You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 878 Қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 878 Қаулысы

 

      "Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

 

      1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесi бекiтiлсiн.

 

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2004 жылғы 20 тамыздағы
N 878 қаулысымен   
бекiтiлген      

 

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы epeжeci

 

      Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және  Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының (бұдан әрi - Қор) қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруының тәртiбiн белгiлейдi.

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
      1) Қордың активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн алынған өсiмақы, инвестициялық кiрiс пен Қазақстан Республикасының заңнамасында Қордың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген өзге де комиссиялық сыйақыларды, әлеуметтiк төлемдерге және қате есептелген немесе артық төленген қаражаттың қайтарымына бағытталған қаражатты алып тастағандағы Қорға түскен түсiмдер;
      2) сенiмгерлiкпен басқару - сенiмгер басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiне басқару (бұдан әрi - Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару) жөнiндегi қызметi;
      3) сенiмгер басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
      4) ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару туралы келiсiм - Қор мен сенiмгер басқарушы арасындағы қатынастарды белгілейтiн және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқарудың шарттары мен тәртiбiн айқындайтын келiсiм;
      5) қаржы құралдары - бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) және қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi.

 

      2. Қор қаржы құралдарымен байланысты инвестициялық қызметтi Қордың активтерiн сенiмгер басқарушы арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.

 

      3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына , осы Ережеге, ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару туралы келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi

 

      4. Сенiмгер басқарушы Қор активтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес қаржы құралдарына орналастыруды жүзеге асырады.

 

      5. Сенiмгер басқарушы ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi операцияларды жасау үшiн Қорға банктiк шот пен инвестициялық кiрiстiң, сенiмгерлiкпен басқаруға берілген активтердiң есебiнен сатып алынған, орналастырылған депозиттер мен бағалы қағаздардың есебi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде теңгерiмнен тыс шоттарды ашады.

 

      6. Есеп жүйесiн жүргiзудiң және оны өзектi ұстап тұрудың шарттары мен тәртiбiн сенiмгер басқарушы белгілейдi.

 

3. Қорытынды ережелер

 

      7. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиiс.

 

Бөлімдер:
14 қаңтар, 2015 - 11:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші