, деректерді өзгерту мен т.б. қабылданған құжаттар – 3 156; кеңес – 9 773 азаматқа көрсетілді).

Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап 8 мемқызмет бойынша ЗТМО қызметті алушының ұялы телефонын sms-хабарлама жолдау жолымен мемқызметтерді көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы қызметті алушыларды ақпараттандыру жағдайын жақсарту шаралары қарастырылған.  Есептік кезеңде 480 мың төлемдер бойынша sms-хабарлама жолданды.

Барлық  медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде, сонымен қатар ЗТМО ірі бөлімшелерінде видеобақылау жүйесі орналастырылған – бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер аясында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған шаралар

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық департаменттеріне, сонымен қатар, ЗТМО бөлімшелерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату мақсатында жүйелік түрде шаралар жүргізіліп отырады.

Өткен жылы  көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату мақсатында Комитеттің аумақтық департаменттері мен облыстық ЗТМО филиалдарының қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Жаңартылған Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында 2 селекторлық кеңес өткізілді.

Сонымен қатар Комитеттің аумақтық департаменттеріне электрондық қызметтерді көрсету туралы ұсынымдар жолданды.

Медициналық-әлеуметтік қызметтің бір терезесін ендіру аясында 2015 жылғы 8-нен 10 желтоқсанға және 2016 жылғы 13 ақпанда «ЗТМО» РМҚК әзірлеушілерімен тестілеу базасында ЕӘҚжКК аумақтық департаменттерінің МӘС бөлімшелерінің мамандарын оқыту тестілеу базасында жүргізілді. Оқыту мақсаты: жаңғыртылған «ЦБДИ» АЖ бойынша жұмыс, Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мүгедектігі бойынша МӘК, АӘК тағайындау, еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдер» композиттік қызметін көрсету бөлігінде. Оқытудан барлығы 320 адам өтті.

Жыл сайын «ДСӘДМ біліктілігін арттыру курсы» ММ біліктілігін арттыруды Министрліктің ведомствоға қарасты ұйымдарының қызметкерлері өтеді. 2015 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комиттетерінің аумақтық бөлімшелерінің 164 маманы, соның ішінде  медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша және медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімдерінің 25 басшы орынбасары, 139 маманы оқытылды және тестілеуден өткізілді. Оқыту бағдарламасына келесі тақырыптар кірді: «арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында бақылаужы жүзеге асыру тәртібі»; «Медициналық-әлеуметтік-сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» және т.б.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптары бұзушылығының алдын алу мақсатында 2015 жылы өңірлерде ЗТМО облыстық филиалдарымен 4476 техоқыту, 3482 семинар-кеңес, дөңгелек үстел, брифинг, конференциялар өткізілді.

«Менің Қазақстаным» поезы акциясы аясында (23.03.-10.04.2015 ж.) өңірлерде «ЖҚЖК-2020»  іске асыру және «Еңбекпен қамту туралы» ҚР жаіа Заңы шыққанға дейінгі кезеңде жұмыспен қамту бөлімдері мен ЖҚО жұмысы мәселелері бойынша 7 семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте жұмыспен қамту және қалалар мен аудандардың ЖҚО 300-ге жуық маман қатысты.

Сондай-ақ, а.ж. 19 наурызынан 1 сәуіріне дейін ауыл округтері мен жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерін дистанционды оқыту өткізілді.

Оқыту бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды: ЖҚЖК 2020 бағдарламасымен таныстыру, Жол картасы 2020 бойынша жаңартулар, жаңалықтар, түзетулер және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік құжаттардағы өзге өзгерістер.  Қолданыстағы 2441 ауыл округтері әкімдерінен оқыту курсынан 2383 әкім өтті, яғни 98%. Сонымен қатар оқытумен 1804 адам қамтылды. Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары, ол ЖҚО жалпы штаттағы мамандарынан 100% құрады.

2015 жылғы 3-тен 7 тамызға дейін Астана қаласында «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курстары» ММ-сі базасындағы 2015 жылғы 5 мамырдағы кестеге сәйкес көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың көші-қон басқармалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру өткізілді. Семинарға 15 өңірден 18 тыңдаушы қатысты. Семинарда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары А.Қаржаубаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына сәйкес «Шетел жұмыс күшін тарту және этникалық және ішкі көші-қон саласындағы жаңа тетіктерді енгізу туралы» мәселелерді атап өтті.  

2015 жылы ЖАО аз қамтылған отбасыларға АӘК уақытылы төлемдермен қамтылды. 2014 жылдан бастап үш басымды өңірдешартты ақшалай төлемдерді ұсыну жолымен АӘК жаңа моделін енгзу сынақтан өткізілуде, ол олардың еңбек мотивациясын күшейтуге, еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтардың еңбек әлеуетін күшейтуге және нәтижесінде тұрақты еңбек кірістерін алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта республиканың барлық аумағында әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмекті ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сапалы шартты ақшалай көмек көрсету мақсатында, ЖҚжӘББ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп бағдарланған семинарлар, түсіндіру кездесулері, сонымен қатар «»Әлеуметтік көмек және қолдау көрсету жүйесін жетілдіру» зерттеуін жүргізу жөніндегі техникалық тапсырмаға сәйкес Норвегияға және Самараға оқыту сапарлары ұйымдастырылды.

2015 жылғы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы базасында өңір қоғамдық қауымымен кездесу өткізілді, онда «»Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы презентацияланды, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

        

 

2.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бақылау туралы

2015 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетімен Қостанай, Ақмола облыстарында және Астана қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен уақытылы ұсынылуына, уақытылы төленуіне, медициналық әлеуметтік сараптаманың жүргізілу тәртібі мен мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты ішкі бақылау шаралары аясында методологиялық тексерулер жүргізілді. Аумақтық департаменттер мен ЗТМО бөлімшелері тексерулер барысында анықталған ұсыныстардың орындалуы бойынша ақпарат Министрліктің 2015 жылғы 18 ақпанында өткен қорытынды алқа отырысында қаралды.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігіның  2016 жылғы 16 шілдедегі № 35 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингісі тоқсан сайын жүргізіледі.

Есептік кезеңде өзін ұстау этикасын сақтамағаны үшін көрсетілетін қызметті алушыдан 1 шағым тіркелді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу – 3 (3 кесте). Кінәлі қызметшілерне қатысты тәртіптік жазалар түрінде шаралар қабылданды: ескертулер – 2, сөгіс – 3.

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер істері министрлігімен жүргізілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалаудың 2015 жылы қорытындысы бойынша Министрлікке 53,59 балл берілді, бұл 2014 жылғы бағалау қорытындысымен салыстырғанда 20,1 баллға аз.

         Бағалауға критерийлеріне «мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ектеуліктерді сақтау» көрсеткіші енгізілгенін ескерсе, баллдарды жоғалтудың негізгі себебі министрліктің бастамасы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жауапкершілікке тарту фактілерінің жоқтығы болды. 2016 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына ішкі тексеру жүргізу мақсатында бақылау іс-шараларының жоспары бекітілген. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметтерін автоматтандыру дәрежесі енгізілгенін ескергенде баллдарды жоғалтудың негізгі себебі жергілікті деңгейдегі жеке қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың болмауы, алайда, бұл ең алдымен осы әлеуметтік қызметтердің арнайылығына байланысты. Осымен қатар, жеке жағдайларда кейбір қызметтер бойынша (мемлекеттік қызметтер көрсету үшін мемлекеттік органдардан мәліметтер алу үшін Министрліктің ақпараттық жүйесінің дайындығына қарамастан) кейбір мемлекеттік органдар толыққанды интеграциялауға дайын емес болып отыр, бұл өз кезегінде тиімділеу және автоматтандыру процессін тоқтатады.

        

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қоғамдық мониторингтеу қорытындылары.

         Есептік кезеңде «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде мониторингпен әлеуметтік-еңбек саласындағы мынадай қызметтер қамтылды: «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»; «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».

         Тиісті ұсынычтар берілді. Мониторингтің жеке қорытындыларын келтіреміз.

 

         1) «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу», барлығы 250 респонденттер сұралды.

 

ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАР САУАЛНАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Қызметке жалпы қанағаттанушылық – 10 балдық шәкіл бойынша 7,7 балл.

Қызметтер өлшемінің орташа бағалары

Өлшемдер

Орташа

1. Қолжетімділік   

7,8

2. Сапа 

6,8

3. Рәсім (қызметтің қағаз нысаны)

7,9

4. Ақпарат

7,8

5. Қызмет нәтижесі

8,4

6. Электрондық нысаны (қызметтің электрондық  нысаны)

-

Жалпы қанағаттанушылық

7,7

Мемлекеттік қызметті алу  үшін орташа күту уақыты  (топ бойынша орташа)

 

Мемлекеттік қызметтер нәтижелерін күту уақыты

Нәтижені алу кезінде  кезек күту уақыты

Қызмет бойынша орташа деректер

10 күн

32 минуты

 

Сапасының құрамдас көрсеткіштері бойынша  орташа баллдар

Көрсеткіштер

Орташа балл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТПЕН ҚАНАҒАТТАНУ ОРТАША БАЛЛЫ

7,7

Қызметтің қолжетімділігі

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеменің қолайлы орналасуы

7,8

Мемлекеттік қызметті тұрғылықты жер бойынша алу мүмкіндігі 

7,7

Мекеменің жұмыс кестесі

7,6

Қызмет көрсету мерзімдері 

7,8

Қызметтер техникалық күрделілігі 

7,9

Қызмет алушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан

7,9

Байланыстардың, таныстықтың жоқтығы

7,9

Екі тілде  қызмет алудың қолжетімділігі 

8,4

Сапасы

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету  сапасына қанағаттану

7,8

Мекеменің үй-жайындағы тазалық

6,1

Үй-жайды безендіру

6,1

Мемлекеттік қызметтер алу процесінде компьютерлер мен жабдықтардың жұмысы

7,6

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін күтуге арналған үй-жайдың қолайлы болуы

7,6

Персоналдың  сыртқы келбеті

6,1

Мекеме қызметкерлерінің сыпайылығы, әдептілігі мен қайырымдылығы

7,8

Барлық мамандардың құзыреттілігі мен кәсібилік деңгейі

6,1

Осы мекеме қызметкерлерінің өз регламентінен тыс келушілерге күрделі өмірлік жағдайларда көмектесуге ұмтылуы

6,5

Қызмет көрсету жылдамдығы 

6,6

Осы мекеме қызметінің  нәтижелілігі 

6,9

Өз пікірін білдіру мүмкіндігі, шағымдану

7,7

Қызмет көрсету тілінің сапасы

6,1

Рәсім (қағаз пішімінде)

 

Рәсімдердің анықтығы, түсінікті болуы

8

Осы мекемедегі қызметтердің ассортименті 

7,9

Қызметті электрондық түрде алу қалауы

7,7

Қажетті құжаттар санының негізделуі

7,8

Құжаттарды толтыру және беру қарапайымдылығы

7,8

Құжаттарды толтыру және беру тілі (бланкілердің екі тілде болуы)

8,4

Қызметтер алу кезінде персоналмен байланыс кезінде қызмет көрсету тілі

8,5

Бару қажет инстанциялар (кабинеттер, органдар) саны

7,6

Қызметтер көрсету кезінде қызметкерлердің қарым-қатынасы мен құзыреттілігі 

8

Кезек күту уақыты

7,7

Қызметтер көрсету мерзімдері 

7,8

Ақпарат

 

Осы мекемеде ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат (стендтің, анықтамалық ақпарат, консультанттың, буклеттің және басқа жарнамалық материалдардың болуы) 

7,9

Қызмет туралы ақпарат берілетін тіл

8,3

Осы мекеменің телефон бойынша қызметтері туралы ақпарат алу мүмкіндігі   

7,9

Осы мекеменің интернет бойынша қызметтері туралы ақпарат алу мүмкіндігі

7,2

Үй-жай есіктерінде ақпараттық көрсеткіштер мен көрсеткілердің болуы

7,9

Қызметкерлердің тарапынан  қосымша түсіндірмелер (қажет болған жағдайда)

7,9

Қызметтер нәтижесі

 

Қызметтер нәтижесіне қанағаттану 

8,8

Қызметтер көрсету стандарттарын сақтау 

7,9

Сыбайлас жемқорлықтың  белең алмауы

 

Бейресми сыйақыны пайдаланған (%)

0%

Жеке байланыстар мен таныстықты пайдаланған  (%)

3,6%

Шағым

 

Осы қызмет бойынша шағым жасау (%)

0,4%

 

Қызмет алушылардың түсіндірмелері:

Қызмет алушылардың 53,2%-ы орта деңгейде (қайда бару, не үшін бару қажеттігі әркез түсінікті емес, кабинеттер тым көп) бағалады, 41,2%-ы бұл көрсетілетін қызметке жоғары баға берді (барлығы нақты, клиенттер ағыны реттеліп отырады), 2,0% -ы – төмен деңгей (бей-берекетсіздік, кезек көп, у-шу, ештеңе түсініксіз) берсе, 3,6%-ы жауап беруге қиналады.

Қызмет алушылардың 80,4%-ы қызметті алу үшін кезек күтсе, қызмет алушылардың 16,4%-ы кезек күтпеген, 3,2%-ы жауап беруге қиналады. Орташа күту уақыты − 32 минут.

Қызмет алушылардың көпшілігі бұл қызмет түрін қолжетімді деп бағалаған. Басым көпшілігі ұсынылатын қызмет сапасына қатысты ескертпелер айтқан жоқ. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ескертпелер жоқ десе болады.

         2) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

 

ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАР САУАЛНАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қызметке жалпы қанағаттанушылық – 10 балдық шәкіл бойынша 7,9 балл.

Қызметтер өлшемінің орташа бағалары

Өлшемдер

   Орташа

1. Қолжетімділік   

7,8

2. Сапа 

8,2

3. Рәсім (қызметтің қағаз нысаны)

8,1

4. Ақпарат

7,6

5. Қызмет нәтижесі

8,2

6. Электрондық нысаны (қызметтің электрондық  нысаны)

-

Жалпы қанағаттанушылық

7,9

 

Мемлекеттік қызметті алу  үшін орташа күту уақыты  (топ бойынша орташа)

 

Мемлекеттік қызметтер нәтижелерін күту уақыты

Нәтижені алу кезінде  кезек күту уақыты

Қызмет бойынша орташа деректер

7 күн

30 минут

 

Сапасының құрамдас көрсеткіштері бойынша  орташа баллдар

Көрсеткіштер

Орташа балл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТПЕН ҚАНАҒАТТАНУ ОРТАША БАЛЛЫ

7,9

Қызметтің қолжетімділігі

 

Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеменің қолайлы орналасуы

7,7

Мемлекеттік қызметті тұрғылықты жер бойынша алу мүмкіндігі 

7,7

Мекеменің жұмыс кестесі

8,0

Қызмет көрсету мерзімдері 

8,1

Қызметтер техникалық күрделілігі 

7,9

Қызмет алушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан

7,7

Байланыстардың, таныстықтың жоқтығы

7,4

Екі тілде  қызмет алудың қолжетімділігі 

8,4

Сапасы

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету  сапасына қанағаттану

8,2

Мекеменің үй-жайындағы тазалық

8,5

Үй-жайды безендіру

8,4

Мемлекеттік қызметтер алу процесінде компьютерлер мен жабдықтардың жұмысы

8,2

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін күтуге арналған үй-жайдың қолайлы болуы

8,1

Персоналдың  сыртқы келбеті

8,4

Мекеме қызметкерлерінің сыпайылығы, әдептілігі мен қайырымдылығы

8,3

Барлық мамандардың құзыреттілігі мен кәсібилік деңгейі

8,2

Осы мекеме қызметкерлерінің өз регламентінен тыс келушілерге күрделі өмірлік жағдайларда көмектесуге ұмтылуы

8,0

Қызмет көрсету жылдамдығы  

8,1

Осы мекеме қызметінің  нәтижелілігі 

8,2

Өз пікірін білдіру мүмкіндігі, шағымдану

8,3

Қызмет көрсету тілінің сапасы

8,7

Рәсім (қағаз пішімінде)

 

Рәсімдердің анықтығы, түсінікті болуы

8,0

Осы мекемедегі қызметтердің ассортименті 

8,0

Қызметті электрондық түрде алу қалауы

8,0

Қажетті құжаттар санының негізделуі

8,0

Құжаттарды толтыру және беру қарапайымдылығы

8,1

Құжаттарды толтыру және беру тілі (бланкілердің екі тілде болуы)

8,4

Қызметтер алу кезінде персоналмен байланыс кезінде қызмет көрсету тілі

8,5

Бару қажет инстанциялар (кабинеттер, органдар) саны

8,0

Қызметтер көрсету кезінде қызметкерлердің қарым-қатынасы мен құзыреттілігі 

8,1

Кезек күту уақыты

7,9

Қызметтер көрсету мерзімдері 

8,1

Ақпарат

 

Осы мекемеде ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат (стендтің, анықтамалық ақпарат, консультанттың, буклеттің және басқа жарнамалық материалдардың болуы) 

7,6

Қызмет туралы ақпарат берілетін тіл

7,9

Осы мекеменің телефон бойынша қызметтері туралы ақпарат алу мүмкіндігі   

7,3

Осы мекеменің интернет бойынша қызметтері туралы ақпарат алу мүмкіндігі

7,3

Үй-жай есіктерінде ақпараттық көрсеткіштер мен көрсеткілердің болуы

7,8

Қызметкерлердің тарапынан  қосымша түсіндірмелер (қажет болған жағдайда)

7,7

Қызметтер нәтижесі

 

Қызметтер нәтижесіне қанағаттану 

8,1

Қызметтер көрсету стандарттарын сақтау 

8,2

Сыбайлас жемқорлықтың  белең алмауы

 

Бейресми сыйақыны пайдаланған (%)

1,2%

Жеке байланыстар мен таныстықты пайдаланған  (%)

2,4%

Шағым

 

Осы қызмет бойынша шағым жасау (%)

0,8%

 

Қызмет алушылардың түсіндірмелері:

Қызмет алушылардың 47,6%-ы бұл көрсетілетін қызметке жоғары баға берді (барлығы нақты, клиенттер ағыны реттеліп отырады т.б), 42,0%-ы орта деңгейде (қайда бару, не үшін бару қажеттігі әркез түсінікті емес, кабинеттер тым көп) бағалады,  3,2%-ы – төмен деңгей (бей-берекетсіздік, кезек көп, у-шу, ештеңе түсініксіз) берсе, 7,2%-ы жауап беруге қиналады.

Қызмет алушылардың 79,6%-ы қызметті алу үшін кезек күтсе, 11,6%-ы кезек күтпеген, 8,8%-ы - жауап беруге қиналады. Орташа күту уақыты – 30 минут.

Қызмет алушылардың көпшілігі осы қызмет түрін қолжетімді және қажетті деп санайды,  респонденттер қызмет сапасы мен  рәсіміне қатысты қандай да бір маңызды түсіндірмелер берген жоқ. 

Министрлікпен қызметтер көрсету кезінде әкімшіліктік кедергілерді төмендету бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын тудыратын жағдайларды болдырмау шаралары қабылданатынын атап өту қажет.

 

3. Денсаулық сақтау саласы

Мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға              2015 жылы денсаулық сақтаудың 32 қызметі ұсынылды, оның ішінде орталық деңгейде 14 қызмет, медициналық қызметте – 9 қызмет, фармацевтикалық – 5, жергілікті деңгейде – денсаулық сақтаудың 16 қызметі, 2 қызмет «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» орталық және жергілікті деңгейде көрсетілді.

Жергілікті деңгейдің қызметтері, сәйкесінше өңірдің денсаулық сақтау басқармаларымен және олардың ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарымен көрсетіледі.

2015 жылы Министрлікпен 32 мемлекеттік қызмет стандартталды, ақпанда Тізбеге енген (31 қызмет) және 2015 жылғы қыркүйекте енген (1 қызмет), олар келесі нормативтік құқықтық актілермен бекітілген:

- Медициналық қызмет саласындағы қызметтер стандарттары –  ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №294 бұйрығымен бекітілген;

- Фармацевтикалық қызмет саласындағы қызметтер стандарттары – ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №293 бұйрығымен бекітілген;

- Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер стандарттары – ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 және 2015 жылғы 28 желтоқсандағы  № 1046 бұйрықтарымен бекітілген;

- «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» қызметінің стандарты ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №297 бұйрығымен бекітілді.

2015 жылғы 31 желтоқсанда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі фармацевтикалық қызмет саласындағы бір жаңа қызметпен «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» толықтырылды және медициналық қызмет саласындағы 3 қызметтің атаулары өзгертілді, олар «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру», «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру», «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу».

Осылайша, 2015 жылдың қортындылары бойынша денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер тізілмінде 33 қызмет регламенттелді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер регламенттерін қызмет берушілер әзірлейді. Регламенттер мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілген күннен бастап бір ай ішінде бекітіледі.

Министрліктің құзіретіне 2015 жылы мемлекеттік қызметтердің 16 регламентін әзірлеу кірді, оның ішінде медициналық қызмет саласында –  10, фармацевтикалық -5, білім -1, олар келесі нормативтік құқықтық актілермен бекітілген:

- Медициналық қызмет саласындағы регламенттер – ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 28 мамырдағы №401 бұйрығымен бекітілген;

- Фармацевтикалық қызмет саласындағы регламенттер - ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 29 маусымдағы  №416 бұйрығымен бекітілген.

«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» қызметінің регламенті 2015 жылғы 29 мамырда №426 бұйрықпен беітілген.

Денсаулық сақтаудың 32 қызметінің ішінде 9 қызмет ақылы түрде көрсетіледі (7 қызмет жергілікті деңгейде, 2-орталық); 1 қызмет жергілікті деңгейдегі қызмет ақылы да, тегін де көрсетіледі.

Орталық деңгей қызметтері. Министрлікпен ұсынылатын, 14 қызметтен:

- 12-і үшін тұтынушылар өз таңдауы бойынша құжаттарымен «электронды үкімет» порталына немесе қызмет көрсетушіге (МжФҚБК, Комитеттің департаментіне)  жүгінсе болады;

- 1 «Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» жаңа қызмет МжФҚБК қағаз түрде ұсынылады;

- 1 «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» тек Министрлік арқылы қағаз түрінде ұсынылады (1 кесте);

Жергілікті деңгейдегі қызметтер. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін 16 қызметтің:

- 3-і үшін тұтынушылар өз таңдауы бойынша құжаттарымен тікелей медициналық ұйымға немесе «электронды үкімет» порталына жүгінсе болады;

- 7 қызмет үшін спецификалығына байланысты қызмет алушылар тек қана медициналық ұйымға жүгінеді;

- 4 қызмет үшін ХҚКО және  қызмет көрсетуші арқылы көрсету көзделген;

- 2 қызмет өңірдің денсаулық сақтау басқармаларымен көрсетіледі және электронды түрде «электронды үкімет» порталында қол жетімді (2-кесте).

Орталық және жергілікті деңгейде:

- 1 қызмет «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» өзінің спецификалығына байланысты Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарға бағынышты медициналық/фармацевтикалық білі беру ұйымдарымен көрсетіледі;

- 1 қызмет қызметті алушылардың өз таңдауы бойынша ХҚКО немесе  азаматтың электронды сандық қолы бар жағдайда (бұдан әрі – ЭСҚ) «электронды үкімет» порталына жүгінсе болады;

 Министрлік қызметтерінің сұранысы туралы.

Денсаулық сақтау саласында қызметті алушылар санының жыл санап өсуі тұрғындар арасында сұранысқа ие екендігін дәлелдейді. 2015 жылғы орталық деңгейде көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтері үшін 148 454  адам жүгінген. 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бұзушылығы тіркелген жоқ.

Анағұрлым сұранысқа ие орталық деңгейдегі қызметтердің ішінде 2 қызметті даралауға болады:

1) «Біліктілік санатын бермей, маман сертификатын беру» - 2015 жылы осы қызмет үшін жүгінетіндердің саны жыл сайын 78,7 мың адамды құрады. Осы қызметтің нәтижесінде медициналық қызметкерлер бес жыл мерзімге маман сертификатын алады және ол рұқсат құжаты болып табылады және медициналық қызметкерді клиникалық практика жасауына мүмкіндік береді (пациентпен жұмыс істеуге).

2) «Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» - бұл қызмет үшін ағымдағы жыл сайын 39,1 мың адам жүгінді. Бұл қызмет біліктілік емтиханы шеңберінде ерікті негізде біліктілік санатын (жоғары, бірінші, екінші) бере отырып, сертификат берумен жүргізіледі.

Әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беретін жағдайларды жою мақсатында, 2015 жылы заңнамалық негізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске Министрлікпен сертификат пен санатты алу рәсімін оңтайландыру бөлігінде түзетулер енгізілді.2015 жылғы 9 қазаннан бастап денсаулық сақтау мамандарының кәсіби біліктілігі мен тәжірбиелік білімін тәуелсіз бағалау институы енгізілді. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттермен санаты бар және санаты жоқ маманның сертификатын ұсыну бойынша қызметтер тек веб-портал «электронды үкімет» веб-порталы арқылы ғана көрсетіледі, яғни тестілеу және әңгімелесу этаптарын жүргізусіз, аккредиттелген ұйымның қорытындысы және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау жүргізу Ережелерінде көрсетілген, сәйкесінше құжаттардың негізінде жүргізіледі (ДСӘДМ 2015 жылғы 28 тамыздағы №693 бұйрығы). Аталған жағдайлар қызметтерді көрсету барысында жемқорлықтың көрінуіне әсер ететін жағдайларды, соның ішінде қызметті алушы мен қызмет берушінің байланысы жойылатын болады, сәйкесінше лицензиялау да.

Фармацевтикалық қызмет қызметтерін қалыпты түрде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында  фармацевтикалық бизнес субъектілері алады.

3.17  Қызмет алушылармен жүргізілетін жұмыс

Азаматтардың мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпараттануын дамыту үшін денсаулық сақтау ісінің дамуы, оның болашағы, мемлекеттік қызметті ұсыну трәтібі мен басқа да көптеген мәселелер туралы ақпаратқа қол жеткізуге болатын ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады.

Интернет-ресурс (ИР) халыққа жедел хабар беруге және ең өзекті проблемалар бойынша кері ақпарат алуға мүмкіндік беретін бұқаралық байланыстың маңызды құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда ИР ақпараттық кеңістік субъектілетінің ақпараттақ-идеологиялық жұмысының ажырамас әрі маңызды құрамдас бөлшегі болып отыр.

Қазіргі уақытта Министрліктің «веб-порталында»: ыңғайлы дизайн мен құрылым бар; әртүрлі материалдар мен қызметтерге шектеусіз қол жеткізуге болатын сайтты басқарудың интуициялық-түсінікті жүйесі енгізілген; ұтымды қорғаныспен және веб-порталың интернет желісіне интеграциясы қамтамасыз етілген; Министрліктің облыстық бөлімшелеріне ақпараттық қолдау көрсетілген; көру қабілеті әлсіз адамдарға арналған нұсқасы бар. 

Жоғарыда көрсетілгендей, 2015 жылы Министрлікпен ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» жаңа заңының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау бойынша жұмыс жүргізілді.

Жаңа заң талаптарының бірі мемлекеттік органмен әзірленген мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын көпшілік алдында талқылау болып табылды.

Осылайша, 32стандарттың жобалары «электронды үкіметтің»  веб-порталында, Министрлік пен жергілікті атқару органдарының  интернет-ресурстарында азаматтарға қол жетімді болды. 

Министрлікте көпшілік алдында талқылау барысында мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар тарапынан қызметтер стандарттарына ешқандай ұсыныстар түспеді, яғни, тұтынушылар стандарттарда қарастырылған Министрліктің ұстанымын қолдады.

Мемлекеттік қызмет стандарттарын көпшілік алдында талқылауының аяқталғаны туралы есеп Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды.

Сондай-ақ өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар-мәжілістер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар мен мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі турады қызметті алушылардың ақпараттануына жетілдіру бойынша басқа да шаралар жүргізілді (155 іс-шара).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерістерін жетілдіруге қатысты қызмет

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу үдерістерін автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері туралы

Тұрғындарға көрсетілетін денсаулық сақтау қызметінің сапасы ақпараттық ілеспе қызметтермен тікелей байланысты. Тұрғындардың ақпараттануы, көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігің кеңейту және ашықтығын қамтамасыз ету, қағаз құжат айналымын азайту және бюрократизмнің алдын алу, қызмет көрсету үдерісін жылдамдату, әлеуметтік қауіп-қатерлерді басқару тиімділігін арттыру соған байланысты болып келеді.

Министрлікпен қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға бойынша кезең-кезеңінен жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда:

- 2012 жылы медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауға қатысты қызметтер толықтай автоматтандырылды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап лицензиялар  «электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде берілуде.

- 2012 жылы «АМСК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» қызметі барлық република бойынша электронды форматта көрсетіледі, «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігер қабылдауына жазылу» қызметтері Астана қаласы мен Ақмола облысында пилоттық жоба ретінде көрсетіліп жатыр.

- 2013 жылы шілде айынан бастап біліктілік емтихандарын жүргізуге қатысты қызметтер (санат беру / бермеу) «электронды үкімет» порталы арқылы автоматтандырылған түрде көрсетілуде.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап сот сарапшыларын аттестациялау, денсаулық сақтау субъектілері мен тәуелсіз сарапшыларды аккредитациялау, медицина қызметкерлерін аттестациялау, дәрізіл заттарды, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды және медициналық техниканы кіргізуді/шығаруды  келісу және тіркеу, адам органдарын (орган бөлшектерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына кіргізу және (немесе) Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруды лицензиялау толықтай автоматтандырылды.

Осылайша, 2015 жылғы жағдай бойынша денсаулық сақтау саласында электронды түрде 19 қызмет алуға болады, оның ішінде 12 қызмет орталық деңгейдегі, 7 қызмет жергілікті деңгейдегі. 

2015 жылы «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» деп аталатын тағы 1 қызмет толықтай электронды формата көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Тізілімге сәйкес 13 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі, олардың ішінде 2 – орталық деңгейдегі, 9 жергілікті деңгейде және 2 қызмет орталық және жергілікті деңгейде көрсетілетін  қызметтер.

         Министрлікпен жыл сайын денсаулық сақтау қызметтерін көрсету шаралары рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен сұралатын құжаттар санын азайту арқылы оңтайландырылып отырады.

3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері бойынша агентігі Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығына сәйкес, тоқсан сайын көрсетілетін қызмет сапасын мониторингтеу жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша ішкі бақылау шеңберінде Министрлікпен ай сайын қызмет сапасын (оларды уақыттылы беру және т.б.) мониторингтеу жүргізіледі. Сонымен, есептік кезеңде Министрлікпен, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелерімен көрсетілетін қызметтерге шағым және стандарт талаптары мен оларды көрсету регламенттерін бұзу белгіленбеген.

2015 жылы денсаулық сақтау саласында барлығы 148 454 қызмет көрсетілді, оның ішінен ХҚКО арқылы – 4, «электронды үкімет» порталы арқылы – 125 883. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша 155 семинар-кеңестер, «дөнгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтеудің қоғамдық нәтижелері.

2015 жылы Кәсіпкерлер ұлттық палатасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтермен тұтынушылардың қанағаттанушылық дәрежесін талдау өткізіліді, оның ішінде «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» қызметі бойынша. Нәтижесінде республиканың 16 аймақтарында кәсіпкерлер субъектілері -175 сұхбаткер сұралды.

Өткізілген осы қызметті зерттеу қорытындысы бойынша 85,2% сұхбаткер қанағаттандырылғаны, сәйкесінше 14,8% қанағаттандырылмағаны анықталды.

Кәсіпкерлік субъектілер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, жемқорлық тәуекелдігін  жою және қызмет көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында, оның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заң жобасында қызмет тиімділігі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінен мемлекеттік сараптық ұйымымен (Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны) өткізілетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қауіпсіздігіне, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі мен сапасына сараптаманы шығару бөлігінде түзету енгізілді. Бүгінгі таңда сараптама тәртібі қызмет көрсету кезеңдерінің бірі болып табылады.

Көрсетілген түзетулер күшіне енгізілгенінен кейін Министрлікпен мемлекеттік қызметтер стандартары мен регламенттеріне тиісті өзгерістер енгізу жоспарлануда, одан кейін қызмет электрондық түрде көрсетілетін болады, мерзімі -10 жұмыс күні. Қажетті құжаттар:

1) қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат түрінде сұраныс;

2) тіркеу алымдарының сомасы төленгенін растайтын төлем құжаттының электрондық көшірмесі;

3) мелекеттік сараптық ұйымның қортындысының электрондық көшірмесі.

Сонымен қатар, 2014 жылы «САНЖ» зерттеулер орталығымен қоғамдық мониторингтеу шеңберінде денсаулық сақтау саласында айрықша талап етілген «Біліктілік санатын иемденусіз маман сертификатың беру» қызметі бойынша талдау өткізілді.

Осы қызмет бойынша сұхбаткерлерге Комитет департаменттері көмегімен сауалнама жүргізілді. 15 аймықта барлығы 372 сұхбаткерлер сұралды. Елді менкен түрлері бойынша сұхбаткерлерді іріктеу келесі түрде үйлестірілді – облыс орталықтарында – 57,6%, кіші қалаларда – 20,3%, аудандық орталықтарында – 22,1% сұралғандар.

Сонымен, қызмет көрсету барысын талдау қызмет сапасының негізгі көрсеткіштерін бағалау айтарлықтай жоғары екендігін көрсеті. Жалпы қанағаттанушылық - 8,2 балл, ең үлкен бағаны - 8,3 балды қызмет қорытындысы алды, ал ең төменгі бағаны - 7,7 балл ақпаратқа берілді. Мемлекеттік қызметтің жемқорлық емес дәрежесі – 7,7 балл.

Министрлікпен қызмет көрсетуде әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша, сонымен қатар жемқорлық тәуекелдігін айқындауға мүмкіндік жасайтын жағдайларды жою үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өту қажет.

5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтермен тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің келешегі

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында «электронды қызмет» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді 50% кем емес электронды түрге аударуды қамтамасыз ету бойынша мақсат белгіленді.

Қойылған мақсатқа жету үшін Министрлік байланыс және ақпарат бойынша уәкілетті органмен бірлесе отырып азаматтардан талап етілетін құжаттар тізбесін түбегейлi қысқартатын автоматтандырылған процессін регламентациялау бөлігінде, аяқталған қызметтер бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу  және қызметтерді автоматтандыру жалғастырылады.

2016 жылы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып электронды композиттік қызметті ендіруге дайындау бойынша жұмыс аяқталады, ол 9 қызмет түрін қосуды жоспарлап отыр, сәйкесінше Заң 2015 жылғы наурызда қабылданды.

Тұрақты негізде орталық және жергілікті органдардан бастамашылық ұсыныстарды, қызметтер тізілімін өзектендіру бойынша, қызметтерді оңтайландыру (автоматтандыру), «Азамттарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына қызметтерді ауыстыру мәселелеріне талдау жүргізіледі. Нәтижесінде Мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізу ережесіне сәйкес (2014 жылғы 20 қарашадағы №98 Ұлттық экономика Министрінің бұйрғымен бекітілген) Мемлекеттік қызметтер тізілімін өзектендіру үшін ҚР ҰЭМ ұсыныстар енгізіледі.

Бұған қоса, Министрлікпен бір қатар қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға тапсыру, ХҚКО арқылы баламалы негізінде көрсету жоспарлануда. Мысалы, Министрлікпен аккредиттелінген тәуелсіз қауымдықтарға «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлігін беру» қызметің беру бойынша ұсыныстар берілді.

Фармацевтикалық қызмет бойынша рұқсат құжаттары, атап айтқанда: «Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» қызметі қысқартылып және ескерту тәртібіне берілді.

Сондай-ақ, Министрлікпен «Біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын беру», «Біліктілік санаты берілетін маман сертификатын беру» қызметтер шеңберінде өткізілетін біліктілік емтиханын өткізу тәртібі қайта қарастырылды. Сонымен, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап медициналық қызметкерлер маман сертификатын алу үшін аккредиттелінген тәуелсіз қауымдастықтарда білім және тәжірибелік дағдыларын бағалауды өтетін болады.

«Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен қысқартылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте

Орталық деңгейдегі қызметтер  

 

 

Қызметтің атауы

Құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган

Қызмет
көрсететін орган

Жарты-лай автомат-танды-рылған*

Толық автоматтандырылған

 

1.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері  **

+

+

2.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

 

3.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

 

4.

Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар ЖАО, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

 

 

5.

Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

+

6.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

 

7.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған  анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

 

 

8.

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

 

9.

Назначение пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

+

 

10.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері 

 

 

11.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру

Мемлекеттік корпорация

Мемлекеттік корпорация

 

+

12

Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Мемлекеттік корпорация

 

 

* ЭҮП – да тағайындалған мөлшер туралы ақпаратты алу мүмкіндігі іске асырылды

** - Аумақтық орган – Еңбекминінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің құрылымы 

2-кесте

Жергілікті деңгей қызметтері

 

 

Қызметтің атауы

Құжаттарды қабылдайтын орган

Қызметті көрсететін орган

Толық автоматтан-дырылған

 

1.

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

2.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

3.

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

4.

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

5.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

6.

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

7.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ, кенттің, ауылдық округтің, ауылдың әкімі

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

8.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

9.

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

10.

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

11.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

12

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

 

13

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ, кенттің, ауылдық округтің, ауылдың әкімі

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

2-санат бөлігінде

14

Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

15

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Облыстардың ЖҚӘББ, кенттің, ауылдық округтің, ауылдың әкімі

Облыстардың ЖҚӘББ

 

16

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ, кенттің, ауылдық округтің, ауылдың әкімі

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

17

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

Астана және Алматы ққ. ЖҚҮӘББ, облыстардың ЖҚӘББ

+

18

Оралман мәртебесін беру

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ., облыстардың ЖАО

Астана және Алматы ққ., облыстардың ЖАО

 

 

19

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту

ЖҚҮӘББ

ЖҚҮӘББ

+

20

Ақталған адамға куәлік беру

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖҚҮӘББ

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖҚҮӘББ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-кесте

 

2015 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың

 шағым арыздары туралы ақпарат

 

 

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Шағым қарау нәтижесі бойынша құжат №

 

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Кенжебаева Феруза Асабайқызы

(Алматы қ.)

ЗТМО Алматы қалалық филиалының Жетісу аудандық бөлімшесінің маманына арайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әбес қылығына шағым

 

ЗТМО (ведомстваға қарасты ұйым)

1 тоқсан 2015 ж., қаңтар

 

26.01.2016ж. №30-Ж бұйрығы

 

ЗТМО АҚФ директорының м.а. Ф.М. Бокижанованың 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 30-Ж бұйрығымен лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін маман Е.Ж. Молдабаеваға сөгіс жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

4-кесте

 

Орталық деңгейдің қызметтері

 

 

Қызмет атауы

Құжаттарды қабылдауды іске асыратын орган

Қызметті беретін орган

Ақылы/

тегін

Ішінара автомат
тандырылған

Толығымен автомат
тандырылған

1.

Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру

 ДСӘДМ

ДСӘДМ

тегін

-

-

2.

Біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын беру

МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК департаменттері

тегін

-

+

3.

Біліктілік санаты берілетін маман сертификатын беру

МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК департаменттері

тегін

-

+

4.

Медициналық ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру

МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК, МФҚБК департаменттері

тегін

+

-

5.

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлігін беру

МФҚБК, МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК, МФҚБК департаменттері

тегін

+

-

6.

Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу

МФҚБК, МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК, МФҚБК департаменттері

тегін

+

-

7.

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау

МФҚБК, МФҚБК департаменттері,

ЭҮП

МФҚБК, МФҚБК департаменттері

тегін

+

-

8.

Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру

Комитет,

Комитет Департаменттері,

ЭҮП

Комитет,

Комитет Департаменттері

 

тегін

+

-

9.

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру

МФҚБК,

ЭҮП

МФҚБК

тегін

+

-

10.

Фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникаға клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргізуге рұқсат беру

МФҚБК,

ЭҮП

МФҚБК

тегін

+

-

11.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу

МФҚБК,

ЭҮП

МФҚБК

ақылы

+

-

12.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен қарастырылған жағдайларда тіндердің және (немесе) адам ағзаларың (ағзалар бөліктерінің) әкеліп (әкетуге), соңдай-ақ  қанның және оның компоненттерін әкеліп (әкетуге) лицензияның төлнұсқасын беру

МФҚБК

МФҚБК

тегін

-

-

13.

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру

МФҚБК

МФҚБК

тегін

-

-

14.

Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру

МФҚБК

МФҚБК

тегін

-

-

15.

Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру

Ғылым ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары

Ғылым ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдары

ақылы / тегін

-

-

16

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау

МҚАТК департаментері, ЖАО

МҚАТК департаментері, Мемлекеттік корпорация

тегін

-

-

Қысқартулар:

МФҚБК – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;

МҚАТК – Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті;

ЭҮП – «электронды үкімет» порталы;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар.

 

5 Кесте

Жергілікті деңгейдің қызметтері

 

 

Қызмет атауы

Құжаттарды қабылдауды іске асыратын орган

Қызметті беретін орган

Ақылы/

тегін

Ішінара автомат
тандырылған

Толығымен автомат
тандырылған

1.

Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Мемлекеттік корпорация, ЖАО, ЭҮП

ЖАО

ақылы

+

+

2.

Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

ЖАО, ЭҮП

 

ЖАО

ақылы

+

+

3.

Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Мемлекеттік корпорация, ЖАО, ЭҮП

 

ЖАО

ақылы

+

+

4.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу

АМСК көрсететін МҰ, ЭҮП

АМСК көрсететін МҰ

тегін

+

-

5.

Дәрігердің қабылдауына жазылу

АМСК көрсететін МҰ, ЭҮП

АМСК көрсететін МҰ

тегін

+

-

6.

Дәрігерді үйге шақыру

АМСК көрсететін МҰ, ЭҮП

АМСК көрсететін МҰ

тегін

+

-

7.

АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу

АМСК көрсететін МҰ, Облыстар, Астана және Алматы қалаларының СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi орталықтары

АМСК көрсететін МҰ, Облыстар, Астана және Алматы қалаларының СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi орталықтары

ақылы / тегін

-

-

8.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

АМСК көрсететін МҰ

АМСК көрсететін МҰ

тегін

-

-

9.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

АМСК көрсететін МҰ

АМСК көрсететін МҰ

тегін

-

-

10.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру

АМСК көрсететін МҰ

АМСК көрсететін МҰ

тегін

-

-

11.

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Стационарлық көмек көрсететін МҰ

Стационарлық көмек көрсететін МҰ

тегін

-

-

12

Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, МҰ

МҰ

ақылы

-

-

13

Наркологиялық диспансерден анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, МҰ

МҰ

ақылы

-

-

14

Туберкулез диспансерінен анықтама беру

МҰ

МҰ

ақылы

-

-

15

Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау

ЖАО,

ЭҮП

ЖАО

тегін

+

-

16

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу

МҰ

МҰ

тегін

-

-

 

Қысқартулар:

МҰ- медициналық ұйымдар;

АМСК – алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

ЭҮП – «электронды үкімет» порталы.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon otchet_-_kaz_2015g.doc540.5 KB
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші