check

You are here

«Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» ҚР Ү 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қаулы жобасы"

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы»;

1-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту               2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға  жәрдемдесуге  кредит берудің 2016 жылға арналған шарттары бекітілсін.»;

5-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттары осы қаулыға   қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kosymsha.doc31.5 KB
18 наурыз, 2016 - 15:06 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші