check

You are here

Аңдатпа

16 қараша Қазақстанның барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде. Іс-шараның мақсаты – осы ауру және оны алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

2016 жылғы 4 қарашада Алматыда  Ресей, Украина, Израиль, Германия, Дания, Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның репродуктивтік технологиялардың жетекші мамандарының қатысуымен «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» атты VIII Халықаралық конгресс өз жұмысын бастайды.

АНОНС

Құрметті әріптестер!

2016 жылғы 28 қазанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтеді. Оның аясында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

АНОНС

Құрметті әріптестер!

2016 жылғы 27 қазанда Шымкентте «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде Қазақстанда қазанның соңғы жексенбісінде аталып өтетін Әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері күнінің қарсаңында «Қазақстанда 2016 жылы жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» Республикалық көрмесі өтеді.

Көрме аясында еліміздің 16 аймағының 32 әлеуметтік жобасы таныстырылады. Олар өңірлердегі байқаулардың жеңімпаздары.

26 қыркүйек Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция (әрі қарай - Конференция) өз жұмысын бастайды.

20 қыркүйек Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің үшінші кездесуі өтті.

Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртановтың, JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеті басқармасы басшыларының, Қазақстанның медициналық ЖОО мен колледждері жетекшілерінің және т.б. қатысуымен «Медициналық қызметтер мен медициналық білім беруді жетілдіру бойынша Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығы» атты дөңгелек стол өтеді.

2016 жылғы 29 маусымда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші