check

You are here

2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген ағымдағы нысанал

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 31 қаңтардағы
№ 74 қаулысымен
бекітілген

2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), астананың әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуі жөніндегі аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
3. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
4. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуі халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның аумақтық органы әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
5. Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер, жүріп-тұруы қиын және жеке көмекшілердің қызметіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектер, ымдау тілі мамандарының қызметіне мұқтаж есту бойынша мүгедектер ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
6. Өзі баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда мүгедек нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде, міндетті гигиеналық құралдарды беру, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
7. Құжаттар ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органға салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
8. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес медициналық көрсетімдердің негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сай мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге, ымдау тілі мамандарының қызметіне мұқтаж есту бойынша мүгедектерге жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі туралы ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша шешімді (бұдан әрі – шешім) ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар болған кезде қабылдайды.
Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган шешімді қабылдағаннан кейін міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтерімен қамтамасыз етілуге жататын мүгедектер туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) жасалады.
9. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган алдыңғы жылдың аяғында мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының және мүгедектер туралы мәліметтердің негізінде міндетті гигиеналық құралдарға, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтеріне мұқтаж мүгедектердің саны туралы өтінімдерді жасайды және оларды ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
10. Ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган өтінімдердің негізінде:
тізбесі мен санын көрсете отырып, міндетті гигиеналық құралдарға;
ымдау тілі мамандарының қызметіне;
жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне мұқтаж мүгедектердің саны туралы жиынтық өтінімді жасайды.
11. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген қаражатты бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес жиынтық өтінімдердің негізінде жүзеге асырады.
2. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының қызметтер көрсетуіне арналған
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) төлем шотының, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің негізінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынған деректемелер бойынша тиісті республикалық бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарының қызметтер көрсетуіне арналған қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударады.
13. Ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарының қызметтер көрсетуіне арналған қаражатты ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органға аударады.
14. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдарды, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтерін сатып алуды жүргізеді.
15. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті органға міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуға, мүгедектерге ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, тұратын жерін, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнін, алғаны туралы белгіні көрсете отырып ұсынады.
16. Ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Министрлікке міндетті гигиеналық құралдар сатып алуға, мүгедектерге ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық есепті ұсынады.

3. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен
қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланудың ерекшеліктері

17. Жеткізушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдап алуды ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган онымен жасалған жеткізіп беру шартына сәйкес жүзеге асырады.
Жеткізушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдап алу актісі екі данада жасалады:
1) бірінші данасы ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органда қалады;
2) екінші данасы жеткізушіге беріледі.
Актінің барлық даналарына ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және жеткізушінің өкілдері қол қояды.
18. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган міндетті гигиеналық құралдарды беруді мүгедектер туралы мәліметтерге сәйкес мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, тұратын жерін, алынған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнін, алғаны туралы белгіні көрсете отырып ұйымдастырады.
19. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетімдер негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тері қабаттары бүтіндігінің ауқымды бұзылуы, сондай-ақ сан аралығындағы тері ауруларының болуы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (памперстермен) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады.
20. Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар барлық қажетті құжаттары болған кезде өтініш берген айдан бастап беріледі.

4. Мүгедектерге ымдау тілі мамандарының және жеке
көмекшілердің қызметтер көрсетуіне арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ерекшеліктері

21. Мүгедектерге ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетімдер негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін мынадай аурулар мүгедектерге ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтерін көрсетуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады:
белсенді фазадағы туберкулез (БК+);
тері және шаштың жұқпалы аурулары;
жыныс аурулары;
адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындаған ауру; неврозды, неврозтектес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты,
сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен аспайтын) жарыместігі мен адамның айқын білінетін өзгеруі жоқ түрлі этиологиядағы дірілдеу синдромдарын қоспағанда, психикалық бұзылулар;
тұрақты күтім мен көмекке қажеттілікке әкеп соқтыратын аурудың және/ немесе жарақаттың салдарлары.
22. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен ымдау тілі маманының немесе жеке көмекшінің арасындағы қатынастар қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрі – шарт) ресімделеді.
Шартта ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілерге қойылатын талаптар мен олар көрсететін қызметтер жазылады:
1) еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетумен байланысты жұмысты орындау: мүгедек конференцияларға, пікірталастарға және өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысқан уақытта, есту бойынша мүгедек оқуға, жұмысқа орналасуға, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және оларды іске асыруға, мемлекеттік органдар мен консультация ұйымдарында ақпарат алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге байланысты мәселелерді шешу үшін еститін адамдармен қарым-қатынаста болған кезде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасау;
2) мүгедекті тұратын жерінен бару пунктіне дейін және кері қарай: жұмысқа, оқу орнына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-көпшілік іс-шараларға, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуға, жұмысқа орналасуға, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және оларды іске асыруға, ақпарат алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге, бос уақытын, демалысын өткізуге, тауарлар мен қызметтер сатып алуға байланысты мәселелерді шешу үшін өзге де ұйымдарға барған кезде оны ілестіріп жүру.
23. Ымдау тілінің мамандары мен жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеудің шарттары, оның ішінде жол жүру мен өзге де шығыстар, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі шартта келісіледі.
24. Ымдау тілі маманының бір сағаттағы қызметіне ақы төлеу ең төменгі жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебінде, бірақ жылына отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.
Бір қаржы жылында отыз сағаттан артық қызмет көрсетуге жұмсалған уақыт мүгедектің меншікті қаражаты есебінен төленеді.
25. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттағы жалақысы мөлшері есебін негізге ала отырып, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай жүргізеді.
26. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынатын үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресімделеді.
27. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мүгедектерге ымдау тілінің мамандары және жеке көмекшілер көрсететін қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

 

2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті
гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне
1-қосымша

Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар беруге
медициналық көрсетімдер

1. Мүгедектерге памперстер беруге медициналық көрсетімдер мыналар болып табылады:
1) аурудан және/ немесе жарақат салдарынан болатын несептің және нәжістің ұстамауы түрі бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуымен ұштасатын ағзаның статикалық-динамикалық бұзылушылықтары;
2) өз мінез-құлқын бақылаудың бұзылуынан болатын психикалық бұзылушылық салдарынан несептің және нәжістің ұстамауы;
3) несеп шығару жолдары мен тік ішек жарақаты, омыртқа жұлынының, несеп шығару жүйесі мен асқазан-ішек жолының туа біткен ауытқулары салдарынан несептің және нәжістің ұстамауы түрі бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуы.
2. Ішек пен куық стомасының болуы мүгедектерге несеп қабылдағыштар мен нәжіс қабылдағыштар беру үшін медициналық көрсетімдер болып табылады.

___________________

 

 

 

 

 

 

2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті
гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне
2-қосымша

Ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетімдер

1. Ымдау тілі мамандарының қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетімдер мыналар болып табылады:
1) керең-мылқаулық;
2) естуді протездеуге жатпайтын мүлдем естімеушілік;
3) естуді протездеуге жатпайтын ІІІ-ІҮ дәрежедегі құлақ мүкістігі;
4) моторлы афазия;
5) таңдайдың болмауы.
2. Жеке көмекшілердің қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетімдер мыналар болып табылады:
1) мүлдем соқырлық;
2) екі көздің де түзеумен 0,03-ке дейінгі көру өткірлігі;
3) едәуір немесе айқын білінетін вестибулалық-мишық бұзылушылықтары;
4) едәуір немесе айқын білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
5) паркинсонизм (едәуір немесе айқын білінетін акинетикалық-регидтік нысан);
6) едәуір немесе айқын білінетін: аурудан немесе жарақат салдарынан болған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, тетрапарез;
7) гемиплегия, триплегия, тетраплегия, параплегиясы;
8) қан айналымы мен тыныс алу функцияларының едәуір немесе айқын білінетін бұзылушылықтары (қан айналымының ІІІ сатыдағы жеткіліксіздігі, ІҮ функционалдық сынып стенокардиясына сәйкес коронарлық жеткіліксіздік, ІІ-ІІІ және ІІІ сатылардағы өкпе-жүрек жетіспеушілігімен ұштасқан ІІІ дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі және т.б.)
9) несеп шығару жүйесі функциясының едәуір немесе айқын білінетін бұзылушылықтары (бүйректің ІІІ-ІҮ дәрежедегі созылмалы жеткіліксіздігі);
10) ІІІ-ІҮ дәрежедегі буын функцияларының бұзылуымен ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының едәуір немесе айқын білінетін бұзылушылықтары;
11) екі қолдың протездеуге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын ампутациялық тұқылдары;
12) екі қол дамуының протездеуге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын туа біткен ауытқулары;
13) екі санның протездеуге жатпайтын ампутациялық тұқылдары;
14) екі балтырдың протездеуге жатпайтын және қол жағынан айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтары бар, жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын ампутациялық тұқылдары;
15) ІІІ дәрежедегі жүріп-тұру бұзылушылығы бар аяқ дамуының туа біткен ауытқулары;
16) жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қол жағынан айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтармен ұштасқан ІІІ-ІҮ дәрежедегі буын бұзылушылықтары бар екі жамбас-санның немесе тізе буындарының функционалдық ыңғайсыз жағдайдағы анкилоздары;
17) жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қол жағынан айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтармен ұштасқан ІІІ-ІҮ дәрежедегі буын бұзылушылықтары бар екі жамбас-санның немесе тізе буындарының едәуір немесе айқын білінетін конрактуралары.

Бөлімдер:
30 қыркүйек, 2010 - 05:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші