X
egov

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

социальные рабочие места

 

Үшінші бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға жолдау, өңірлерден өңірлерге көшу үшін мемлекеттік қолдау көрсету арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету қарастырылған.

Осылайша, есепті кезеңге:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 16,5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған кезде 20,1 мың адам жұмысқа орналасты.

микрокредиты

Микрокредиттердің басым бөлігі ауылды жерлерде беріліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастама аясында шағын несие бағдарламасын кеңейту үшін  2018 жылы  Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтіліп, жалпы қаражат көлемі 62,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд. теңге, қалаларда 17,3 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Программа занятости

«Еңбек» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мың адамды құрайды.  Бұл шара оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған.

трудоустройство

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың  1 қазанына «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына  523,7 мың адам қатысқан, оның ішінде 229,6 мың адам жұмыссыздар,  93,0 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал қалғандары жұмыс күші құрамына кірмейтіндер (ТжКБ-да оқып жатқандар). Есепті күнге 411 мың адам жұмысқа орналасты, олардың ішінде 293,5 мың адам немесе 71 %-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрған.

Аккредитация

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 

Сіздерді «Еңбек нарығының болашағы:жаңа мүмкіндіктер» форумының жұмысын насихаттауға шақырамыз. Форум 2018 жылдың  29-ы қарашасы күні Астана қаласында өтеді. 

 «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер»  форумы– әлемдік еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер контексінде Қазақстандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік  саланың мүмкіндіктерін  талқылауға арналып отырған алғашқы тематикалық алаң болып отыр. 

ЭЕБ

2018 жылдың үшінші тоқсанында электронды еңбек Биржасына 255 мың 843 жұмыс орны және 121 мың 557 түйіндеме орналастырылды. Жұмыс орындары бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда тұр (29,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 11,5%), түйіндеме бойынша Алматы облысы алда (14,4 мың немесе жалпы санының 11,9% ). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

бос орындар

Жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылған бос жұмыс орындарының 36,5% www.enbek.kz. порталы арқылы электронды түрде  келіп түсті.  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

мамандық

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы.

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгенген азаматтар  күзетші, тәрбиеші, саудагер-кеңесші мамандығына көп сұранады.  

Сұранысқа ие 10 мамандыққа - әртүрлі жұмыс атқарушылар, темір-шебері, әлеуметтік жұмысшы кіреді.   .

ЭБТ

2018 жылдың 17 қазанындағы жағдай бойынша  еңбек Биржасына (www.enbek.kz) 51,2 мың жұмыс орны және  85,6 мың түйіндеме орналастырылды. Ұсынылып отырған жұмыс орындарының көбісі ауыл шаруашылық саласына қатысты- 36,3%, әлеуметтік салада– 12,8% (оның 7,7% білім, 5,1% денсаулық). Бұл ретте біліктілігі және еңбекақысы төмен жұмыс орындары басым болып отыр. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.

еңбекақы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы  осындай.

2018 жылдың 9 айында Қазақстандағы 200 халықты жұмыспен қамту орталығына 543,6 мың адам өтініш білдірген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 33,1 мың адамға көп ( 6,5%).

Жұмыс іздеп өтініш білдіргендердің  48,8%-н әйелдер құрайды, 38% - 29 жасқа дейінгі жастар және 17,7 % - өзін-өзі жұмысен қамтыған азаматтар құрап отыр.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші