check

You are here

"Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010 жылғы 27 қыркүйектегi № 319-ө бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

 

"Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010 жылғы 27 қыркүйектегi № 319-ө бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 7 наурыздағы № 77-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 9 сәуiрде № 7531 тiркелдi

 

"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309); Казахстанская правда 12.05.2012 г., № 136-137 (26955-26956); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2012 жылғы № 8 (тираждың шыққан уақыты 24.07.2012 ж.)


 

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010 жылғы 27 қыркүйектегi № 319-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 6553 тiркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468) «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеу ережесiн бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған «Кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеу ережесi бекiтiлсiн.»;
      осы бұйрықпен бекiтiлген Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесi осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Халықты жұмыспен қамту департаментi (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Г. Әбдiқалықова    

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң   
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 77-ө-м бұйрығына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң  
2010 жылғы 27 қыркүйектегi
№ 319-ө бұйрығымен   
бекiтiлген      

Кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеу ережесi

      1. Кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеу ережесi «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу кезiнде кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.
      2. Кадрлардағы жергiлiктi қамту санаттар бойынша келiсiм шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергiлiктi қамтудың пайыздық мәнiн айқындау негiзiнде белгiленедi.
      3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:
      1) бiрiншi санат - басқарушы құрам;
      2) екiншi санат - жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар;
      3) үшiншi санат - бiлiктi жұмысшылар.
      Бiрiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелерi) ағымдағы қызметiн басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кiретiн адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметiн басқаруды, құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.
      Екiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлiмшелерiн басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы бiлiмi және жұмыс дағдысы, тәжiрибесi бар қызметкерлер жатады.
      Үшiншi санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125 бабында көзделген бiлiктi талаптарына сәйкес келетiн бiлiктi жұмысшылар жатады.
      4. Тиiстi санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

      h = VKC х 100%
           Vo
      мұндағы
      - VKC - тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
      - Vo - келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған тиiстi санаттағы персоналдың жалпы саны. 

Бөлімдер:
29 қараша, 2012 - 18:01 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші