You are here

"Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №850 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 11) тармақшасына және 230-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 27 қыркүйектегi
N 350 қаулысымен  
бекiтiлген     

Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi

      Қазыналық кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсететiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметкерлерiнiң лауазымдары:
      1. Мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын, оның iшiнде:
      жоғары оқу орны (ЖОО);
      ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ);
      орталық (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауiпсiздiгi саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-енгiзу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндiрiстiк, жобалау-iздестiру, зейнетақы төлеу жөнiндегi);
      бiлiктiлiктi арттыру институты;
      институт;
      ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиника;
      мәдениет және мұрағат iсi, спорт;
      ЖОО оқу-есептеу орталығы;
      зертхана; жасақ қызмет;
      су жолдары қазыналық кәсiпорны;
      мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi құрамындағы станция (оның iшiнде автоматтық), тренажер, гарнизондық жатақхана;
      сауда өкiлдiгi басшысы мен басшысының орынбасары (оның iшiнде бiрiншi).
      2. Бөлiмше (сектор, бөлiмше бөлiгi (бөлiмi), филиал, факультет), оның iшiнде:
      азаматтық қорғаныс штабы (оның iшiнде ЖОО); кафедра; кабинет; суда құтқару қызметi; бөлiмше; станция; филиал; шлюз; кешен; цикл;
      зертхана; жасақ қызмет; орталық
      су жолдары қазыналық кәсiпорны;
      көркемдiк жетекшi;
      консультация; инспекция;
      ЖОО кiтапханасы; бөлiм (қызмет); жасақ суда құтқару қызметi топтары;
      халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залы;
      топ;
      ғылыми-практикалық орталық
      бiлiктiлiктi арттыру институты; институт;
      әдiстемелiк кабинет басшысы.
      Бөлiмше (сектор, бөлiмше бөлiгi (бөлiмi), филиал, факультет), оның iшiнде:
      халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залы;
      станция, шлюз, кешен, цикл;
      зертхана; жасақ қызмет; орталық
      су жолдары қазыналық кәсiпорны;
      топ;
      консультация; инспекция басшысының орынбасары.
      3. Әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшенiң, оның iшiнде: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшiру-көбейту), монша, вивария, бейнетека, гараж, iс жүргiзу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киiм бөлмесi, жылу қазандығы, сүтхана, жатақхана, кiр жуатын бөлме, жалға беру пунктi, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлiм, экспедиция басшысы.
      4. Дәрiхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, ЖОО-ның аспирантурасы, база, монша-кiр жуу комбинаты, бассейн (соның iшiнде ЖОО-ның), кiтапхана, интернат, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, ЖОО-ның лагерi, шеберхана, жөндеу-механикалық шеберхана, мұражай, кинофильмдердi жалға беру бөлiмшесi, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшесi (орталығы), өндiрiс, арнайы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдаланушылық-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт құрылыстары, стадион, асхана, труппа, оқу кабинетi, оқу зертханасы (оның iшiнде ЖОО-ның), бөлiм (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цех меңгерушiсi.
      5. Мамандар (бас, аға), оның iшiнде: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер, агроном, агрохимик, әкiмшi, аккомпаниатор, акушер, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, маманның ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистентi, карантиндiк зертхана бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биохимик (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), бухгалтер, карантиндiк зертхана вирусологы, мал дәрiгерi, мал фельдшерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог (оның iшiнде карантиндiк зертхананың), геодезист, герболог (оның iшiнде карантиндiк зертхананың), гидрогеолог, гидротехник, емдәм бикесi, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчерi, флот жөнiндегi диспетчер, дыбыс режиссерi, зоотехник, тiс дәрiгерi, тiс технигi, инспектор, барлық мамандықтағы инженер (оның iшiнде геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi), инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), капитан, кинорежиссер, кинооператор, командир, конструктор, консультант (оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi), концертмейстер, корректор, мәдени ұйымдастырушы, тiлшi, зертханашы, орманшы, шебер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджерi, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), микробиолог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультiнiң операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, аң аулау маманы, палеограф, паразитолог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), аудармашы, режиссердiң көмекшiсi, жетекшiнiң көмекшiсi (оның iшiнде ЖОО, ҒЗИ, ұлттық ғылыми-практикалық орталық), оқытушы, провизор, бағдарламашы, жобалаушы, продюсер, жұмыс жүргiзушi (прораб), психолог, радиолог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), редактор, режиссер, қоюшы режиссер, репетитор, рентген зертханашысы, референт, үйiрме жетекшiсi, балық өсiрушi, селекционер, күкiрттанушы (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), солист, әлеуметтанушы, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, мамандандырылған медициналық бике, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, зерттеушi-тағылымдамадан өтушi, статистик, технолог, барлық атаудағы техниктер, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, сақтаушы (оның iшiнде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), фармацевт, фельдшер (-зертханашы), фитопатолог (оның iшiнде карантиндiк зертхананың), шкипер, штурман, эколог, экономист, энергетик, экскурсовод, электроншы, карантиндiк зертхананың энтомологы, эпизоотолог (оның iшiнде ветеринарлық зертхананың), заң кеңесшiсi.
      6. Ғылыми қызметкер (оның iшiнде бас, аға, жетекшi, кiшi), академик-хатшы, ғалым хатшы (оның iшiнде бас), кеңесшi, профессор, доцент, сарапшы (оның iшiнде жетекшi, бас).
      7. Техникалық орындаушылар, оның iшiнде: мұрағатшы; ассистент, кезекшi әкiмшi; рұқсаттама бюросының кезекшiсi, iс жүргiзушi; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодтаушы; кодификатор; комендант; билет тексерушi; көшiрушi; шетел мәтiнiмен жұмыс iстейтiн, диктофондық топтың, редакцияның, бюроның машинисткасы, машинист-стенографисшi; әкiмшi, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, телевизиялық жабдықтарға қызмет көрсету жөнiндегi, кассалық, дизельдiк жабдықтарға қызмет көрсету жөнiндегi механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшiру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасы, байланыс жүйелерi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөнiндегi, диспетчерлiк қызмет операторы; күзетшi, паспортшы; медициналық бикенiң, тәрбиешiнiң кемекшiсi; баспасөз хатшысы; тiркеушi; хатшы; хатшы-машинист; хатшы-стенографист; оқу бөлiмiнiң хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргiзушi; табельшi; есепке алушы; фельдъегерь; экспонат сақтаушы; сызушы, экспедитор.
      8. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес еңбегi кәсiби даярлық пен арнайы бiлiмдi талап ететiн бiлiктi жұмысшылар.
      Ескертпе:
      Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша қызметкерлердiң функционалдық мiндеттерiн ескере отырып, өзге де лауазым атаулары теңестiрiледi.

Бөлімдер:
18 сәуір, 2011 - 15:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші