check

You are here

«Қазақстан Республикасының Үшжақты консультациялар (халықаралық еңбек нормалары) туралы» № 144 Конвенция(Қазақстан 1999 жылғы 30 желтоқсан N 12-II Республикасының Заңымен бекітілген)

Женевада 1976 жылғы 21 маусымда қабылданған Үшжақты консультациялар 
(халықаралық еңбек нормалары) туралы 1976 жылғы Конвенция бекiтiлсiн. 
     Қазақстан Республикасының 
          Президентi 
             
                          144 Конвенция
             Халықаралық еңбек нормаларын қолдануға
           жәрдемдесу үшiн үш жақты консультациялар
                        туралы конвенция
     

    Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi Женевада шақырған және 1976 жылғы 2 маусымда өзiнiң алпыс бiрiншi сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясы,
      Еңбек саласындағы халықаралық конвенциялардың ережелерi мен ұсыныстарды, атап айтқанда: кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң еркiн және тәуелсiз ұйымдар құру құқықтарын растайтын және мемлекеттiк өкiмет пен кәсiпкерлердiң, еңбекшiлердiң ұйымдары арасында ұлттық деңгейдегi консультациялардың, сондай-ақ осы конвенциялар мен ұсыныстарды қолдану үшiн кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң ұйымдарымен консультациялар жүргiзудi көздейтiн, еңбек саласындағы көптеген халықаралық конвенциялардың ережелерi мен ұсыныстардың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн шаралар талап ететiн, Ассоциация бостандығы және ұйым құру құқықтары туралы 1948 жылғы конвенцияны, Ұйым құру және ұжымдық келiссөздер жүргiзу құқықтары туралы 1949 жылғы конвенцияны және Салалық және ұлттық ауқымдағы консультациялар туралы 1960 жылғы ұсынысты атап көрсете отырып,
      Сессияның күн тәртiбiнiң "Халықаралық еңбек нормаларын қолдануға жәрдемдесу үшiн үшжақты тетiк жасау" деп аталған төртiншi тармағын қарай келiп және халықаралық еңбек нормаларын қолдануға жәрдемдесу үшiн үшжақты консультация туралы бiр қатар ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып,
      осы ұсыныстарға конвенция нысанын берудi шеше келiп,
      бiр мың тоғыз жүз жетпiс алтыншы жылғы маусым айының жиырма бiрi күнi Үшжақты консультация (халықаралық еңбек нормалары) туралы 1976 жылғы Конвенция деп аталуы мүмкiн, мына төмендегi Конвенцияны қабылдайды:

                           1-бап

      Осы Конвенциядағы "уәкiлдi органдар" терминi бiрлесу бостандығы құқын пайдаланатын кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң мейлiнше уәкiлдi ұйымдарын бiлдiредi.

                            2-бап

      1. Осы Конвенцияға қол қоятын, Халықаралық Еңбек Ұйымының Әрбiр мүшесi төменде 5-баптың 1-тармағында аталған, Халықаралық Еңбек Ұйымының қызметiне жататын мәселелер жөнiнде үкiметтiң, кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң уәкiлдерi арасында тиiмдi консультацияларды қамтамасыз ететiн рәсiмдердi жүзеге асырады.
      2. Әрбiр ел осындай ұйымдары бар және мұндай рәсiмдер әлi белгiленбеген уәкiлдi ұйымдармен консультация алысқаннан кейiн ұлттық iс-тәжiрибеге сәйкес, осы баптың 1-тармағында көзделген рәсiмдердiң сипаты мен нысанын айқындайды.

                           3-бап

      1. Осы Конвенцияда көзделген рәсiмдердi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң уәкiлдерiн осындай ұйымдары бар өздерiнiң уәкiлдi ұйымдары еркiн түрде сайлайды.
      2. Кәсiпкерлер мен еңбекшiлер консультациялар жүзеге асырылатын кез-келген органдарда тең негiзде орын алады.

                           4-бап

      1. Өкiметтiң құзыреттi органы осы Конвенциямен көзделген рәсiмдердiң әкiмшiлiк қамтамасыз етiлуiне жауапкершiлiк алады.
      2. Осындай рәсiмдерге қатысушылардың кез-келген қажеттi дайындығын қаржыландыру үшiн, осындай ұйымдары бар өкiметтiң құзыреттi органы мен уәкiлдi ұйымдар арасында тиiстi iс-шаралар жүргiзiледi.

                            5-бап

      1. Осы Конвенциямен көзделген рәсiмдердiң мақсаты:
      а) үкiметтердiң Халықаралық Еңбек Конференциясының күн тәртiбiнiң тармақтарына қатысты сұрақтарға жауаптары жөнiнде және үкiметтердiң Конференцияларда талқылауға ұсынылатын мәтiндерге ескертпелерi жөнiнде;
      б) Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 19-бабына сәйкес конвенциялар мен ұсыныстар берумен байланысты өкiметтiң құзыреттi органға немесе құзыреттi органдарға ұсыныстары жөнiнде;
      с) олардың қолданылуына жәрдемдесу үшiн және бекiтудiң тиiстi жағдайларында қабылдануы мүмкiн шараларды айқындау мақсатымен, әлi қолданылмай отырған, бекiтiлмеген конвенциялар мен ұсыныстарды тиiстi уақыт аралығынан кейiн қайта қарау жөнiнде;
      d) Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сай Халықаралық Еңбек

 
 
Бюросына берiлуге тиiстi баяндамалармен байланысты туындайтын мәселелер 
жөнiнде;
     е) бекiтiлген конвенцияларды бұзу туралы ұсыныстар жөнiнде 
консультациялар өткiзу болып табылады.
     
     2. Осы баптың 1-тармағында аталған мәселелердiң тиiстi түрде қаралуын 
қамтамасыз ету үшiн, келiсу бойынша, бiрақ кем дегенде жылына бiр рет 
белгiленген тиiстi уақыт аралықтарынан кейiн консультациялар өткiзiледi.
     
                         6-бап
     
     Өкiметтiң құзыреттi органы осындай ұйымдары бар уәкiлеттi органдармен 
консультациялар өткiзгеннен кейiн, бұл қажеттi деп тапқан жағдайда, осы 
Конвенциямен көзделген рәсiмдердi жүзеге асыру туралы жыл сайын баяндама 
шығарады.
     
                         7-бап
     
     Осы Конвенцияны бекiту туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық 
Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiледi.
     
                         8-бап
     
 


      1. Осы Конвенция Бас Директор бекiту туралы құжаттарын тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымы Мүшелерiн ғана байланыстырады.
      2. Ол Бас Директор Ұйымның екi Мүшесiн бекiту туралы құжаттарды тiркеген соң он екi айдан кейiн күшiне енедi.
      3. Кейiн осы Конвенция Ұйымның әрбiр Мүшесiне қатысты бекiту туралы оның құжаты тiркелген мерзiмнен он екi айдан кейiн күшiне енедi.

                          9-бап

      1. Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның кез-келген мүшесi оның бастапқы күшiне енген кезiнен он жыл кезең өтiсiмен Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және ол тiркеген, бұзу туралы акт арқылы оны бұзуы мүмкiн. Бұзу туралы акт тiркелгеннен бiр жылдан кейiн осы бұзу күшiне енедi.
      2. Осы бапта көзделген, осының алдындағы тармақта аталған он жыл кезең өтiсiмен бiр жыл мерзiмде өзiнiң бұзу тұрғысындағы құқын пайдаланбаған, осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның әрбiр мүшесi келесi кезеңге он жылға байланысты болады және кейiн осы бапта белгiленген тәртiппен, әрбiр он жыл кезең өтiсiмен осы конвенцияны бұза алады.

                       10-бап

      1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры өзiнiң Ұйым Мүшелерiнен алған, бекiту туралы барлық құжаттардың және бұзу туралы актiлердiң тiркелгенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн хабардар етедi.
      2. Бас Директор бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым Мүшелерiн хабардар ете отырып, олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген мерзiмiне аударады.

                        11-бап

      Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры осының алдындағы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген, бекiту туралы барлық құжаттарға және бұзу туралы актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.

                        12-бап

      Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi өзi қажет деп тапқан әрбiр кезде осы Конвенцияны қолдану туралы Бас Конференцияға баяндама тапсырады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселе енгiзудiң жөнiн шешедi.

                        13-бап

      1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенция қабылдаған жағдайда және егер жаңа конвенцияда басқасы көзделмесе, онда:
      а) 9-баптың ережелерiне қарамастан, Ұйымның қандай да бiр Мүшесiнiң қайта қаралатын жаңа конвенцияны бекiтуi, қайта қаралатын жаңа конвенция күшiне енген жағдайда, осы Конвенцияны тез арада бiрден бұзуға әкеледi;
      б) Қайта қаралатын, жаңа конвенция күшiне енген мерзiмнен бастап, осы

 
 
Конвенция оны Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.
     2. Осы Конвенция өзiн бекiткен, бiрақ қайта қаралатын, жаңа 
конвенцияны бекiтпеген Ұйымның мүшелерiне қатысты нысаны мен мазмұны 
бойынша қандай жағдайда да күшiнде қалады.
     
                           14-бап
     
     Осы Конвенцияның ағылшын және француз тiлiндегi мәтiндердiң күшi 
бiрдей.
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
25 сәуір, 2011 - 18:42 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші