check

You are here

Ішкі бақылау қызметінің 2011 жылғы 4 тоқсандағы жұмыс қорытындысы.

         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі бақылау департаменті 2011 жылы 4 тоқсанда Қаржы департаментінде және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-да 2 тақырыптық тексеріс жүргізді.

        Бақылау қорытындысы:

       1. Қаржы департаменті бойынша 24154,8 мың теңге жалпы сомасына, оның ішінде 21146,7 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша бұзушылықтар анықталды. Айқындалған бұзушылықтарды  жою бойынша Министрліктің ұсынысына Жауапты хатшы 2011 жылғы 23 желтоқсанда бекіткен Іс-шаралар жоспары қабылданды.

       2. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бойынша  қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының дұрыс жасалуына, қаржылық және штаттық тәртібін сақталуына, тауар-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың сақтығын қамтамасыз етілуіне және алатын алаңдардың белгіленген нормаларына сәйкестігіне тексеріс жүргізілді.   

      Тексеріс қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді: 2012 жылға арнап қаржы шаруашылық қызметі жоспары жобасының шығыстар баптарының есептерін жоспарлаған кезде өтінімдердің ауытқуын болдырмау мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу қажет, сонымен қатар қызметкерлерді тасуға және әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге арналған автокөлікті жалдау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде сатып алынатын қызметтердің техникалық тапсырмаларын анық және толық баяндап жазу керек.

      Ішкі бақылау департаментінің қызметкерлері барлық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік туралы заңнамасын сақтау бойынша практикалық көмек көрсетті.

4 шілде, 2012 - 17:08 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші