You are here

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы

 

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығы

 

      Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері:
      1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.НАЗАРБАЕВ.

 

21 қараша, 2013 - 16:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші