You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба нормативтік құқықтық актілеріне жүргізілген мониторинг шеңберінде әзірленді.

Жобамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің келесі қаулыларына:

1) «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы        № 683 қаулысына – өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісін анықтау бойынша нормаларды нақтылау бөлігінде;

2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына – Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша нормаларды нақтылау бөлігінде;

3) «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына – адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есептеу объектісін, МЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу, арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары және шағын бизнес субъектiлерi үшін МЗЖ төлеу тәртібін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілді.

Жобаны қабылдау экономикалық және әлеуметтік теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

 

Changed on 23 November, 2016 - 18:09
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS