You are here

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында деректер құрып ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 мамырдағы N 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 252-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 720 қаулысымен   
бекiтiлген      

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында
ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағыЗаңына сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      2. Ереже еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттiк статистика жүргiзу "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      статистикалық байқау - статистикалық байқау объектiсi бойынша алғашқы статистикалық деректердi ғылыми ұйымдастырып жинау;
      алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тiркелген деректер;
      бастапқы құжаттама - өндiрiсте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс берушi жасайтын құжаттар;
      еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы деректер банкi - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның функцияларын iске асыруға байланысты пайда болатын мәлiметтер жиынтығы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.

2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында
ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбi

      5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негiзiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне ұсынады. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүйелейдi және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бередi.
      6. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi өңiрлер бойынша ұсынған ақпарат негiзiнде жиынтық деректердi қалыптастыруды және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның статистика жүргiзуiн қамтамасыз ету мақсатында деректер банкi құрылады.
      7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректердi жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшiн мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органға бередi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      8. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттiк статистиканы жүргiзудi мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауiпсiздiгi және жеке еңбектi қорғау саласындағы жай-күй мен үрдiстердi сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган статистикалық ақпаратты тузу үшiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның деректер банкiнен және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негiзiнде жиналатын ақпаратты пайдаланады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
      10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мемлекеттiк статистика жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн статистикалық жұмыстардың жоспарына және мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.

Бөлімдер:
29 наурыз, 2011 - 11:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші