You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1081 Қаулысы

 

 

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1081 Қаулысы

 

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі айқындалсын.

 

      2. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 877  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2007 жылғы»13 қарашада
                                                N 1081 қаулысына
                                                     қосымша

    "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік
     қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы
                  құралдарының тізбесі

 

Р/с
N

Атауы

Инвестиция-
лау көлемі

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті
атқарушы органдары шығарған бағалы
қағаздарды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының (басқа мемлекеттің
заңнамасына сәйкес эмиссияланғандар-
ды қоса) мемлекеттік бағалы
қағаздары. Олар бойынша РЕПО
операциялары - шектеусіз.

25 %-дан
кем емес

2.

Қазақстан Республикасы ұйымдарының
сауда-саттық ұйымдастырушының ресми
тізіміне "А" санаты бойынша
енгізілген, Қазақстан Республикасы-
ның және басқа да мемлекеттердің
заңнамасына сәйкес шығарылған
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы
қағаздары және Қазақстан Республи-
касының рейтингтік бағасы "АА+"
("Standard& Poor`s" және "Ғіtch"
рейтинг агенттіктерінің жіктемесі
бойынша) немесе "Аа1" ("Moody`s
Investors Servise" рейтинг
агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен
емес ұйымдарының шет мемлекеттердің
немесе Қазақстан Республикасының
ұйымдасқан нарықтарында айналымда
жүрген акциялары және Қазақстан
Республикасы ұйымдарының рейтингтік
бағасы "АА+" ("Standard& Poor`s"
және "Ғіtch" рейтинг агенттіктерінің
жіктемесі бойынша) немесе "Аа1"
("Moody`s Investors Servise" рейтинг
агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен
емес шет мемлекеттердің немесе
Қазақстан Республикасының ұйымдасқан
нарықтарында айналымда жүрген
борыштық бағалы қағаздары. Олар
бойынша РЕПО операцияларды - 50 %-дан
асырмай.

50 %-дан
асырмай

3.

Эмитенттердің "Қазақстан қор
биржасы" акционерлік қоғамының "А"
санатындағы ресми тізімге енгізілген
агенттік борыштық міндеттемелері.
Олар бойынша РЕПО операциялары -
30%-дан асырмай.

30 %-дан
асырмай

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкіндегі депозиттер

30 %-дан
асырмай

5.

Бағалы қағаздары орналастыру
күніне "А" санаты бойынша ("Moody`s
Investors Servise" агенттігінің
сыныптамасы бойынша) сауда-саттықты
ұйымдастырушының ресми тізіміне
енгізілген немесе резидент емес бас
банктің резидент еншілес банкінде
"А" санатынан төмен емес ұзақ
мерзімді, қысқа мерзімді және жеке
рейтингі бар екінші деңгейдегі
банктердегі депозиттер

20 %-дан
асырмай

6.

Қазақстан Республикасы ұйымдарының
инфрақұрылымдық облигациялары

15 %-дан
асырмай

7.

Шетел нарығындағы бағалы қағаздармен
операциялар:

  

7.1.

мемлекеттік (егемен), агенттік
борыштық міндеттемелер, халықаралық
қаржы ұйымдарының борыштық
міндеттемелері, жылжымайтын мүлік
(МВS) пен А+ -(Standard& Poor`s)/А1
(Moody`s) және жоғары кредиттік
рейтингі бар активтер (АВS)
кепілдігімен бағалы қағаздар

  

7.2.

өтеу мерзімі бір жылға дейін
корпоративтік борыштық міндеттемелер,
депозиттік сертификаттар (СD), А1 -
Standard& Poor`s немесе Р1 - Moody`s
төмен емес қысқа мерзімді кредиттік
рейтингтері бар коммерциялық қағаздар
(СР)

  

7.3.

нарықтық құны мәміле күніндегі мәміле
сомасының 100 пайызынан төмен емес
инвестициялау үшін рұқсат етілген
бағалы қағаздар кепілдігімен, А- -
Standard& Poor`s немесе А3 - Moody`s
төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік
рейтингі бар контрәріптестермен РЕПО
және кері РЕПО операциялары

  

8.

Қолма-қол валюта және ұзақ мерзімді
кредиттік рейтингі тиісінше Standard&
Poor`s немесе Moody`s бойынша А+/А1
төмен емес немесе қысқа мерзімді
кредиттік рейтингі тиісінше А1/Р1
Standard& Poor`s немесе Moody`s
бойынша төмен емес контрәріптестермен
валюталық депозиттер (салымдар);
ағымдағы шоттардағы қолма-қол ақшаның
қалдықтарын АААm - Standard& Poor`s
немесе Ааа - Moody`s рейтингі бар
ақшалай нарық қорларына немесе АААm -
Standard& Poor`s немесе Ааа - Moody`s
рейтингі бар қорларға қойылатын
талаптардың барлығын орындайтын
ақшалай нарық қорларына инвестициялау

10 %-дан
асырмай

 

 

 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 

 

 

 

 

Бөлімдер:
14 қаңтар, 2015 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші