You are here

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

 

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

2

Көрсетілетін қызметті беруші (қызметті көрсететін орган)

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда (бұдан әрі – жәрдемақы);

2) I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші;

3) жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) жәрдемақыны тағайындауға Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация;

2) жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 

5

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

3) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат          9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат           13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға не көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәландыру құжаты, шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген  кезде Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

порталда – Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу түскен сәттен бастап 30 минут;

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

9

Қызметті көрсету нәтижесі

Жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

 

10

Нормативтік құқықтық актідет

1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы.

 

 

 

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 10_sgp.doc48.5 KB
10 наурыз, 2016 - 19:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші