You are here

Шетел азаматтары арнаулы әлеуметтік қызметті алуға құқығы бар ма?

«Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.   

ҚР аумағында уақытша тұратын шетелдіктер арнаулы әлеуметтік қызмет алуға құқығы жоқ. 

Анықтама: халықаралық тәжірибе көрсеткендей әлеуметтік қамтамасыз ету және қызметтің кепілдік көлемін мемлекет аумағында тұрақты тұратын адамдар алады.   

Одан басқа, өзге мемлекет аумағына шыққан адам, сол мемлекеттің азаматы бола тұра әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік қызмет алуға құқығынан айырылмайды. 

Зейнетақы, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау салаларындағы ұлттық заңнамада ҚР азаматтарына, сонымен қатар ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдіктерге зейнеттік және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы.  

Осы принципті өзгерту, масштабы деңгейдегі заңнамаларды ауыстыруға міндеттейді. Өз кезегінде ондай өзгерістер қызмет алушылар санын көбейтіп, бюджет шығынын ұлғайтады. 

Осылайша, қолданыстағы заңнамаларды ескере отырып, ҚР аумағында уақытша тұратын шетелдік азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құқығы көзделмеген.  

Changed on 23 April, 2019 - 16:34
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS