check

You are here

"Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы конвенцияны бекiту туралы" № 129 Конвенция (Қазақстан 2001 жылғы 7 мамыр N 195-II Республикасының Заңымен бекітілген )

Женевада 1969 жылғы 25 маусымда Халықаралық Еңбек ұйымы Бас 
конференциясының 53-шi сессиясы қабылдаған Ауыл шаруашылығындағы еңбек 
инспекциясы туралы конвенция (129-Конвенция) бекiтiлсiн. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президентi 
     
     
                    Халықаралық еңбек конференциясы
     
     129-конвенция
     
                АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ
                          ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
 
<*> 
     
     
 
<*>(2002 жылғы 6 шiлдеден бастап күшiне ендi - ҚР халықаралық 
              шарттары бюллетенi, 2002 ж., N 7, 54-құжат) 
     
 


      Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1969 жылдың 4 маусымында өзiнiң елу үшiншi сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
      қолданылып жүрген еңбек инспекциясына қатысты еңбек мәселелерi жөнiндегi халықаралық конвенциялардың, мәселен өнеркәсiп пен саудада қолданылатын 1947 жылғы Еңбек инспекциясы туралы конвенцияның және 1958 жылғы Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының шектеулi санатын қамтитын плантациялар туралы конвенцияның ережелерiн назарға ала отырып,
      ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жөнiндегi халықаралық нормаларды қабылдаудың қажеттiгiн жалпы ескере отырып,
      сессияның күн тәртiбiнде төртiншi тармақ болып табылатын ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдау туралы қаулы ете отырып,
      осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып,
      осы бiр мың тоғыз жүз алпыс тоғызыншы жылдың маусым айының жиырма бесiншi жұлдызында 1969 жылғы Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы конвенция деп атауға болатын осы Конвенцияны қабылдайды.

                            1-бап

      1. Осы Конвенциядағы "ауыл шаруашылық кәсiпорны" деген термин жер өңдеумен, мал өсiрумен және оларды күтудi қоса алғанда, мал шаруашылығымен, орман шаруашылығымен, бау-бақша шаруашылығымен, ауыл шаруашылық өнiмдерiн бастапқы ұқсатумен немесе ауыл шаруашылық жұмыстарының кез келген басқа түрлерiмен жер өңдеушiнiң өзi айналысатын кәсiпорындарды немесе кәсiпорындардың бөлiктерiн бiлдiредi.
      2. Қажет болған жағдайда, өкiметтiң уәкiлеттi органы, бiр де бiр ауыл шаруашылығы кәсiпорнын еңбек инспекциясының ұлттық жүйесiнен шығарып тастамау үшiн, мүдделi кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң неғұрлым өкiлеттi органдарымен, ондайлар бар болған жерде, консультациялар жүргiзiлгеннен кейiн, бiр жағынан ауыл шаруашылығы, екiншi жағынан өнеркәсiп пен сауданың арасына шек қояды.
      3. Қайсыбiр кәсiпорынға немесе кәсiпорынның бiр бөлiгiне қатысты

 
 
Конвенцияны қолдану жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, мәселенi өкiметтiң 
құзыреттi органы шешедi.
     
                            2-бап
     
     Осы Конвенциядағы "заң ережелерi" деген термин заңдар мен қаулылардан 
басқа арбитраждық шешiмдер мен қолданылуын еңбек инспекторлары қамтамасыз 
ететiн заң күшi бар ұжымдық шарттарды қамтиды.
     
                             3-бап
     
     Осы Конвенция өзiне қатысты күшiнде болатын Халықаралық Еңбек 
Ұйымының әрбiр Мүшесiнiң ауыл шаруашылығында еңбек инспекциясының жүйесi 
болуы мiндеттi.
     
                             4-бап
     
 


      Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының жүйесi, олардың сыйақысының түрi мен жобасына, олардың еңбек шартының нысаны мен ұзақтығына қарамастан, еңбекшiлер мен оқушылар жалданып жұмыс iстейтiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына қолданылады.

                               5-бап

      1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтетiн кез келген Мүшесi бекiтуге қоса берiлетiн өтiнiшiнде өзiнiң ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жүйесiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында жұмыс iстейтiн адамдардың мынадай бiр немесе бiрнеше санатына:
      а) жалдамалы еңбектi пайдаланбайтын жалға алушыларға, сыбағаластар мен осындай санаттағы ауыл шаруашылығы еңбекшiлерiне;
      b) ұжымдық шаруашылыққа қатысушы адамдар, мәселен, кооператив мүшелерiне;
      с) ұлттық заңның белгiлеуiне сәйкес ауыл шаруашылығы кәсiпорны басшысы отбасының мүшелерiне қолдануға өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.
      2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен кез келген Мүшесi бекiтуден кейiн жоғарыдағы тармақта аталған және осының алдындағы өтiнiшiне байланысты әлi де қамтылмаған адамдардың бiр немесе бiрнеше санаттарына ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жөнiндегi өз жүйесiн қолдануды өз мiндетiне алатынын көрсете отырып, Халықаралық еңбек Бюросының Бас Директорына өтiнiш жiберуi мүмкiн.
      3. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен әрбiр Мүшесi Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес ұсынатын өзiнiң баяндамаларында, 1-тармақта көрсетiлген және осының алдындағы өтiнiшiне байланысты әлi де қамтылмаған адамдардың санаттарына осы Конвенцияның ережелерiн қандай шамада қолданатынын немесе қолдануға ниеттенетiнiн көрсетедi.

                             6-бап

      1. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жүйесiнiң мынадай функциялары болады:
      а) заң ережелерiн, мәселен, жұмыс уақыты, жалақы, апталық демалыс пен жыл сайынғы демалыстар, еңбек қауiпсiздiгi, денсаулық сақтау мен тұрмыстық қызмет көрсету, әйелдердiң, балалар мен жасөспiрiмдердiң еңбегiн пайдалану туралы және басқа да осындай мәселелер жөнiндегi ережелердi жұмыста еңбекшiлерге еңбек жағдайын жасау мен оларды қорғау саласында қолдануды аталған ережелердiң сақталуына еңбек инспекторларына қандай бақылау жүктелгенiне қарай шамада қамтамасыз ету;
      b) кәсiпкерлер мен еңбекшiлерге заңнама ережелерiн сақтаудың неғұрлым тиiмдi құралдары туралы техникалық ақпараттар мен консультациялар беру;
      с) қолданылып жүрген заң ережелерiнiң күшi қолданылмайтын кемшiлiктер немесе терiс пайдаланушылықтар туралы өкiметтiң құзыреттi органын хабардар ету және оларға заңдарды жақсартуға қатысты ұсыныстар енгiзу.
      2. Ұлттық заңдарға сәйкес ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларына консультациялық функциялар немесе еңбекшiлердiң және олардың отбасыларының тұрмыс жағдайларына қатысты заң ережелерiнiң қолданылуын бақылау функциялары жүктелуi мүмкiн.
      3. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторына жүктелуi мүмкiн кез келген мiндеттер олардың өзiнiң негiзгi мiндеттерiн тиiмдi орындауына кедергi жасамауға немесе инспекторлардың кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң арасындағы қарым-қатынасында қажет болатын беделi мен риясыздығына ешбiр жағдайда нұқсан келтiрмеуге тиiс.

                          7-бап

      1. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы Ұйым Мүшесiнiң әкiмшiлiк тәжiрибесiмен сыйысатын дәрежеде орталық органның қарауында және бақылауында болады.
      2. Федеративтiк мемлекет үшiн "орталық орган" деген сөз не федерацияның орталық органы, не федерацияның құрамдас бөлiктерiнiң бiрiнiң федералдық органы дегендi бiлдiруi мүмкiн.
      3. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясын, мәселен:
      а) шаруашылық қызметiнiң барлық секторлары үшiн жауап беретiн еңбек инспекциясының бiрыңғай органы;
      b) ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жүктелген инспекторлардың тиiстi даярлығы арқылы қамтамасыз етiлген iшкi функционалдық тұрғыдан мамандандырылған еңбек инспекциясының бiрыңғай органы;
      с) қызметкерлерiне ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы алдағы уақытта жүктелетiн техникалық бiлiктi қызмет құру арқылы қамтамасыз етiлген iшкi институционалдық тұрғыдан мамандандырылған еңбек инспекциясының бiрыңғай органы;
      d) немесе iс-әрекетiн басқа салалардағы, мысалы өнеркәсiптегi, көлiктегi және саудадағы еңбек инспекцияларына қатысты дәл сондай өкiлеттiктерi бар орталық орган бақылайтын ауыл шаруашылығындағы мамандандырылған инспекция қызметi жүзеге асыруы мүмкiн.

                            8-бап

      1. Инспекцияның қызметкерлерi мәртебесi мен жұмыс жағдайы қызмет жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ететiн және оларды үкiметтегi кез келген өзгерiстерден және қайсыбiр ұнамсыз сыртқы әсерлерден тәуелсiз ететiн мемлекеттiк қызметшiлерден құрайды.
      2. Ұлттық заңдарға немесе тәжiрибеге қаншалықты сәйкес болуына қарай Ұйым Мүшелерi өздерiнiң ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жүйесiне, қызметтерi еңбек инспекторларының қызметiн толықтыра алатын кәсiптiк ұйымдардың қызметкерлерiн немесе өкiлдерiн енгiзе алады. Осы қызметкерлер мен өкiлдер функцияларының тұрақтылығына кепiлдiк берудi және қайсыбiр ұнамсыз сыртқы әсерлерден тәуелсiз болуын қамтамасыз ету қажет.

                            9-бап

      1. Мемлекеттiк қызметке қызметкерлердi қабылдаған жағдайда ұлттық заңдарда көзделуi мүмкiн барлық талаптар сақталған жағдайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторлары оларға жүктелетiн мiндеттердi орындауға жарамдылығы негiзiнде ғана қабылданады.
      2. Мұндай жарамдылықты тексерудiң әдiстерiн құзыреттi органдар

 
 
белгiлейдi.
     3. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторлары өздерiнiң қызметтерiн 
жүзеге асыру үшiн тиiстi дайындықтан өтедi және оларды жұмыс барысында 
тиiсiнше қосымша оқытумен қамтамасыз ету үшiн барлық шаралар қолданылады.
     
                           10-бап
     
     Қызметкерлер құрамына ер адамдармен бiрге әйелдер де кiруi мүмкiн. 
Қажет болған жағдайда, ер адам инспекторлар мен әйел инспекторларға 
тиiсiнше ерекше мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
     
                            11-бап
     
 


      Ұйымның әрбiр Мүшесi техникалық бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi шешу кезiнде ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының жұмысына бiлiктi сарапшылар мен мамандарды елдiң талаптарына неғұрлым лайықты деп танылуы мүмкiн нысанда тарту үшiн барлық шараларды қолданады.

                             12-бап

      1. Өкiметтiң құзыреттi органы, бiр жағынан ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы қызметi, екiншi жағынан үкiметтiк қызметтер, сондай-ақ осы тақылеттес iс-әрекеттi жүзеге асыратын қоғамдық немесе аты танылған мекемелердiң арасындағы тиiмдi ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
      2. Қажет болған жағдайда, өкiметтiң құзыреттi органы аймақтық немесе жергiлiктi деңгейдегi еңбек инспекциясына қатысты кейбiр функцияларды көмекшi жұмыс ретiнде орындауды тиiстi үкiметтiк қызметтерге немесе қоғамдық мекемелерге тапсыра алады, немесе, осы Конвенцияда белгiленген қағидаттардың қолданылуына нұқсан келтiрiлместен, осы қызметтер мен мекемелердi аталған функцияларды орындауға тартуы мүмкiн.

                             13-бап

      Өкiметтiң құзыреттi органы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының қызметкерлерi мен олар бар болған жағдайда кәсiпкерлер, еңбекшiлер немесе олардың ұйымдарының арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн тиiстi шараларды қабылдайды.

                             14-бап

      Инспекциялық қызметтiң функцияларын тиiмдi түрде iске асыру үшiн, ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларының жеткiлiктi санын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолданылуы тиiс, және осы сан төмендегiлер:
      а) инспекторлар орындауға тиiстi мiндеттердiң маңыздылығы, атап айтқанда:
      i) инспекциялауға жататын ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының саны, сипаты, көлемi және орналасқан жерi;
      ii) осы кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн еңбекшiлердiң саны мен санаттары;
      iii) қолданылуын олар қамтамасыз етуге тиiстi заң ережелерiнiң саны мен күрделiлiгi;
      b) инспекторлардың иелiк етуiне берiлген материалдық құралдар және;
      с) тиiмдi болуы үшiн олардың кезiнде инспекциялық тексерулер жүргiзiлуi тиiс iс жүзiндегi жағдайлар ескерiле отырып белгiленедi.

                            15-бап

      1. Өкiметтiң құзыреттi органы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторының иелiгiнде төмендегiлердiң:
      а) ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының және жұмыс iстеп тұрған байланысты құралдарының географиялық орналасуы ескерiле отырып орналастырылған, инспекциялық қызметтiң мұқтаждықтарына сәйкес жабдықталған және барлық мүдделi тұлғаларға мүмкiндiгiнше ашық жергiлiктi бюролардың
      b) тиiстi қоғамдық көлiк құралы болмаған жағдайда, олардың функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi көлiк құралдарының болуы үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
      2. Өкiметтiң құзыреттi органы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларына олардың қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық көлiктiк және кез келген қосымша шығындарды өтеу мақсатында қажеттi шаралар қабылдайды.

                           16-бап

      1. Өздерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары бар еңбек инспекторлары:
      а) инспекциялауға жататын кез келген жұмыс орнына алдын ала хабарлаусыз күндiзгi немесе түнгi кез келген уақытта кедергiсiз кiруге;
      b) инспекциялауға жатады деп санауға жеткiлiктi негiзi бар барлық орындарға күндiзгi уақытта баруға;
      с) заң ережелерiнiң қатаң сақталатындығына көз жеткiзу үшiн өздерi қажет деп санаған бақылауды, тексерудi немесе зерттеудi жүзеге асыруға, атап айтқанда:
      i) кәсiпкерге немесе кәсiпорын қызметкерлерiне немесе кәсiпорында жұмыс iстейтiн кез келген адамға жеке немесе куәгерлердiң қатысуымен заң ережелерiнiң қолданылуына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоюға;
      ii) өмiр және еңбек жағдайларының мәселелерi туралы заңдар бойынша жүргiзiлетiн кез келген кiтаптың, тiзiлiмiн немесе басқа да құжаттың заң ережелерiне сәйкестiгiн тексеру және олардың көшiрмесiн түсiрiп алу немесе көшiрiп алу мақсатында оларды ұлттық заңдарда көзделген тәртiппен сұратуға;
      iii) материалдардың немесе заттардың талдау жүргiзу мақсатында алынғаны немесе әкетiлгенi туралы кәсiпкерге немесе оның өкiлiне хабарлаған жағдайда, пайдаланылатын немесе өңделетiн материалдар мен заттардың үлгiлерiн тексеру үшiн алуға және өзiмен бiрге алып кетуге құқылы.
      2. Еңбек инспекторлары осы баптың 1-тармағындағы а) немесе b) тармақшаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы кәсiпорны басшысының жеке меншiк үйiне, осы басшының келiсiмi немесе өкiметтiң құзыреттi органының ерекше рұқсаты болмаған жағдайда, кiре алмайды.
      3. Егер мұндай хабарлау олардың функцияларын тиiмдi орындауына нұқсан келтiрмейдi деп санаса, инспектор инспекциялық тексерiс жасалған кезде өзiнiң қатысуы туралы кәсiпорынды немесе оның өкiлiн, сондай-ақ еңбекшiлердi немесе олардың өкiлдерiн хабардар етедi.

                           17-бап

      Сонымен, ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының органдары, өкiметтiң құзыреттi органы белгiлегендей, денсаулыққа немесе еңбек қауiпсiздiгiне қатер төндiре алатын жаңа жабдықтарға, жаңа материалдарға немесе заттарға және өнiмдердi өңдеудiң немесе қайта өңдеудiң жаңа процестерiне алдын ала бақылау жүргiзуге қатысады.

                            18-бап

      1. Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторлары өздерi денсаулыққа немесе еңбек қауiпсiздiгiне зиян келтiруi мүмкiн деп есептеуге негiзi бар қауiптi материалдарды немесе заттарды пайдалануды қоса алғанда, қайсыбiр ғимаратта, жабдықты орналастыруда немесе ауыл шаруашылығы кәсiпорнының еңбек әдiсiнде байқалған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.
      2. Еңбек инспекторларына, олар осындай шараларды қолдана алуы үшiн, заңдарда көзделуi мүмкiн сот немесе әкiмшiлiк органдарына шағымдану құқығы сақталған жағдайда:
      а) белгiленген мерзiмде ғимараттарға, қондырғыларға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға немесе машиналарға денсаулық немесе еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi заң ережелерiнiң қатаң қолданылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзгерiстер енгiзу туралы;
      b) денсаулыққа немесе еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төнген жағдайда шұғыл орындауға, тiптi жұмысты тоқтатуға дейiн жататын шараларды қолдану туралы өкiмдер беру немесе өкiм берiлуiн талап ету өкiлеттiктерi берiледi.
      3. Егер 2-тармақта көзделген рәсiм Ұйым Мүшесiнiң әкiмшiлiк немесе сот практикасына қайшы келсе, инспекторлар өкiметтiң құзыреттi органына өкiм шығару немесе жедел орындауға жататын шаралар қабылдауды талап ету жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы.
      4. Инспектордың кәсiпорында болған кезiнде байқалған кемшiлiктер, сондай-ақ 2-тармаққа сәйкес ол берген өкiмдер, немесе 3-тармаққа сәйкес қабылдау жөнiнде өтiнiш жасалған өкiмдер дереу кәсiпкерге және еңбекшiлер өкiлдерiне хабарланады.

                              19-бап

      1. Өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы және ауыл шаруашылығының секторындағы кәсiби аурулар туралы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы ұлттық заңдарда көзделген тәртiпке сәйкес хабардар етiлуге тиiстi.
      2. Еңбек инспекторлары өндiрiсте болатын өте ауыр жазатайым оқиғалардың немесе кәсiби аурулардың, әсiресе оларға бiрнеше еңбекшi ұшыраған немесе кiсi өлiмi болған жағдайда, себептерiн iзiнше тексеруге арналған кез келген тергеуге мүмкiндiгiнше қатысады.

                               20-бап

      Ұлттық заңдарда көзделуi мүмкiн айрықшалықтар сақталған жағдайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларына:
      а) өз бақылауындағы кәсiпорынның жұмысына тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болуына тыйым салынады;
      b) тиiстi санкциялар немесе тәртiптiк шаралардың ықпалымен, өздерiне таныс өндiрiстiк немесе коммерциялық құпияларды немесе өз функцияларын жүзеге асырған кезде өзiне белгiлi болған өндiрiстiк процестердi, оларды тiптi қызметтен кеткеннен кейiн де жария етпеу оларға мiндеттеледi;
      с) еңбек операцияларындағы кемшiлiктерге, қауiп-қатерлерге немесе заң ережелерiн бұзушылығына жасалған түрлi шағым көздерiн аса құпия деп санауға және инспекциялық тексерулердiң осындай шағымның түсуiне байланысты болғандығын кәсiпкерге немесе оның өкiлiне хабарламауға ұйғарым берiледi.

                              21-бап

      Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын тексерудiң жиiлiгi және жан-жақтылығы тиiстi заң ережелерiн тиiмдi қолдануды қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай жүзеге асады.

                              22-бап

      1. Жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторына жүктелген заң ережелерiн бұзған немесе оларды сақтаудан жалтарған адамдар алдын ала хабарландырылмастан, дереу сот арқылы немесе әкiмшiлiк қудалауға тартылады. Алайда, ұлттық заңдарда ерекше жағдайлар көзделуi мүмкiн, болған жағдайды түзеу үшiн немесе ескерту шараларын қабылдау үшiн алдын ала ескерту жасалынуы тиiс.
      2. Сот арқылы iс қозғаудың немесе оны қозғауға ұсыныс жасаудың орнына

 
 
ескерту жасау немесе кеңес беру керектiгi туралы мәселенi инспекторлардың 
өздерiнiң шешуiне құқығы бар.
     
                             23-бап
     
     Егер ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларының қудалауды бастауға 
өздерiнiң құқығы болмаса, олардың қудалауды қозғауға уәкiлеттi өкiмет 
органына заң ережелерiнiң бұзылуы туралы баяндамалар ұсынуға өкiлетi  
болуға тиiс.
     
                              24-бап
     
 


      Қолданылуы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекторларының бақылауына жататын заң ережелерiнiң бұзылғаны үшiн және еңбек инспекторларына, олардың мiндеттерiн атқару кезiнде оларға көрсетiлген қарсы әрекеттер үшiн ұлттық заңдар бойынша тиiстi санкциялар көзделедi және олар тиiмдi қолданылады.

                                25-бап

      1. Еңбек инспекторлары немесе жергiлiктi инспекциялық қызметтер өздерiнiң ауыл шаруашылығындағы қызметiнiң қорытындысы туралы инспекцияның орталық органына ара-тұра баяндамалар ұсынады.
      2. Осы баяндамалар белгiленген үлгiде және орталық инспекция органы ара-тұра ұйғаратын мәселелер қамтыла отырып, әзiрленедi. Олардың жасалыну жиiлiгi орталық органның талап етуiне байланысты, бiрақ жылына кемiнде бiр рет ұсынылады.

                             26-бап

      1. Орталық инспекция органы ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының қызметтерi туралы жыл сайынғы баяндаманы жеке баяндама түрiнде немесе өзiнiң жылдық жалпы баяндамасының бөлiгi түрiнде жариялайды.
      2. Осындай жыл сайынғы баяндамалар, олар жасалған жылдан кейiнгi 12 айдан аспайтын ыңғайлы кезеңде жарияланады.
      3. Жыл сайынғы баяндамалардың көшiрмелерi, олар жарияланғаннан кейiнгi үш айдан кешiктiрiлмей, Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Директорына жiберiледi.

                             27-бап

      Инспекцияның орталық органы жыл сайын жариялайтын баяндамаларда, осы орталық органның бақылауына жататын шамада, атап айтқанда, мынадай мәселелер қамтылады:
      а) ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының қызметiне қатысты заңдар мен қаулылар;
      b) ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясының қызметкерлерi;
      с) еңбек инспекциясына жататын ауыл шаруашылығы кәсiпорындары туралы

 
 
және осы кәсiпорындарды жұмыс iстейтiн еңбекшiлердiң саны туралы
статистикалық деректер;
     d) инспекциялық тексерулер туралы статистикалық деректер;
     е) орын алған тәртiп бұзушылықтар мен оған қолданылған санкциялар 
туралы статистикалық деректер;
     f) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы, олардың себептерi туралы 
статистикалық деректер;
     g) олардың себептерiн қоса алғанда, кәсiби аурулар туралы  
статистикалық деректер.
     
                          28-бап
     
     Осы Конвенцияны бекiту туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық 
Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiледi.
    
                          29-бап
     
 


      1. Осы Конвенция бекiту туралы құжаттарын Бас Директор бекiткен Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн ғана байланыстырады.
      2. Осы Конвенция Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту туралы құжаттарын Бас Директор тiркегеннен кейiнгi он екi айдан соң күшiне енедi.
      3. Кейiнгi уақыттарда, осы Конвенция Ұйымның әрбiр Мүшесiне қатысты, оның бекiту туралы құжаты тiркелгеннен кейiнгi он екi айдан соң күшiне енетiн болады.

                            30-бап

      1. Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның кез келген Мүшесi, оның бастапқы күшiне енген кезiнен он жыл мерзiм өткеннен соң, оның күшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және онда тiркелген күшiн жою туралы акт арқылы жоя алады. Күшiн жою туралы акт тiркелгеннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның әрбiр Мүшесi өзiнiң осы бапта көзделген күшiн жою құқығын осының алдындағы тармақта аталған он жылдық кезең өткеннен соң бiр жылдың iшiнде пайдаланбаса, ол тағы да келесi он жылдық кезеңге созылады және кейiн, әрбiр он жылдық кезең өткен сайын, осы бапта көзделген тәртiптi сақтай отырып, осы Конвенцияның күшiн жоя алады.

                           31-бап

      1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Ұйым Мүшелерiнен алған бекiту туралы құжаттарды, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлердi тiркегенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық мүшелерiне хабарлайды.
      2. Бас Директор алынған бекiту туралы екiншi құжатты тiркеу жөнiнде Ұйым Мүшелерiне хабарлай отырып, олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiнен аударады.

                           32-бап

      Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры осының алдындағы баптарға сәйкес тiркеген бекiту туралы барлық құжаттарға, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.

                            33-бап

      Әрқашан, Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Әкiмшiлiк Кеңесi қажет деп есептеген жағдайда, ол Бас Конференцияға осы Конвенцияны қолдану туралы баяндама ұсынады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселенi енгiзу қажеттiгiн шешедi.

                           34-бап

      1. Егер Конференция осы Конвенцияға толық немесе iшiнара өзгерiстер енгiзетiн жаңа конвенцияны қабылдаса, және егер жаңа конвенцияда өзгеше жағдайлар көзделмеген болса, онда:
      а) жаңа, қайта қаралған конвенцияның Ұйымның кез келген Мүшесiмен бекiтiлуi, 30-баптың ережелерiне қарамастан, жаңа, қайта қаралған конвенция күшiне енгiзiлген жағдайда, осы Конвенцияны жедел күшiн жоюды өздiгiнен қажет етедi;
      b) осы Конвенция жаңа, қайта қаралған конвенция күшiне енгiзiлген

 
 
күннен бастап, Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.
     2. Осы Конвенция оны бекiткен, бiрақ жаңа, қайта қаралған конвенцияны 
бекiтпеген Ұйымның Мүшелерi үшiн, нысаны мен мазмұны жағынан өз күшiнде 
қалады.
     
                            35-бап
     
     Осы Конвенцияның ағылшын және француз тiлдерiндегi мәтiндерiнiң күшi 
бiрдей.
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      
 
26 сәуір, 2011 - 12:30 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші