check

You are here

МЗЖ, ЖБМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 7-бабы 5), 8) тармақшаларына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын, және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шартты зейнетақы шоты бар жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі  және ресми жариялануы тиіс.

    Министр                                                                                Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila_kaz.doc67 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_kaz.doc33 KB
Бөлімдер:
13 қаңтар, 2016 - 10:09 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші