You are here

"Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентiнiң мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы №74 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 200  жылғы "   "   N қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29 N 1400((2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      1. Мыналар:
      1) базалық лауазымдық жалақы 13613 теңге мөлшерiнде;
      2) түзету коэффициентi 3,62 мөлшерiнде белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.04.29 N 409 (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.20 N 1229 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 1257 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.30 № 244(2010 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi осы қаулыны iске асыруға байланысты қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Бөлімдер:
18 сәуір, 2011 - 15:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші