You are here

2017 жылғы «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі туралы ақпарат

2017 жылы Министрліктің өткізуі жоспарланған «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» жыл сайынғы республикалық көрмесіне (бұдан әрі - Көрме) қызметтері халықты әлеуметтік қорғау саласына бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа да мекемелер мен ведомстволар қатысады.

Барлық өңірлерінде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша комиссиялар құрылған.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін қабылданатын болады.

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өңірлік комиссияның деңгейінде өткізіледі, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының өкілдері, ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері және басқа да мүдделі адамдар кіреді.

Аталған іс-шара өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған.

Төрт жылдың ішінде Көрмеге 495 әлеуметтік жоба қатысып, оның ішінде 94-і өңірлік деңгейде жеңімпаз атанды.

Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 250-ден астам азаматқа қолдау мен көмек көрсетілді.

Өңірлік конкурстар жеңімпаздары республикалық комиссияның қарауына ұсынылады және 2017 жылы қыркүйек айында Астана қаласында халыққа таныстырылатын болады.

Қазақстан азаматтарын республикалық конкурсқа белсенділікпен қатысуға шақырамыз.

 

2 наурыз, 2016 - 10:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші