You are here

Ресми бөлiм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы

 

 

2015 жылдың 2 мен 4-қыркүйегі аралығында Астана қаласында әлеуметтік қамсыздандырудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша XIV Халықаралық конференциясы өтеді. Конференция ғылыми – сараптама қауымдастығының қатысуымен өтеді және халыққа қызмет көрсету саласындағы үздік халықаралық инновациялық жобаларды талқылаудың бірегей алаңдарының бірі болып табылады.

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.   

2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің  алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1407  қаулысымен Алексей Владимирович Цой ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақы мөлшері 9%-ға көбейді. Бұл мақсатқа республикалық бюджетте 1 168,7 млрд. теңге қарастырылған.

Заңнамаға сәйкес, зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, қайта есептеледі. 2015 жылы инфляция деңгейі 6-8% шамасында, ал орта мерзімді кезеңде 5-7% дейін төмендеуі болжанып отыр. Тиісінше, зейнетақы 9% артады (7% - инфляцияның орта деңгейі және 2% - озуы).

2014 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Үкіметінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, отырыс барысында ҚР Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жарияланды. Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп байқауды жетінші мәрте өткізеді.

«Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 жылғы 01 сәуірдегі № 138-Ө бұйрығын  орындау барысында, «Босатылатын қызметкерлердің электрондық тізімдер нысанының» жаңа 2.00 нұсқасы іске асырылған. Модуль жұмыс берушіге кеңінен таралған Microsoft Excel –де тізімінің электронды нұсқасын «Босатылатын қызметкерлердің» тізімін жұмымыспен қамту органдарына беру үшін жасалған.

2014 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ.Дүйсенова және ҚР Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов құрамына енген үкіметтік делегация Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, еңбек қауіпсіздігін сақтау, денсаулық сақтау және білім беру мәселелерін талқылау.   

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші