check

You are here

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат (2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша)

        2011 жылдың 1 шілдесінен халықтың табысын арттыру мақсатында тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен болған Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының  іске асырылуы басталды.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен жұмыспен қамту бағдарламасын алдағы уақытта іске асырылуын жетілдіру мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қабылданды.

         Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) 2009-2010 жылдардағы жол карталарының іске асыратын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаның  логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен  қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. инфрақұрылым және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету.

2. кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру.

3. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

2013 жылға бағдарламаның іс-шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 104,9 млрд. теңгені (2013 жылғы мамырда Республикалық бюджетті анықтауына дейін 74,3 млрд. теңгеге, 41,1 % өсуі) құрады.

2013 жылғы 1 қыркүйектегі Бағдарламаға қатысу үшін өтініш білдірген адамдар саны 79,4 мың адамды құрады, оның ішінде 76,0 мыңы Бағдарламаға қатысуға ниетін білдірді, олармен мемлекеттік қолдау шараларына өтініш білдірген қажеттілікті анықтау мақсатында сұқбаттасу өткізілді, содан кейін олар Бағдарламаға қатысуға өтініш берді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының шешімдері бойынша  жұмыс топтарының  отырысында (комиссия)  берілген өтініштерді қарастырғаннан кейін Бағдарлама қатысушылар құрамына  74,5 мың адам енгізілді, оның ішінде 73,4 мың адам әлеуметтік шартқа қол қойды.

Әлеуметтік шартқа қол қойған  Бағдарлама қатысушылары қатарында жұмыссыз 49221 адам (66,5 %) болып табылады, өз бетінше жұмыспен қамтылған-20104 адам (27,2 %), табысы аз адамдар санатына қатысты 4140 адам (5,6 %)  және жарым-жартылай жалданбалы қызметкерлер қамтылғандар жатады.

Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастар үлесін 55,0 % (40690 адам), әйелдер үлесі - 48,7 %  (36039 адам) құрайды.

Сонымен қатар Бағдарламаға 851 адам мүмкіндіктері шектелген, 293 адам оралмандар, 512 адам жалпы білім беру мектептерінің 11 сынып бітірушілері, 1174 адам мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылар, 150 адам балалар үйі тәрбиеленушілері, жетім - балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылады.

 Бұл ретте бос жұмыс орындарының дерек қорында бар мемлекеттік қолдау шараларының қолдауынсыз 7,9 мың адам  жұмысқа орналастырылды.

 

 

Бірінші бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй -  коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды

                                  қамтамасыз ету»

 

2013 жылы көрсетілген бағытты іске асыруға республикалық бюджеттен 49,5 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 8,5 млрд. теңгеге ауылдық жерлердегі фельдшерлік - амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға көзделген қаражат есебінен ауылдық жерлерде қосымша 22,3 мың жұмыс орындарын құру қарастырылған. 1606 жобаны іске асыру қарастырылған.

2013 жылғы 1 қыркүйектегі жобалардағы құрылған жұмыс орындарына 12 010 адам, оның ішінде 6186 адам Бағдарлама қатысушылары немесе 51,5 % жұмысқа орналастырылғандар қатарына жатады.

Бағдарлама қатысушылардың жұмысқа орналастырылған қатарынан жұмыссыз 2933 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2731 адам болып табылады, ал 522 адам табысы аз адамдар санатына жатады. Оның ішінде 22 адам оралмандар, 35 адам мүгедектер болып табылады.

Есептік күнге  222 жобаны іске асыру аяқталды.

 

                    Екінші бағыт: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы

                  жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту»

 

        2013 жылы  кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 361,7 млн. теңге бөлінді.

         Кәсіпкерлік негіздерін оқытудан 4494 адам өтті.

         Микрокредиттеуге бөлінген жалпы қаражат сомасы 23939,4 млн. теңгені құрастырады. Аталған қаражат есебінен 11,0 мың Бағдарлама қатысушыларын  кредит беруді жүзеге асыру көзделген.

         Жергілікті атқару органдарының деректері бойынша микрокредиттеуге бөлінген қаражат есебінен микрокредиттерді алу саны 6 618 адамды, оның ішінде әйелдер және 103 мүгедек адамдарды құрады.

        Микрокредит алу қатарынан 4515 адам жеке ісін ашты.

        Негізгі кәсіпкерліктің  даму саласы  ауыл шаруашылығы, ет өнімдерінің өндірісі, көкөністерді өсіру және бақша дақылдары болып табылады, барлық бөлінген кредиттердің 76 % құрайды.

        10 %  қайта өңдеу өнеркәсібінің (нан тағамдарын пісіру) өзінің жеке ісін ашуы, сондай-ақ қызмет көрсету саласында және қызмет көрсетуі (тігін және жөндеу, монша, шаштараз шеберханаларын ашу) құрастырады.

       Микрокредиттің орта мөлшері 2057,6 мың теңге деңгейін құрайды, соңғы заем алушы үшін ұсынылған кредит бойынша сыйақысының  ставкасы 6,1 % деңгейін құрады.

 

               Үшінші бағыт:   «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде

       оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

 

               Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

 

        2013 жылы кәсіптік оқытуға республикалық бюджеттен 11367,2 млн. теңге бөлінді.

        Кәсіптік оқытуды 303 білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

        Барлығы оқумен 42 366 адам (79,7 % жоспардан), оның ішінде:

  • кәсіби даярлаумен-33457 адам;

(бұл ретте 2009-2010 жылдардағы Жол картасы қатарынан - 9090 адам, 2011-2012 жылдардағы Жұмыспен қамту бағдарламасынан-24 367 адам оқуын жалғастырды)

  • қайта даярлаумен-7433 адам;
  • біліктілікті арттырумен-1476 адам қамтылды.

2013 жылғы 1 қыркүйекте 15266 адам оқуын аяқтады, оның ішінде

 6873 адам (45,0 %) жұмысқа орналастырылды.

Жалпы жұмысқа орналастырғандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарынан 6203 адам (90,2 %), әлеуметтік жұмыс орындарына 116

(1,7 %) және жастар практикасына 554 адам (8,1 %) жұмысқа

 орналастырылды.

       Жергілікті жерлерде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін

5987 жұмыс берушілермен келісімшарттар бекітілді, осыған сәйкес халықтың нысаналы топтарына қатысты жұмыссыз азаматтар қатарынан 21607 адам жұмысқа орналастырылды (17757 адам-121,7 % жоспар кезінде).

       Сонымен қатар ағымдағы жылы (2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) 2012 жылы жұмысқа орналастырылғандардың қатарынан

3460 адам жұмыстарын жалғастырды.

        Орта айлық еңбекақысы 45,3 мың теңгені құрады.

        Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 2734 адам (39,3 %) жұмысқа орналастырылды.2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысын аяқтағандардың қатарынан ағымдағы жылы 4425 адам жұмысқа орналастырылды.

       Бюджеттен еңбекақысына 2 397,3 млн.теңге жұмсалды.

        Жастар практикасын ұйымдастыруға 7 294 жұмыс берушілермен келісімшарттар бекітілді, осыған орай 18 860 адам жұмысқа орналастырылды, ол жоспардың 111,9 % (16853 адам) құрайды. Осыдан басқа ағымдағы жылы былтырғы жылы жолданған адамдардың қатарынан

2892 адам жұмысын жалғастыруда.

        Жастар практикасын өткеннен кейін 2038 адам (26,1%) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

        2012 жылы жастар практикасын аяқтағандардың қатарынан ағымдағы жылы 6272 адам жұмысқа орналастырылды.

        Жастар практикасы қатысушыларының еңбекақы шығындары

1492,1 млн. теңгені құрады.

 

 

            Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының

                                          ұтқырлығын арттыру

 

      Аталған бөлікті іске асыруға 2011-2013 жылдарға бөлінген жалпы қаражат сомасы шамамен 29,6 млрд. теңгені құрайды.

       Анықтаудан кейін аталған қаражат есебінен 1314 үй 4826 пәтер құрылысын салу белгіленген. Оның ішінде жеке тұрғын үйлер-1213, көппәтерлі үйлер-97.

       2013 жылғы 1 қыркүйекте 829 үй (3267 пәтер) құрылысы аяқталды.

       Бағдарлама қатысушылары және олардың отбасы мүшелері 806 үйге (2951 пәтер) қоныстандырылды немесе пайдалануға берілгеннен 90,3 %.

        Көшіп келген отбастарына 15,2 млн. теңге (56,9 % осы мақсаттарға көзделген сомадан) сомада көшуге субсидия берілді.

        Бүгінгі таңда 326 үй (1241 пәтер)  құрылысы жалғастырылуда және 159 үйдің (318 пәтер) құрылысы екінші жартыжылдыққа жоспарланған.

27 қыркүйек, 2013 - 10:01 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші