You are here

«Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы

       «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 23) тармақшасына, 44-бабының  4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) тiзбесi;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе);
      3) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн сатып алу қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Тiзбеде көзделген тауарлар, жұмыстар, қызметтер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан осы тауарларды, жұмыстарды қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң 100 (жүз) пайызы көлемiнде сатып алынады.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Мүгедектердiң республикалық қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiн, олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесiн, Тапсырыс берушiлердiң олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 574-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 19 ақпандағы № 191 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 80-құжат).
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдар

Бизнес сәйкестендiру нөмiрi

1

2

1. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

920440000055

2. «Қазақ соқырлар қоғамының № 1 Алматы оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

941140001019

3. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң № 2 Алматы оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

990740001939

4. «Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

950140001216

5. «Қазақ соқырлар қоғамының, Ақмола оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

980140003595

6. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

941240000321

7. «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

920240000761

8. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Жамбыл оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

611040000049

9. «Қазақ соқырлар қоғамының Жетiсу оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

041240007053

10. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Көкшетау оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

021040001300

11. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Қарағанды оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

990540003006

12. «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

990340000014

13. «Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

941140001564

14. «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

071040005134

15. «Қазақ соқырлар қоғамының Леңгiр оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

910340000024

16. «Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

940940000453

17. «Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

941240001469

18. «Қазақ соқырлар қоғамының Рудный оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

011040003880

19. «Қазақ соқырлар қоғамының Сәтпаев оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

930240000486

20. «Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

100240020418

21. «Қазақ соқырлар қоғамының Талғар оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

990640000461

22. «Қазақ соқырлар қоғамының Түркiстан оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

030240004788

23. «Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

050640005368

24. «Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

940340000045

25. «Қазақ соқырлар қоғамының № 2 Өскемен оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

040140000812

26. «Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

490940000011

27. «Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

950140001058

28. «Қазақ соқырлар қоғамының Екiбастұз оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

940740001325

29. «Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

971040001902

30. «Қазақ соқырлар қоғамының З.Б.Бейсеков атындағы «Спутник» демалыс үйi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

100440014738

31. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Ақтөбе оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

920140000837

32. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң № 1 Алматы оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

370340000015

33. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң № 2 оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мемлекеттiк емес мекемесi, Алматы қ.

930640000629

34. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң № 3 Алматы оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

980440004277

35. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 4 Алматы оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

000640004251

36. «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

620840000017

37. «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

921040000599

38. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Қарағанды оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» жеке меншiк мекемесi.

941240000490

39. «Қазақ саңыраулар қоғамының Қызылорда оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

950940000574

40. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi, Қостанай қаласы.

950140000664

41. «Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мемлекеттiк емес мекемесi.

941240002070

42. «Қазақ саңыраулар қоғамының Семей оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

920140000533

43. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Талдықорған оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

660840000064

44. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Тараз оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

920240000672

45. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi, Өскемен қаласы.

930240000565

46. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Орал оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

941240002407

47. «Қазақ саңыраулар қоғамының «Шымкент оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

971240002274

48. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Щучье оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» мекемесi.

940940001164

49. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң республикалық қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Кроива-Көмекшi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қ.

080740016838

50. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң республикалық қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Кроива-Print» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қ.

080740016868

51. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерiнiң қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Оңалту техникасы орталығы - Надежда» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қ.

080740016888

52. «Жанат» мүгедектердi белсендi оңалту спорт орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Астана қ.

990140005932

53. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Инватакси» оңалту қызметтерiн көрсету орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

090540009453

54. «ШАНС» мүгедектердi оңалту орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «ШАНС-Кокше» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

100440000956

55. «Медеу ауданы мүгедектердiң ерiктi қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Media Group» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қ.

080240019001

56. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерiнiң қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «SU Service group» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қ.

080840001259

57. «Мүтедектердi оңалту өндiрiстiк кәсiпорны» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Петропавл К-58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергiлiктi қоғамдық бiрлестiгiнiң «Дәм» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

911140000273

58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергiлiктi қоғамдық бiрлестiгiнiң «Дәм» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

981240002206

59. «Казмедсервис плюс мүгедектер қоғамы»
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Астана қ.

080740010343

60. «Лайықты өмiр» мүгедектердi оңалту орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Социал 2010» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Қарағанды қ.

100340021797

61. «Әлеуметтiк қызметтер орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Социус 2010» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Қарағанды қ.

100340021767

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен     
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi

Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесi

Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм кодтары (ЭҚТӨК)

1

2

Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлерi, сүлгi, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар;

13.92.12

аспаздың костюмi, пiсiрушiнiң костюмi, түрлi қалпақтар;

13.92.13

дәретхана қағазы, қағаз сүлгiлер;

13.92.14

перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, түрлi шымылдықтар;

13.92.15

шахтер сөмкесi, түрлi қаптар, шахтер белбеуi;

13.92.21

термоберiк брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмi, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетiн күрте, брезент костюм, дәнекерлеушiнiң, аккумуляторшының костюмi, жұмыс комбинезоны, су өткiзбейтiн қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай;

14.12.11

түрлi бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тiгiлген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмi, терiден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы көкiрекше, жылы куртка, далаға киетiн бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, терiден жасалған костюм;

14.13.11

әр түрлi пижамалар, ерлердiң iш киiмдерi, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әр түрлi жейделер;

14.14.12

жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық

14.19.11

барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар;

14.19.13

түрдi үшкiл орамалдар, шлемнiң астынан киетiн түрлi қалпақтар, қол орамал, жаға астары;

14.19.23

жұмыс халаты, түрлi алжапқыштар, бiрегей нысанды киiм (офицерлiк құрамнан басқа), сигналдық көкiрекше, барлық түрдегi медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлi бахилалар, нысанды және арнайы киiм, көрпе, госпиталь халаттары, түрлi халаттар, түрлi мектеп формалары;

14.12.30

үлбiр құлақшын;

14.20.99

аяқ киiм тiгу және жөндеу;

15.20.99

қоқыс тазалайтын қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, iлгiштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектерi, құжат тiгiлетiн папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка - металл дөңгелек, жануарлардың бауы, рабицатор;

22.29.91

құжат тiгiлетiн папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;

17.23.12

орайтын қораптар, мұрағат қораптары;

17.21.14

фармацевтикалық қызмет, дәрiлiк заттарды өндiру, жасау және сату;

21.20.99

биметалл камералық температуралық реле датчигi, автоөткiзгiштер, шамдар, розеткалар, өшiргiштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезiндегi хабарлағыштар, 1000 В-гe дейiнгi кернеудегi түрлi модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндiру-күзет сигнализациясының аспаптары;

27.12.31

көлiк құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектерi (сүзгiлер, щеткалар, оратын сәуле, елейтiн шатун);

28.30.93

үй-жайлар мен аумақтарды жинау;

81.29.19

абаттандыру, көгалдандыру;

81.30.10

мүгедектердiң демалысын және санаторийлiк-курорттық емдеудi ұйымдастыру;

88.10.13

жерлеу;

98.03.12

полиграфиялық, жарнамалық, баспа;

73.11.11

қылқалам-щетка бұйымдары;

32.91.19

мүгедектердiң оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергiш-көлiк құрылғылары мен механизмдер, телерадиоаппаратура);

28.22.99

ағаштан жасалған бұйымдар (түрлi саптар, салатын жәшiктер);

18.29.91

үй-жайларды жалға беру;

41.00.20

кресло-арбалар;

30.92.20

жиһаз жасау.

31.09.99

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрғaн, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн сатып алу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн сатып алу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын мүгедектер құрайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн жұмыстарды орындайтын қызмет көрсететiн ұйымдардан (бұдан әрi - Ұйымдар) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн сатып алу тәртiбiн айқындайды.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн Ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде олар өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуды, осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң 100 (жүз) пайызы көлемiнде жүзеге асырады.

2. Ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн сатып алу тәртiбi

      3. Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде олардың арасынан өнiм берушiнi таңдап алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңында көзделген ережелерге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiне, осы Қағидада көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысымен бекiтiлген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алуды «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар осы Қағиданың 4-тармағында көзделген тәсiлдермен тек Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететiн ұйымдардың тiзбесiнде көрсетiлген Ұйымдардан ғана мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
      6. Хабарландыру мәтiнiнде басқаларымен қатар конкурс және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлдерiмен мемлекеттiк сатып алуға тек Ұйымдар ғана жiберiлетiнi көрсетiледi.
      7. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 16-бабының 4-тармағында көзделген негiздемелер бойынша өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды Ұйымдар арасында қайта өткiзу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды Ұйымдар арасында қайта өткiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
      8. Егер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасауға алып келмесе, тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асыруға құқылы.
      9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен Ұйымдар арасында электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      Бұл ретте баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу екi рет өтпедi деп танылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асыруға құқылы.
      10. Осы Қағидада реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелерi «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңын, Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн және Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн басшылыққа алады.

Бөлімдер:
10 мамыр, 2011 - 11:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші