check

You are here

«Демалыс күнін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 1322 қаулысының қабылдануына байланысты 2013-2014 жылдарға арналған жұмыс уақытының балансын қолдану тәртібі туралы түсінік

«Демалыс күнін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің              2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 1322 қаулысының қабылдануына байланысты 2013-2014 жылдарға арналған жұмыс уақытының балансын қолдану тәртібі туралы түсінік

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Демалыс күнін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 1322 қаулысының (бұдан әрі –Қаулы) қабылдануына байланысты 2013-2014 жылдарға арналған жұмыс уақытының балансын қолдану тәртібін хабарлайды.

Қаулының 1-тармағы бойынша демалыс күнi 2013 жылғы сенбi 28 желтоқсаннан - жұма 2014 жылғы 3 қаңтарға ауыстырылуы қарастырылған.

Аталған өзгеріс тек сенбі, жексенбі күндері демалыс болып табылатын бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін және ауыстырылатын күн демалыс болып есептелетін қызметкерлерге қатысты қолданылатынын атап өту қажет.      

Осыған орай, Қаулының 1-тармағы жұмыс уақытының жиынтық есебi белгіленген ұйым қызметкерлеріне (яғни, ауысым кестелері өзгертілмейді деп есептейміз) және алты күндік жұмыс аптасы режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты қолданылмайды.         

   Қаулының 1-тармағы бойынша демалыс күнін ауыстыратын ұйымдарға, меншік нысанына қарамастан,  2013 жылдың желтоқсанында жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) саны көбейеді, ал 2014 жылдың қаңтарында сәйкесінше азаяды.

   Айтылғандарды ескере отырып, аталған ұйымдарға, яғни сенбі, жексенбі күндері демалыс болып табылатын бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін және ауыстырылатын күн демалыс болып есептелетін қызметкерлерге қатысты 2013 жылдың желтоқсаны мен 2014 жылдың қаңтарында жұмыс сағаттары уақытының нормасын нақтылау (түзету) қажет. Сәйкесінше, аталған айлардағы жалақыны есептеуді нақтыланған (түзетілген) жұмыс уақытының нормасына қарай жүзеге асыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

12 желтоқсан, 2013 - 12:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші