check

You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

       Қазақстан Республикасының

              Премьер-Министрі                                                  С. Ахметов

                                                                                    

 

 

 

 

                                                                            Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                                                            20    жылғы  «    »  №          қаулысымен 

                                                                            бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

 

1. «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі                         № 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35,                    394-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінде

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, агроном, агрохимик, әкімші, аккомпаниатор, акушер, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, маманның ассистенті (көмекшісі), режиссердің ассистенті, карантиндік зертхана бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биохимик (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), бухгалтер, карантиндік зертхана вирусологы, мал дәрігері, мал фельдшері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), геодезист, герболог (оның ішінде карантиндік зертхананың), гидрогеолог, гидротехник, емдәм бикесі, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, флот жөніндегі диспетчер, дыбыс режиссері, зоотехник, тіс дәрігері, тіс технигі, инспектор, барлық мамандықтағы инженер (оның ішінде геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері), инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), капитан, кинорежиссер, кинооператор, командир, конструктор, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), концертмейстер, корректор, мәдени ұйымдастырушы, тілші, зертханашы, орманшы, шебер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, менеджер, әдістемеші, механик, миколог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), микробиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, аң аулау маманы, палеограф, паразитолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), аудармашы, режиссердің көмекшісі, жетекшінің көмекшісі (оның ішінде ЖОО, ҒЗИ, ұлттық ғылыми-практикалық орталық), оқытушы, провизор, бағдарламашы, жобалаушы, продюсер, жұмыс жүргізуші (прораб), психолог, радиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), редактор, режиссер, қоюшы режиссер, репетитор, рентген зертханашысы, референт, үйірме жетекшісі, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), солист, әлеуметтанушы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және  айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мамандандырылған медициналық бике, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, зерттеуші-тағылымдамадан өтуші, статистик, технолог, барлық атаудағы техниктер, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фармацевт, фельдшер (-зертханашы), фитопатолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), шкипер, штурман, эколог, экономист, энергетик, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), заң кеңесшісі.»;

2. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«G-10» санатында:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілігі жоғары деңгейлі маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биолог, биохимик, бухгалтер, карантиндік зертхананың вирусологы, мал дәрігері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчері, дыбыс режиссері, зоолог, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, концертмейстер, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, ұшқыш-бақылаушы, логопед, мастер, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердің көмекшісі, провизор (фармацевт), продюсер, жұмыс өндіруші (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы, солист, әлеуметтанушы, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік педагог, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман, зерттеушi-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпидемиолог, эпизоотолог, заңгер консультант.».

3. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысында:

10-тармақта:

жетінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

оныншы абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

4. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 832-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:

2) тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) денсаулығының жай-күйіне байланысты бөгде адамның тұрақты (ішінара) күтіміне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.»;

6-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;»;

6-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 145, 147-баптары бойынша өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, денсаулығының жай-күйіне байланысты бөгде адамның тұрақты (ішінара) күтіміне және стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының                 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 145, 147-баптары бойынша өздерінің ата-аналарын жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.

Ерекше жағдайларда ардагерлер мен мүгедектер кеңесінің қолдаухаты бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелерге еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары бар, олармен  жанжалдардың себептері бойынша бірге тұра алмайтын  қарттар мен мүгедектер қабылданады.

Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:

ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен аспайтын) жарыместігі мен адамның айқын білінетін өзгеруі жоқ түрлі этиологиядағы дірілдеу синдромдарын қоспағанда);

карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.»;  

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) қызметті алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қорғаншының, қамқоршының) жазбаша өтініші (осы стандартқа 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

4) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);

5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) уәкілетті органның жолдамасы;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлік болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);

8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде әзірленеді, кейінгі бес жұмыс күні ішінде толтырылады және стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.»;

37-тармақтың 9) тармақшасының сөздері мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) медицина қызметкері жүзеге асырады;»;

42-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

49-тармақта:

4) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

5) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

50-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) медициналық ұйым мүгедектен мүгедектікті алған, үшінші топ (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектерге) мүгедектігін белгілеген, оның денсаулығының жай-күйі бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;»;

көрсетілген стандартқа 2-қосымшада:

«нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ______________________________________________» деген сөздерден кейін 

                 (мерзімі, нәтижесі)

«психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

         АИТВ инфекциясына қанның анализі  ______________________________

                                                                                     (мерзімі, нәтижесі)

мерезге қанның анализі ________________________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)

әйелдердің қынап жағындысы __________________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)

ерлердің уретральды жағындысы _______________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген стандартқа 3-қосымшада:

ескертудің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«** (67, 69, 72-тармақтар) – оқу топтары халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 41-тармағы                                            4) тармақшасына сәйкес қалыптастырылады»;

көрсетілген қаулымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым:

1) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде тиісті мамандырылған мектеп интернаттардың көмекші сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың;

балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;

жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;

бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;

ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;

2) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

жіті психотикалық симптоматиканың болмауымен, жарыместігінің немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;

жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;

жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);

айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;

айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;

жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдардың;

он сегіз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;

созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;

айқын білінетін психотикалық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшемелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;

эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;

тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;

айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;

айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының;

белсенді процесс стадиясындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.

3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар).

ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

психикалық аурулардың;

ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);

мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;

қайтымсыз гидроцефалияның;

нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы алкоголизмнің;

мінез-құлықтың психоұқсас түрлерінің болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық қабілетінің зақымдануы;

ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;

4) денсаулығының жай-күйіне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), қажетіне қарай (тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін немесе қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда) түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Мүгедектер мен қарттардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:

ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек                      (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз);

карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) қызметті алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қорғаншының, қамқоршының) жазбаша өтініші (осы стандартқа 1-қосымша) немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

4) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);

5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) уәкілетті органның жолдамасы;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлік болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушыларды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандары бақылағаннан кейін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап  бір күнтізбелік күн ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.»;

35-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1354 қаулысымен бекітілетін интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну»;

42-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

43-тармақта:

бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

50-тармақтың 4) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

51-тармақтың 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда;»;

51-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) қызмет алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

«51-1. Уәкілетті органның келісімімен қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін –заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші бойынша бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды жартылай стационарлық үлгідегі бір ұйымнан басқасына ауыстыру бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қызмет алушы қайта медициналық тексеруден өтеді және медициналық картаны ұсынады (осы стандартқа 2-қосымша)»;

көрсетілген стандартқа 2-қосымшада:

«нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ______________________________________________» деген сөздерден кейін 

                 (мерзімі, нәтижесі)

«психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

АИТВ инфекциясына қанның анализі  ______________________________

                                                                                     (мерзімі, нәтижесі)

мерезге қанның анализі ________________________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)

әйелдердің қынап жағындысы __________________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)

ерлердің уретральды жағындысы _______________________________

                                                                            (мерзімі, нәтижесі)» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген стандартқа 4-қосымшада:

ескертудің 5) тармақшасында 35 деген сан 42 деген санмен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында

5-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 145, 147-баптары бойынша өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары жұбайы (зайыбы) бар,  өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерге;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы        26 желтоқсандағы Кодексінің 145, 147-баптары бойынша өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Мүгедектер мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің, психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз), карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қорғаншының, қамқоршының) жазбаша өтініші (осы стандартқа 1-қосымша);

2) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлік болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/ауылдық әкімдердің анықтамасы);

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі; 

8) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша).

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлік болмаған кезде уақытша жеке куәлік беріледі.

4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/ауылдық әкімдердің анықтамасы);

5) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жазбаша өтінішті және осы стандарттың 14-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (осы стандартқа 2-қосымша) жасайды.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары бала, ТҚА бұзылған бала, он сегіз жастан асқан адам, мүгедек және қарт адам үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылданған күннен бастап оларды үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және үйде қызмет көрсету субъектісінің басшысы бекітеді.»;

33-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

34-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

45-тармақтың 7) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

46-тармақтың 4) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші бойынша, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші бойынша;

2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген кезде;

4) қызмет алушының басқа елді мекенге көшкен кезде;

5) куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтқан және кінә таққан кезде;

6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшартты бұзған кезде;

7) қызметті алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.»;

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды уақытша болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың жеке өзі барғанда (осы стандартқа 1-қосымша) немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары, денсаулық сақтау, ішкі істер салаларындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады. Белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы шешім шығарғанға дейін  көрсетіледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21-ден 9-ға дейін, қысқы уақытта сағат 18-ден 10-ға дейін) бір мәрте ыстық тамақпен қамтамасыз ете отырып, төсек-орын беріледі.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ отыз алты айдан асырмай ұзартылады.»;

39-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда), шарттық талаптар негізінде  ұйымнан тыс жерлерде жүзеге асырылады және қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;»;

51-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша  уақытша болу ұйымынан шығарылған қызмет алушылармен осы стандарттың 5-бөлімінде көзделген тәртіппен, бірақ  олар шығарылғаннан кейін бір күнтізбелік жылдан бұрын емес, ресоциализация туралы шарт жасалады.».

  

______________________________

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

         2014 жылғы «     »

         №      қаулысына қосымша

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына

 2-қосымша

 

Нысан

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

 

____________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)

Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні «___» _____________ __________ жыл
Үйінің мекенжайы____________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде; дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа): ____________________________________________________________________
Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург__________________________________________________________________________________________________________________________________
невропатолог_________________________________________________________
____________________________________________________________________
психиатр____________________________________________________________
____________________________________________________________________
окулист _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
отоларинголог________________________________________________________
____________________________________________________________________
дерматовенеролог_____________________________________________________
____________________________________________________________________
фтизиатр ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
терапевт/педиатр______________________________________________________
__________________________________________________________________
 

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды__________________________ __________________________________________________________________ Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог__________________________________________________________
 

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы  анализі _______________________________________________ (мерзімі, нәтижелері)

зәрдің жалпы анализі ________________________________________________

(мерзімі, нәтижелері)

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ___________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижелері)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы: _______________________________________________________________________________________________________________________________________
         (қызметтерді үйде күтім жағдайында алуға медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)

 

М.О.

 

Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________
                                                                                     (Т.А.Ә., қолы)

 

 20___ жыл «___» ____________

 

_________________________

 

 

 

 

 

Бөлімдер:
14 сәуір, 2014 - 19:43 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші