check

You are here

«Мәңгілік Ел» республикалық акциясының аясында 12 мыңнан астам азамат медициналық кеңес алды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» республикалық акциясының аясында дәрігерлер 12 мың 78 азаматты тексерді. Оның ішінде 6 мың 435 адам республиканың 12 өңіріндегі 18 жасқа дейінгі балалар.

Республикалық акция мақсаттарының бірі – халыққа қолжетімді, жоғары білікті медициналық көмек көрсету болып табылады.

Акция басталғаннан уақыттан бері 486 адам жоғары технологиялы және мамандандырылған медициналық көмек алу мақсатында республикалық медициналық ұйымдарға жіберілді.

С. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті интернатура және резидентура кафедрасының доценты, м.ғ.д. Нұрлан Балтабеков «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау алгоритмі» тақырыбында Қарағанды, Балқаш, Зыряновск қалаларында 147 жоғарғы және орта звено медицина қызметкерлері үшін шеберлік класын өткізді. 

Сонымен бірге, пойыз құрамында Республикалық санитарлық авиация орталығының мобильдік бригадасы жұмыс істейді.

Бүгін «Мәңгілік Ел» пойызы Жамбыл облысы Жаңатас қаласына келді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы» жалпыреспубликалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылғы 18 наурызда Алматы қаласында аяқталады. 

15 наурыз, 2016 - 16:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші