You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару тобында мамандардың бос лауазымдарына қайта конкурс жариялау туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 54 Жарлығы)

Жобасын басқару тобында мамандардың бос лауазымдарына

қайта конкурс жариялайды

 

 

2-компоненттің 2.1-кіші компонент жөніндегі (Еңбек нарығының ақпараттық жүйесі және бейіндеу жөніндегі) маман

 

Біліктілік талаптары:

1)                      инженерия, математика, ақпараттық технология, экономика, менеджмент және басқа да тиісті салалар бойынша жоғары білім; магистр дәрежесінің болуы;

2)                      жұмыспен қамту саласында, әсіресе осы ТТ-да  көрсетілген техникалық құралдарды пайдалану саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3)                       ұқсас құралдарды әзірлеу, орындау және қадағалау бойынша халықаралық жобалардағы жұмыс тәжірибесі қосымша басымдық болып табылады;

4)                      тәжірибелі қолданушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office Internet Explorer), кәсіби бағдарламалар, электрондық есептер құра алуы;

5)                      жақсы ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары; іскерлік қарым-қатынас жасай білуі және хат алмасу дағдылары, презентациялық дағдылар; командада жұмыс істей білуі және мәселелерді шешуге бағыттылық;

6)                      Ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі құпталады.

______________________________________________________________________________

 

 

Мамандардың жұмыс орны Астана қаласында болады. Қазақстанның басқа өңірлеріне жәнеқалаларына Жобаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша іссапарға жіберілуі мүмкін. Техникалық тапсырмалар хабарландыруға қоса беріледі.

 

Мамандарды іріктеу Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларымен консультанттарды іріктеу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банктің рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады (2011 жылғы редакциясы)

 

Біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурсқа қатысуға ниеті бар 2016 жылғы 10 наурыз, сағат 17.00-ге дейін n.tleuov@mzsr.gov.kz; m.nauryzbek@mzsr.gov.kz электрондық мекен-жайларға хат тақырыбында бос лауазымды міндетті түрде көрсете отырып, түйіндеме және басқа материалдарды жолдауларыңызды сұраймыз.

Байланыс:  743522

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon tz_kaz.doc52 KB
4 наурыз, 2016 - 15:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші