You are here

2013 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кеңейтілген алқа мәжілісінінің өтуі туралы

2013 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, Әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру бойынша министрліктің 2013 жылғы алғашқы жарты жылдығының қорытындысы және алда атқарылар шаралар талқыға түскен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісінің жұмысына:  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жетекшілері мен жауапты тұлғалары;   Астана, Алматы және облыс әкімдерінің орынбасарлары;  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комитеттерінің және олардың аймақтық бөлімшелерінің жетекшілері, сонымен бірге Зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша мемлекеттік орталық жетекшілері, «Біліктілікті арттыру курстары»,  «Жұмыспен қамтудың Ақпараттық аналитикалық орталығы» АҚ және т.б.

Мәжілісте төменде айтылған мәселелер қозғалды:

1. Ұжымдарда жиі кездесетін еңбек дауларының алдын-алу шаралары.

2. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асырудың қорытындысы және  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру туралы.

3. Мүгедектер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту шаралары туралы.

4. Әлеуметтік және еңбек салаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы

9 тамыз, 2013 - 10:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші