You are here

«Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі
         № 279 бұйрығына

              2-қосымша

 

 

«Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлігі) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу фактісін растайтын, басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған құжат;

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банкт шотының болуы туралы құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,

Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның

қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті,

оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы

көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

 

12. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік

қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет- ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414» Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары – www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жерлеуге арналған біржолғы

төлем тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

                                                            Нысан

Ауданның коды ______________

Қазақстан Республикасы

 

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің

________________________ облысы бойынша департаментi

 

Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

____________________________________________________________________

                     (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

                        (мекенжайы, телефоны)

 

Өтініш      

____________________________________________________________________

                (мекенжайы бойынша тұрған)

____________________________________________________________________

        (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын.

      Жерлеуге арналған төлемді _____________________ банк филиалының            № __________, «Қазпочта» АҚ-ның №________ банк шотына аударуды сұраймын.

      Жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны _________ ұялы телефон __________ Е-mail ___________

Өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» ____________

Өтініш берушінің қолы ____________________

Азамат ____________________________________________________ өтініші

№_____болып тіркеледі. Құжаттар қабылданған күн 20___жылғы «___»_____

____________________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

«Жерлеуге арналған біржолғы

төлем тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Нысан

______________________________

(көрсетілетін қызметті алушы

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

не ұйымының атауы)       
______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
 мекен-жайы)

 

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы                      15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___   бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес                   Сіздің құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________

ұсынбағаныңызды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 

_______________________________

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің

ТАӘ (қолы)

 

Орындаушының ТАӘ ________________________

Телефон __________

Алдым: ТАӘ/қызмет алушының қолы

20 ____ жылғы «___» ______________

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 2_pogrebenie.doc58 KB
11 наурыз, 2016 - 12:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші