check

You are here

Еңбекақы төлеу бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жалақы  қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай төленедi, сондай-ақ ол өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді қамтиды.

Сонымен қатар, Кодексте қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер көзделген, олар:

  • айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
  • Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
  • еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;
  • үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;
  • мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;
  • түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;
  • жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;
  • жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;
  • жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерiн бекітуге  кепілдік береді (28-бап).

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгiленедi.

Бұл ретте, осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгiленетiн айлық жалақының ең төменгi мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерi мен әлеуметтiк төлемдердi, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымайды және жұмыс iстелген уақытқа барабар төленедi (Кодекстің 122-бабының 1-тармағы).

Осыған орай, республиканың барлық аумағында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшері мемлекеттік кепілдіктердің бірі болып табылады, жұмыс берушілердің азаматтарға одан төмен төлеуге құқығы жоқ.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн немесе бiрiншi разрядты қызметкердiң еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген айлық жалақысының ең төменгi мөлшерi немесе айлық тарифтiк ставкасының мөлшерi еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандартынан кем болмауға тиiс, ол еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн және салалық келiсiмдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн салалық арттырушы коэффиценттердi есептеуден айқындалады (Кодекстің 122-бабы).

Сонымен бірге, Кодекстің 204-бабына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен емес мөлшерде белгiленедi.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары  қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы  № 1284 Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Кодекстің 238-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 

Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен реттеледі.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселелері «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңымен реттеледі.

Мемлекеттік бюджеттен тыс ұйымдарда Кодекстің 126-бабына сәйкес қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.

Бұл ретте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

            Кодекстің 9-бабына сәйкес Кодекс қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне және жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылатындығын атап өту қажет.

             Осыған орай, республикада қызметкелердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі тиісті нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, бұл ретте жалақыны белгілеудің қағидалары қызметкерлердің барлық санаттарына бірыңғай болып табылады, яғни жалақы  қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай белгіленеді.

             Жұмыс берушілер Кодекстің нормаларын бұзған жағдайда қызметкерлер өтінішпен  жергілікті мемлекеттік еңбек инспекторларына  немесе сотқа шағымданулары қажет.

 

 

 

 

 

18 наурыз, 2013 - 12:59 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші