You are here

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 166 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы    № 330 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж.,  № 15, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi  К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2011жылғы «22» ақпандағы

 № 166 қаулысына

 қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2009 жылғы 14 наурыздағы

№ 330 қаулысымен

бекiтiлген

                                                                  

 Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк

берiлген көлемiнiң

тiзбесi

 1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемi қызмет алушылардың мынадай:   

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға  (бұдан әрi – балалар);

2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрi – 18 жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі – мүгедектер);

5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты  бұзылған адамдарға (отбасыларға), сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз  адамдарға  (отбасыларға) ұсынылады.

2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесi: 

әлеуметтiк-тұрмыстық;

әлеуметтiк-медициналық;

әлеуметтiк-психологиялық;

әлеуметтiк-педагогикалық;

әлеуметтiк-еңбек;

әлеуметтiк-мәдени;

әлеуметтiк-экономикалық;

әлеуметтiк-құқықтық қызметтерді қамтиды.

3. Тұрмыстағы қызмет алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер мыналарды қамтиды:

жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер көрсету;

ұйымдарда оңалтуға, емдеуге, білім беруге, мәдени іс-шараларға, паллиативтік көмекті ұйымдастыруға, діни әдет-ғұрыптарды өткізуге, емдеу-еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жасақталған үй-жайлар беру;

мүгедектер мен 18 жастан асқан денсаулығының жағдайы бойынша жұмыс істеу қарсы көрсетілмеген адамдар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға жағдай жасау;

бөгде адамдардың көмегінсіз тұрмыстық қажеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бейімделген үй-жайлар мен құрылғылар беру;

санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету;

кенеулі және диеталық тамақтануды ұсыну;

тұрмыстық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету (кiр жуу, кептiру, үтiктеу, iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);

қызмет алушылардың отбасы мүшелерiне жеке қызмет көрсету және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;

қарттар мен мүгедектерге хат жазуда және оқуда көмек көрсету;

түскі ыстық тамақ, күнделікті қажетті азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;

қарттар мен мүгедектерге тамақ пісіруге, кір жууға, пеш жағуға, ағаш, көмір және су әкелуге көмектесу.

4. Қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтiк-медициналық қызметтер  мыналарды қамтиды:

медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

дәрігер келгенге дейін көмек көрсету;

медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;

тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға жәрдемдесу;

мүгедектердi санаторийлік-курорттық емдеумен, оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

қызмет алушыларға техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және естуді протездеу көмегін алуға жәрдемдесу;

медициналық-әлеуметтік мәселелер жөнінде, оның ішінде жасына қарай бейімдеу мәселелері жөнінде консультация беру;

денсаулығына байланысты рәсімдердіжүргізу;

алғашқы медициналық тексеру және  алғашқы санитарлық өңдеуді жүргізу;

қызмет алушыларға денсаулығының жағдайына қарай күтiмдi қамтамасыз ету;

алғашқы медициналық-санитарлық көмеккөрсету;

санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету;

емдеу-сауықтыру iс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру;

әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізу;

емдейтін дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (терінің және бұлшық еттердің астына жіберілетін инъекциялар, компресс қою, жатқан жерін, жараларын таңу, өңдеу,  тазалау клизмаларын жасау, зертханалық зерттеу жүргізу үшін материал алу, катетерлер мен медициналық бұйымдарды қолдануға көмек көрсету);

паллиативтік көмек қызметін көрсету;

дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып бару;

балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронажды қадағалау;

отбасы мүшелерін үй жағдайында өткізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету.

5. Қызмет алушыларды қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіру мен кіріктіруге бағытталған олардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейтін әлеуметтiк-психологиялық қызметтер мыналарды қамтиды:

психологиялық диагностика және  жеке тұлғаны тексеру;

әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі қадағалау);

мүгедектермен және қарттармен психопрофилактикалық жұмыс;

қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, ынталандыру, белсенділікке бейімдеу;

қызмет алушыларды психологиялық түзету;

қызмет алушылар мен олардың бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдау;

отбасы мүшелерiне қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және жою үшiн психологиялық көмек көрсету.

6. Балалардың, ТҚА бұзылған балалардың физикалық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып, оларды педагогикалық түзетуге және оқытуға, сондай-ақ балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық дағдыларды үйретуге бағытталатын  әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер мыналарды қамтиды:

әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру;

арнайы оқу бағдарламалары бойынша балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес олардың білім алуына жәрдемдесу;

ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;

балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қолөнер негіздеріне үйрету;

өзне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиенасын, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мiнез-құлықты қалыптастыру, өзiн-өзі бақылау, қарым-қатынас жасау дағдылары және тiршiлiк әрекеттерiнiң басқа да нысандары жөнiндегi қызметтер;

баланы, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды  педагогикалық диагностикалауды және жеке тұлғалық даму  деңгейін тексеруді жүргізу;

балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;

ымдау тiлiне аудару жөнiндегi қызметтер;

балаларды мектепке дейiн тәрбиелеу және олардың арнайы бiлiм беру оқыту бағдарламалары бойынша бiлiм алуы үшiн жағдай жасау мәселелерi жөнiнде отбасы мүшелерiне консультация беру;

кәсіптік білім алуға жәрдемдесу;

ата-аналарына немесе отбасының басқа мүшелерiне үй жағдайында оңалту негiздерiн үйрету;

отбасы мүшелеріне балалардың және 18 асқан адамдардың бойында үй жағдайында қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.     

7. Қызмет алушылардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыруға,     18 жастан асқан адамдардың, мүгедектер мен қарттардың бойында қалған еңбек дағдыларын сақтауға және дамытуға және еңбек қызметiн ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтiк-еңбек қызметтерi мыналарды қамтиды:

қызмет алушылардың бойында бар еңбек дағдыларын тексеру жөнінде   іс-шаралар жүргізу;

емдеу-еңбек қызметін жүргізу;

еңбек дағдыларын қалыптастыру жөнiндегi қызметтер;

ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсiптік бағдарлау;

мүгедектерді кәсіптік оңалту;

бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;

қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөнінде     іс-шаралар жүргізу;

қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың бойында ұмыт болған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер;

жеке физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп игеруге жәрдемдесу.       

8. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтiк-мәдени iс-шараларды өткiзуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтiк-мәдени қызметтер мыналарды қамтиды:

мерекелердi және  бос уақыттағы iс-шараларды ұйымдастыру;

клубтық және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

қызмет алушыларды бос уақыттағы іс-шараларға, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту (экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге және  басқа іс-шараларға бару).

9. Қызмет алушылардың өмiр сүру деңгейiн қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық қызметтер мыналарды қамтиды:

әлеуметтiк төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу;

қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелейтін және          18 жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзiн-өзi қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелерi бойынша консультация беру.

10. Қызмет алушылардың құқықтық мәртебесiн қолдауға немесе өзгертуге, заңды көмек көрсетуге, олардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған әлеуметтiк-құқықтық қызметтер  мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру және көмекке құқығына  байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;

заңдық маңызы бар құжаттарды ресiмдеуде көмектесу;

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шек қоятын ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым даярлауға және беруге көмек көрсету;

заңды көмек көрсету және заңнама белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхатпен алу;

жетiм балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеудегi көмектi қоса алғанда, заңды консультация беру;

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында  белгiленген жағдайларда және тәртiппен адвокаттың заңдық көмегін тегiн алуға жәрдемдесу;  

қызмет алушылардың немесе олардың отбасы мүшелерінің үстінен жасалған дене және психикалық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу;

қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның ішінде            ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;

қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын және заңдық маңызы бар басқа да құжаттарды алу үшiн құжаттарды ресiмдеуде заңдық көмек көрсетуге жәрдемдесу.

 ________________________

       

 

Бөлімдер:
6 қыркүйек, 2011 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші