check

You are here

Парыз – бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мемлекеттің заманауи әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденцияларының бірі болып табылады. Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі халық өмір сүруінің жоғары  деңгейін қамтамасыз етудің, сондай-ақ экономиканың  тұрақты дамуының тиімді құралы ретінде  бірінші жыл шығып отырған жоқ.

Бүгінгі күні компанияның жетістігі капиталдардың барлық түрлерін: өндірістік, қаржылық, әлеуметтік, адами капиталдарды өсіру тұрғысынан бағаланады. Тәжірибе көрсеткендей, лайықты еңбек жағдайын жасауға, экологиялық проблемаларды шешуге қаржы салатын, еңбекақы төлеудің жаңа принциптерін, сондай-ақ жұмысшыларды әлеуметтік қолдауды дамытудың жаңа тәсілдерін  енгізетін  ұйымдар басқаларға қарағанда жоғары капиталдандыруға жетеді.

2008 жылы Жезқазған қаласында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  бойынша алғашқы форумда Елбасы қоғамды дамыту мәселелерін шешуге кәсіпкерлікті араластыру бойынша жаңа мақсат қойып, ол өз кезегінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін енгізудің белсенді фазасының басталуына негіз болды.

Сол кезде Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды ынталандыратын қолайлы орта қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруға тапсырма берді.

Аталған тапсырма мемлекеттің бизнес-құрылымдарын  әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға күшті импульс болды.

Биылғы жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, ҚР Энергетика министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсын сегізінші рет өткізіп отыр.

Осы уақыт ішінде «Парыз» конкурсы әлеуметтік жауапты бизнестің жобалары мен бағдарламаларының табысты іске асырылуына, компанияның әлеуметтік жаупкершілігін бағалаудың стандарттары мен критерийлерін әзірлеуге, әлеуметтік тәжирибелердің түрлі формаларының дамуына ықпал ететін технологияға айналды.

Материалдық игіліктердің әділ бөлінуі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қатынасты үйлестірудің маңызды бағыты болып, соңғы жылдары кәсіпкерлердің басым көпшілігі осы принципті ұстанады. Лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету мен қоғамдық келісім және әлеуметтік даулардың азаюы үшін жағдай жасау олардың тұрақты гүлденуі мен ел экономикасы дамуының кепілі  болып табылады.

«Парыз»  конкурсына қатысушылар санының өсуінен де осыны байқауға болады. Конкурс өткізіле басталғаннан бері оған 3 мыңнан астам шағын, орта, ірі бизнес кәсіпорындары қатысқан.

2015 жылы республикамыздың барлық өңірлерінен 541 кәсіпорын конкурсқа қатысуға өтінім берді.

«Парыз»  конкурсына қатысуға берілген өтінім саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, бұнда 57 кәсіпорын конкурсқа қатысу ниетін білдірген, Қарағанды облысынан 56 қатысушы және Павлодар облысынан 53 үміткер қатысты.

Субъектілердің басым саны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша байқалды. Осы номинацияға 264 кәсіпорын өтінім берген. Бұл номинация бойынша өз персоналын қолдауға, мүмкіндіктері  шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асырушы үміткерлердің қызмет нәтижелері қаралады.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 100 кәсіпорын өтінім берген Бұл номинацияда қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясына 79т кәсіпорын қатысты. Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасап отырған үміткерлердің қызметі қаралады.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 98 өтінім келіп түскен. Бұл номинацияда қоршаған орта ахуалын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

«Парыз»  конкурсының ең жоғары «Гран-при» жүлдесін Елбасы өз жұмысында және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушыға табыстайды.

Осы жылдар ішінде ондай болып танылған және  «Парыз» Гран-при атағына ие болған:

  •  «Казақмыс» корпорациясы (2008 жыл)
  •  «Торғай Петролеум» АҚ (2009 жыл)
  •  «СНПС–Актөбемұнайгаз» АҚ (2010 жыл)
  •  «Теңгізшевройл» ЖШС (2011 жыл)
  •  «ҚазТрансОйл» АҚ (2012 жыл)
  •  «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (2013 жыл)
  •  «Қазгермұнай» ЖШС (2014 жыл)

Аталған кәсіпорындардың әрқайсысы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты, ұжымдық-келісім қатынастарының негізінде өз қызметкерлері үшін еңбек жағдайын жаңа деңгейге жеткізді.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына лайықты үлес қосуда.

Мәселен, ауылдық аймақтарда бірқатар жобалар – құрылыс пен ауыл инфрақұрылымын қолдаудан бастап, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге дейін іске асырылуда.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту саясатын жүргізу – бұл, ең алдымен, мемлекет дамуындағы  бизнестің ролін мойындау, ал оны іске асыру үшін мемлекет барлық қажетті жағдайлар жасайды.

Экомикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми қамтымды факторлар үйлесетін бизнестің дамуы бизнестің өзінің, сондай-ақ тұтастай мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

1 ақпан, 2016 - 18:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші