You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 708 бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 4 мамырдағы № 317 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа

 қарсы стратегиясын іске  асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

 

р/с

Іс-шараның мазмұны

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Ескертпе

1

2

3

4

5

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

1.1.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін бекіту және жалпыға ортақ жерде орналастыру, мемлекеттік қызметшілерді қол қойғыза отырып, таныстыру

2015 жылғы қараша

Бұйрық

ПБД

(Мемлекеттік қызмет персоналдарын басқару) Комитеттер

 

1.2.

Мемлекеттік ұйымдарда лицензиялауға жататын қызмет түрлерін және рұқат етілетін қызметтерді, лицензиялар мен рұқсаттар алудың тәртiбiн оңайлатуды  оңтайландыру бойынша жұмыста жалғастыруды қамтамасыз ету  

2015 - 2017 жылдар

Басшылыққа жылдық ақпарат

ЕӘҚКҚК, МФҚБК және олардың аумақтық бөлімшелері

 

 

1.3.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды өткізу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жандандыру барасында

Басшылыққа есеп

 

МФҚБК МКҰД  ҒАРД МҚАТК

(денсаулық сақтау саласында)

СДД, ӘҚКҚК, ХЖҚД, ӘКП,ӘҚД, ӘҚӘСД

(денсаулық сақтау саласында)

 

1.4.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттен қаржыландыратын барлық қызметтердің толық тізімін қалыптастыру

Бұл қызметті Мемлекетік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне қосуды қамтамасыз ету.

2015 жылғы 1 қазанға дейін

ҚР ҰЭМ ұсыныс

МФҚБК МКҰД  ҒАРД МҚАТК

(денсаулық сақтау саласында)

 

СДД, ӘҚКҚК, ХЖҚД, ӘКП,ӘҚД, ӘҚӘСД

(денсаулық сақтау саласында)

 

  1. Сыбайлас жемқорлықты азайту жөніндегі шараны жетілдіру

2.1.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Министрлік қызметінде  сыбайлас жемқорлықты туындауына ықпал ететін,

анықталған және азайту (жою) себеп пен жағдайы бойынша талдау қортындысы барысында анықталған ескертулерді жою бойынша жұмыстарын жүргізу

2015-2017 жылдары ескертулерді жою бойынша Жоспарда қарастырылған мерзімге сәйкес

Басшылыққа ақпарат

ПБД,ЗҚД, Комитеттер

(министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері)

 

 

2.2.

Министрліктің веб-сайтының жұмысында ақпарат алу кезінде  жарияланымдарды, баспасөз-релиздерді, жаңалықтарды, баяндамаларды, Министрдің блогына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптарды уақтылы орналастыру арқылы шынайылық пен ашықтықты қамтамасыз ету

Тұрақты

Апта сайын

 

Баспасөз қызметі, ІАД, АДД, құрылымдық бөлімшелер,

ведомстволық бағынысты

ұйымдары

 

2.3.

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғамдық пікірді есепке алу мақсатында осы Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сайтта жариялау

Есепті кезеңнен кейінгі 6 сәуірден кешіктірмей

Есептерді интернет-ресурстарда және БАҚ-та жариялау

Баспасөз қызметі, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер және олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

2.4.

Министрліктің, Комитеттер мен олардың аумақтық департаменттерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуінің оң практикасын қамтамасыз ету

Тұрақты

Басшылық   қа жыл сайынғы ақпарат

ІӘД, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер мен олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

2.5

алынып тасталсын

 

 

 

 

2.6.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің

тұрақты, үздіксіз жұмысымен қамтамасыз ету

Жарты жылда

1 рет

Есеп

МФҚБК, ЕҚКҚК

 

2.7.

Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды орындау мониторингін жүзеге асыру

Ай сайын

Жауапты хатшыға

мониторинг бойынша есеп

ҚД, Комитеттер мен олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

2.8.

Комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік практикасы бойынша

есептіліктің сәйкес нысандарын бекіту бойынша мәселені қарау арқылы әкімшілік практика бойынша ведомостволық бақылауды күшейту

2015 жылғы  қыркүйек

ҚР ҰЭМ ұсыныс

МФҚБК (денсаулық сақтау саласындағы)

ЕӘҚККК (әлеуметтік қорғау саласындғыа)

 

2.9.

Комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік практиканы қолдануына талдау жүргізу

2015 жылғы  қыркүйек

Талдау

МФҚБК (денсаулық сақтау саласындағы)

ЕӘҚККК (әлеуметтік қорғау саласындағы)

 

2.10.

Мемлекеттік бақылау органдарының ұйғарымдарын және қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру

Жыл сайын

Басшылыққа ақпарат

МФҚБК,  ЕӘҚККК және олардың аумақтық бөлімшелері

 

2.11.

Әкімшілік істерді қозғау мен қарау кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын сақтау бойынша, атап айтқанда әр істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу бойынша ақпараттық хат дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша қаулыны уақтылы орындауды қамтамасыз ету

Тұрақты

АД-ға хат

МФҚБК (денсаулық сақтау саласындағы)

ЕӘҚККК (әлеуметтік қорғау саласындағы)

 

2.12.

Министрліктің және Комитеттердің және олардың аумақтық департаменттерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызмет туралы арнайы бөлімдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2015 жылғы  қараша

Интернет-ресурстардағы бөлімдер

АДД, ПБД, Комитеттер мен олардың аумақтық бөлімшелері,

ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

2.13.

Халықтың тарапынан сыртқы баға алу және қоғамдық пікірді есепке алу мақсатында осы Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ интернет-ресурстарда жариялау

Жыл сайын

Интернет ресурстарда және БАҚ-та есептерді жариялау

Баспасөз қызметі, ІӘД, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер мен олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

2.14.

Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері республикалық бюджеттің есебінен қызметтерд берушіні таңдауды жүргізуі кезінде

қызмет көрсету орталықтары арқылы өтінімдер қабылдауды ұлғайту мақсатында

әлеуетті қызмет берушілердің қатысуға арналған өтінімдерін қабылдау

рәсімдерін жетілдіру

2016 жыл бойы

Басшылыққа ақпарат

 

МҚАҚ және оның аумақтық бөлімшелері

 

 

2.15.

«Атамекен» ҚР ҰКП, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерінің жанындағы республикалық бюджеттің есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі

комиссияның жұмысына бақылаушылар ретінде тарту

жартыжылдықта бір рет

Басшылыққа ақпарат

МҚАҚ және оның аумақтық бөлімшелері

 

 

2.16.

Бақылаушылар мен сарапшыларды тарту арқылы бос лауазымдарға орналастыруға конкурстық комиссия отырыстарының ашықтығын қамтамасыз ету

 

Тұрақты

ҚР МҚІСЖҚІҚА ақпарат

 

ПБД

 

  1. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл

3.1.

БӘӘ-нің бейінді емес функцияларын алып тастау үшін құрылыс жобаларын басқару институтын енгізу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

2015 жылғы маусым

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат

ИПД

 

3.2.

Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

2015 жылғы маусым

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ақпарат

ЕӘҚКҚК, ХЖҚД

 

 

3.3.

Еңбек шартын жасаусыз адамды жұмыс істеуге жібергені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін катаңдату жөніндегі мәселені пысықтау

2015 жылғы

маусым

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ақпарат

ЕӘҚКҚК

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат

4.1.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сөз сөйлеу. Халық арасында Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу.

 

Медиа-жоспарға сәйкес

Сөз сөйлеу

Министрліктер мен ведомстволардың басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің директорлары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары

 

4.2.

«Кадрлардың біліктілігін арттыру курстары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындағы аппараттық оқу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін зерттеу, насихаттау және сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, дәрістерді, «дөнгелек үстелдерді», семинарларды осы жұмысқа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары, ҮЕҰ және өзге ұйымдардың мамандарын тарта отырып, өткізу

Тұрақты

оқу, дәрістер, семинарлар

ПБД, («Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ келісім бойынша)

құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

4.3.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілетін акцияларға белсенді түрде қатысу

Тұрақты

Басшылыққа ақпарат

ПБД, құрылымдық бөлімшелер

 

4.4.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерін Министрліктер алқасында, аппараттық кеңестер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қатысатын кеңестерде қарау

Жыл бойы

Хаттамалар

ПБД, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер және олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

4.5.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Жоспардың іс-шараларын орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсыну

2016 жылғы

5 қаңтар

ҚР МҚІСЖҚІА ақпарат

ПБД (шақыру), құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер және олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

4.6.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға сыртқы талдау жүргізу және бағалау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған мүдделі мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерінің қатарынан арнайы мониторинг тобына қатысу

ҚР МҚІСЖҚІҚА сұранымына сәйкес

 

Ақпарат

ПБД, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер мен олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

 

4.7.

Министрлік қызметкерлерінің арасында мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық нормалары, сондай-ақ лауазымдық тұлғалармен қосылу мәніне арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім берген әлеуетті қызмет берушілерді анықтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Тоқсан сайын

Аппараттық оқу шеңберіндегі түсіндірме жұмыстар

МСАД, ЗҚД,

Комитеттер және олардың аумақтық бөлімшелері

 

 

 

 

 

Аббревиатураларды ашу:

 

«ҒАРД - Ғылым және адами ресурстар деапртаменті;

ӘКД – Әлеуметтік көмек департаменті;

ӘҚД - Әлеуметтік қызметтер департаменті;

ҚР МҚІСЖІҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

«ЖҚАТО» АҚ – «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы;

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

20 қараша, 2015 - 16:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші