check

You are here

Бос орындар туралы ақпарат

Құжаттар бос лауазымдар бойынша конкурс туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланнан бастап 10 жұмыс күн аралығында қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-33-65, факс 74-33-45, e-mail: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. Бас сарапшы – заң кеңесшісіне, С-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің құзыретіне жататын құқық мәселелері бойынша Комитеттің мүддесін білдіру, наразылық-талап жұмыстарын жүргізу, Комитет қызметін заң тұрғысынан сүйемелдеу, Комитет басшылығы жүктеген өзге функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

2. Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының сарапшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторына,  С-5 санаты (негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған мерзімге).

Функционалдық міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының жобасын әзірлеу,  республика бойынша өндірістік жарақаттану жағдайына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың себебі мен жағдайын талдау, оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу, Комитет басшылығы жүктеген өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе техникалық ғылымдар және технология  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

      1)  1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 086 нысан

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (түпнұсқасы  немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

 

1-қосымша             

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Өтініш

 

      Мені бос тұрған мынадай _______________________________________

_____________________________________________________________________

______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым

үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу

және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi

талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

      _________                                                  ____________________________________

       (қолы)                                                                             (Аты-жөні)

 

                                                                                                 «____»_______________ 20__ ж.

 

2-қосымша   

 

Фотосурет орны

(4х6)

 

САУАЛНАМА

(Өз қолымен толтырылады)

1. Тегi _____________________________________________________________

Аты _________________________________________________________________

Әкесiнiң аты ________________________________________________________

2. Азаматтығы _______________________________________________________

Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз _________________________________

3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ____________________

4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _____________________

Болған елiңiз _______________________________________________________

Болған уақытыңыз ____________________________________________________

Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз _________________________________

5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген

деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________

6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________

7. Сіз мынадай:

1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын

мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала

асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы

бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы

немесе зайыбы) болып табыласыз ба _______________________________.

8. Тілдерді білуі: __________________________________________________

9. Мекен-жайы және байланыс телефоны ________________________________

 

                                                       ______________

                                                         (жеке қолы)

 

                                          «___» _______________ 20 ж.

                                                (толтыру күні)

 

26 мамыр, 2014 - 17:03 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші