You are here

Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiту ережесi мен Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекiту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 21 тамыздағы  
N 721 қаулысымен    
бекiтiлген       

Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 13) тармақшасына және 319-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн белгiлейдi.

2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын негiзгi талаптар

      3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      1) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығын белгiлеу;
      2) қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келетiн еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
      3) қызметкерлердiң еңбек қызметi үдерiсiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамту;
      4) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы бiрыңғай талаптарды белгiлеу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен мiндеттердiң аражiгiн ажырату;
      6) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жұмыс берушiлердiң және қызметкерлердiң өкiлдерi арасында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы келiсiлген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
      7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге , оның iшiнде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес болу.

3. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны

      4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қызметкерлердiң еңбек қызметi үдерiсiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi.
      5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер:
      1) еңбек қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптарын;
      2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
      3) жұмыс уақытындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
      4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
      5) жұмыс аяғындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;
      6) өндiрiстiк (технологиялық) үдерiстерге қойылатын талаптарды;
      7) өндiрiстiк үй-жайларға қойылатын талаптарды;
      8) өндiрiстiк алаңдарға (өндiрiстiк үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерiстер үшiн) қойылатын талаптарды;
      9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнiмдерге қойылатын талаптарды;
      10) өндiрiстiк жабдықтарға қойылатын талаптарды;
      11) өндiрiстiк жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
      12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнiмдердi, дайын өнiмдер мен өндiрiс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсiлдерiне қойылатын талаптарды;
      13) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң еңбек ету және демалу режимiн;
      14) қызметкерлердi кәсiптiк iрiктеуге және олардың еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмiн тексеруге қойылатын талаптарды;
      15) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердi арнайы киiммен, арнайы аяқ киiммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды;
      16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
      17) қызметкерлердi санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтуы тиiс.
      6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкiн.

4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту

      7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
      8. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлейтiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өзiнiң бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады.
      Жұмыс тобының құрамына өздерiнiң тағайындауына қарай мүдделi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
      Мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкiн.
      9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша бекiтедi.
      Нормативтiк құқықтық актiлер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескерiле отырып әзiрленедi және қабылданады.
      10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуге жатады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Бөлімдер:
29 наурыз, 2011 - 11:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші