You are here

«Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2009 жылғы 14 наурыздағы
N 330 қаулысымен   
бекiтiлген      

Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк
берiлген көлемiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тiзбе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.02.22 N 166Қаулысымен.

      1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемi қызмет алушылардың мынадай:
      1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға
(бұдан әрi - балалар);
      2) тiрек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрi - ТҚА бұзылған балалар);
      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрi - 18 жастан асқан адамдар);
      4) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер (бұдан әрi - мүгедектер);
      5) жасының егде тартуына байланысты өзiне-өзi күтiм жасауға қабiлетсiз адамдар қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға (отбасыларға), сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзiне-өзi күтiм жасауға қабiлетсiз адамдарға (отбасыларға) ұсынылады.
      2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесi:
      әлеуметтiк-тұрмыстық
      әлеуметтiк-медициналық
      әлеуметтiк-психологиялық
      әлеуметтiк-педагогикалық
      әлеуметтiк-еңбек;
      әлеуметтiк-мәдени;
      әлеуметтiк-экономикалық
      әлеуметтiк-құқықтық қызметтердi қамтиды.
      3. Тұрмыстағы қызмет алушылардың тыныс-тiршiлiгiн қолдауға бағытталған әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер мыналарды қамтиды:
      жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер көрсету;
      ұйымдарда оңалтуға, емдеуге, бiлiм беруге, мәдени iс-шараларға, паллиативтiк көмектi ұйымдастыруға, дiни әдет-ғұрыптарды өткiзуге, емдеу-еңбек қызметiн ұйымдастыруға, өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау негiздерiне үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жасақталған үй-жайлар беру;
      мүгедектер мен 18 жастан асқан денсаулығының жағдайы бойынша жұмыс iстеу қарсы көрсетiлмеген адамдар үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыруға жағдай жасау;
      бөгде адамдардың көмегiнсiз тұрмыстық қажеттiктерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн бейiмделген үй-жайлар мен құрылғылар беру;
      санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын қолдау жөнiнде қызметтер көрсету;
      кенеулi және диеталық тамақтануды ұсыну;
      тұрмыстық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету (кiр жуу, кептiру, үтiктеу, iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
      қызмет алушылардың отбасы мүшелерiне жеке қызмет көрсету және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
      қарттар мен мүгедектерге хат жазуда және оқуда көмек көрсету;
      түскi ыстық тамақ, күнделiктi қажеттi азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларды сатып алу және үйге жеткiзiп беру;
      қарттар мен мүгедектерге тамақ пiсiруге, кiр жууға, пеш жағуға, ағаш, көмiр және су әкелуге көмектесу.
      4. Қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтiк-медициналық қызметтер мыналарды қамтиды:
      медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
      дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету;
      медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
      тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға жәрдемдесу;
      мүгедектердi санаторийлiк-курорттық емдеумен, оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      қызмет алушыларға техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
      мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес протездiк-ортопедиялық және естудi протездеу көмегiн алуға жәрдемдесу;
      медициналық-әлеуметтiк мәселелер жөнiнде, оның iшiнде жасына қарай бейiмдеу мәселелерi жөнiнде консультация беру;
      денсаулығына байланысты рәсiмдердi жүргiзу;
      алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеудi жүргiзу;
      қызмет алушыларға денсаулығының жағдайына қарай күтiмдi қамтамасыз ету;
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету;
      емдеу-сауықтыру iс-шараларын, оның iшiнде денсаулық сақтау мекемелерiнде ұйымдастыру;
      әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын жүргiзу;
      емдейтiн дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу (терiнiң және бұлшық еттердiң астына жiберiлетiн инъекциялар, компресс қою, жатқан жерiн, жараларын таңу, өңдеу, тазалау клизмаларын жасау, зертханалық зерттеу жүргiзу үшiн материал алу, катетерлер мен медициналық бұйымдарды қолдануға көмек көрсету);
      паллиативтiк көмек қызметiн көрсету;
      дәрiгердi үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып бару;
      балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронажды қадағалау;
      отбасы мүшелерiн үй жағдайында өткiзiлетiн медициналық күтiм негiздерiне үйрету.
      5. Қызмет алушыларды қоршаған ортаға әлеуметтiк бейiмдеуге, әлеуметтендiру мен кiрiктiруге бағытталған олардың психологиялық жағдайын түзетудi көздейтiн әлеуметтiк-психологиялық қызметтер мыналарды қамтиды:
      психологиялық диагностика және жеке тұлғаны тексеру;
      әлеуметтiк-психологиялық патронаж (жүйелi қадағалау);
      мүгедектермен және қарттармен психопрофилактикалық жұмыс;
      қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, ынталандыру, белсендiлiкке бейiмдеу;
      қызмет алушыларды психологиялық түзету;
      қызмет алушылар мен олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiн психологиялық қолдау;
      отбасы мүшелерiне қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және жою үшiн психологиялық көмек көрсету.
      6. Балалардың, ТҚА бұзылған балалардың физикалық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiн ескере отырып, оларды педагогикалық түзетуге және оқытуға, сондай-ақ балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, 18 жастан асқан адамдарға тұрмыстық дағдыларды үйретуге бағытталатын әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер мыналарды қамтиды:
      әлеуметтiк-педагогикалық консультация беру;
      арнайы оқу бағдарламалары бойынша балалардың физикалық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiне сәйкес олардың бiлiм алуына жәрдемдесу;
      ТҚА бұзылған балалардың жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алуына жәрдемдесу;
      балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қолөнер негiздерiне үйрету;
      өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиенасын, тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы мiнез-құлықты қалыптастыру, өзiн-өзi бақылау, қарым-қатынас жасау дағдылары және тiршiлiк әрекеттерiнiң басқа да нысандары жөнiндегi қызметтер;
      баланы, оның iшiнде ТҚА бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарды педагогикалық диагностикалауды және жеке тұлғалық даму деңгейiн тексерудi жүргiзу;
      балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;
      ымдау тiлiне аудару жөнiндегi қызметтер;
      балаларды мектепке дейiн тәрбиелеу және олардың арнайы бiлiм беру оқыту бағдарламалары бойынша бiлiм алуы үшiн жағдай жасау мәселелерi жөнiнде отбасы мүшелерiне консультация беру;
      кәсiптiк бiлiм алуға жәрдемдесу;
      ата-аналарына немесе отбасының басқа мүшелерiне үй жағдайында оңалту негiздерiн үйрету;
      отбасы мүшелерiне балалардың және 18 асқан адамдардың бойында үй жағдайында қажеттi өмiр сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
      7. Қызмет алушылардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдардың, мүгедектер мен қарттардың бойында қалған еңбек дағдыларын сақтауға және дамытуға және еңбек қызметiн ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтiк-еңбек қызметтерi мыналарды қамтиды:
      қызмет алушылардың бойында бар еңбек дағдыларын тексеру жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
      емдеу-еңбек қызметiн жүргiзу;
      еңбек дағдыларын қалыптастыру жөнiндегi қызметтер;
      ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектердi кәсiптiк бағдарлау;
      мүгедектердi кәсiптiк оңалту;
      бейiнi бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      қызмет алушыларды қол жетiмдi кәсiптiк дағдыларға үйрету жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
      қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың бойында ұмыт болған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтiру жөнiндегi қызметтер;
      жеке физикалық мүмкiндiктерi мен ақыл-ой қабiлеттерiне сәйкес кәсiп игеруге жәрдемдесу.
      8. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтiк-мәдени iс-шараларды өткiзуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтiк-мәдени қызметтер мыналарды қамтиды:
      мерекелердi және бос уақыттағы iс-шараларды ұйымдастыру;
      клубтық және үйiрме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
      қызмет алушыларды бос уақыттағы iс-шараларға, мәдени iс-шараларға қатысуға тарту (экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге және басқа iс-шараларға бару).
      9. Қызмет алушылардың өмiр сүру деңгейiн қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық қызметтер мыналарды қамтиды:
      әлеуметтiк төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу;
      қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелейтiн және 18 жастан асқан адамдарды күтудi жүзеге асыратын отбасыларға өзiн-өзi қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелерi бойынша консультация беру.
      10. Қызмет алушылардың құқықтық мәртебесiн қолдауға немесе өзгертуге, заңды көмек көрсетуге, олардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған әлеуметтiк-құқықтық қызметтер мыналарды қамтиды:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру және көмекке құқығына байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;
      заңдық маңызы бар құжаттарды ресiмдеуде көмектесу;
      арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шек қоятын ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым даярлауға және беруге көмек көрсету;
      заңды көмек көрсету және заңнама белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтiк төлемдердi сенiмхатпен алу;
      жетiм балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеудегi көмектi қоса алғанда, заңды консультация беру;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгiленген жағдайларда және тәртiппен адвокаттың заңдық көмегiн тегiн алуға жәрдемдесу;
      қызмет алушылардың немесе олардың отбасы мүшелерiнiң үстiнен жасалған дене және психикалық зорлыққа кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға жәрдемдесу;
      қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның iшiнде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;
      қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ құжаттарды ресiмдеуге көмек көрсету;
      қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын және заңдық маңызы бар басқа да құжаттарды алу үшiн құжаттарды ресiмдеуде заңдық көмек көрсетуге жәрдемдесу.

Бөлімдер:
10 мамыр, 2011 - 09:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші