check

You are here

Ұйымдарда еңбекақы төлеудің әдіснамасы мәселесі бойынша ақпарат

Нарық жағдайында еңбек қатынастарының әрбір қатысушысына әлеуметтік әріптестік қағидаттарына негізделген іс-әрекетке келісім жасау жолымен еркіндік мүмкіндігі берілген.

            Яғни, еңбек қатынастарын реттеу кезінде дәл осы ұжымдық шартты реттеу басты рольді атқаруы қажет, өйткені заңнама қызметкерлердің барлық санатына тек ең төменгі кепілдіктерді бекітеді, ал әртүрлі санаттағы қызметкерлердің еңбек үшiн төленетiн сыйақысы ажыртым болуы қажет.

            Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 126-бабына сәйкес қызметкерлердiң еңбегiне уақыт бойынша, кесiмдi немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелерi бойынша ақы төленедi. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.

            Еңбекке ақы төлеу жүйесi тарифтiк, тарифсiз немесе аралас жүйелер негiзiнде қалыптастырылуы мүмкiн.

            Еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк жүйесi: тарифтiк ставкаларды (айлықақыларды), тарифтiк торды, тарифтiк коэффициенттердi қамтиды.

            Еңбекке ақы төлеудiң тарифсiз жүйесi еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердiң кәсiби қабiлеттерiн бағалаудың өлшемдерi мен принциптерiне және олардың түпкi нәтижеге қосқан үлестерiне қарай үлестiк бөлуге негiзделедi.
            Еңбекке ақы төлеудiң аралас жүйесiнде еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк және тарифсiз жүйелерiнiң элементтерi қамтылуы мүмкiн.

            Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.

            Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

            Осыған орай, еңбекақы төлеу кез-келген компанияны корпоративтік басқарудың бір бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, нарықтық экономика кезінде компаниялар қажетті кадрлар құрамы мен штат санын дербес қалыптастырады, компания қызметінің пайдасынан өзінше еңбекке ақы төлеу жүйесін әзірлеп, бекітеді.

Бұл ретте, жалақыны белгілеудің қағидаттары қызметкерлердің барлық санаттары үшін бірыңғай болып табылады, яғни жалақы қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай белгіленедi.

Қызметкерлер жоғарыда аталған актілерде айқындалған еңбекке ақы төлеу және ынталандыру ережелерімен таныс болу екендігін атап өту қажет.

             Жұмыс берушілер Кодекстің нормаларын бұзған жағдайда қызметкерлер өтінішпен  жергілікті мемлекеттік еңбек инспекторларына  немесе сотқа шағымданулары қажет.

 

 

14 маусым, 2013 - 10:27 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші