ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
Ақпараттық - Талдау Орталығы
Министрдің блогы
Негізгі бетке шығу
ҚР Нышандар
Жаңалықтар
Заңдар
Статистика
Көші-қон
Өзекті тақырыптар
Жіктеуіштер, жобалар
Аналитикалық ақпарат, азаматтардың өтініштеріне шолу
Сұрақ-жауап
Халықаралық ынтымақтастық
Бос жұмыс орны
Резюме
Еңбек рыногі
Еңбек қорғау
Министрлік жөнінде
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі
Конкурстар
Пікіртерім
Жылдам сілтемелер
Мен қoсқан бос жұмыс орны
Бос жұмыс орнын қосу
Жұмыс берушіні тіркеу
Менің резюмем
Резюмені іздестіру
Жұмыс іздеушіні тіркеу
Мои рассылки
Жазылымға тіркеу
*
Біркүндік бос жұмыс орны
Қазіргі уақытта тез бос жұмыс орны жоқ
...
Сайт бойынша іздестіру:
Нақты
Шамамен
Бос жұмыс орнын қосу:
жан жақты іздестіру
Резюмені іздестіру:
жан жақты іздестіру
Соңғы 5 жылда жанұяңыздың табысы өсті ме ?
Ия
Болмашы
Жоқ
Барлық берілген дауыстар: 390
нәтижесін көру үшін дауыс беріңіз
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылары
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы
Г. Н. Әбдіқалықова 1965 ж. туған, қазақ, білімі – жоғары, Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі технологиясы институтын экономика мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. 1987 – 1994 жж. – Қызылорда облысының халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультанты. 1995-2003 жж. – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың табысын реттеу департаментінің директоры. 03.2003 – 12.2005 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 12.2005 – 10.2006 - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 10.2006 – 10.2007 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 10.2007 - 01.2008 - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 01.2008 – 03.2009 – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы. 2009 ж наурызынан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы
1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында туған, ұлты – қазақ, жоғары білімді, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы бітірді, мамандығы – инженер – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемелекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице – министрі; 2006 – 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 жылдың қаңтар айынан – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
Нүсіпова Әсел Бекқызы
Ә.Б. Нүсіпова 1975 ж. туған, қазақ, білімі – жоғары, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Брэндайс университетін бітіріп, өнер магистрі дәрежесін алған. Еңбек қызметін 1997 жылдың қаңтарынан “NPV” консалтинг компаниясында сарапшы ретінде бастаған. 08.1998 – 12.2000 - «Деловая неделя» апталығының экономикалық шолушысы. 09.1998 – 06.2000 – Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы. 09.2001 – 03.2002 – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің консультанты. 03.2002 – 08.2003 – ҚР Президенті Әкімшілігінің жөніндегі жүйелік зерттеу орталығының бас сарапшысы. 08.2003 – 06.2005 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 08.2005 – 01.2007 – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 01.2007 – 03.2008 – «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы. 03.2008 – 01.2009 - «Делойт» компаниясының консалтинг басшысы. 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін – «Самұрық - Қазына» АҚ-ның атқарушы директоры. 2009 жылдың сәуірінен бастап - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Нұрымбетов Біржан Бидайбек ұлы
Нұрымбетов Б.Б. 1968 жылы Жамбыл облысы Луговой (Т.Рысқұлов) ауданының Абай ауылында туылған, қазақ. білімі жоғары. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «механика және қолданбалы математика» мамандығы, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. ҚСРО әскері күштері қатарында қызмет атқарған (1986-1988 ж.ж). Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы (1993-1996 ж.ж); Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996 ж); Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997 ж.) қызметтерін атқарған. 1997 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының директоры. 2008 жылдың 4 мамырынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы болып тағайындалған. 2009 жылдың 20 наурызынан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы конституциясына 10 жыл» (2005 г.) медальдарымен марапатталған.
Әбішев Хабылсаят Әзімбайұлы
1957 жылы 26 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік заң университетін бітіргеннен кейін кафедра оқытушысы ретінде жұмысқа қалдырылған. 1986-1989 жылдары Қазақ ССР-і Философия және құқық институтының аспиранты. 1991-1994 жылдары Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік заң университеті - кафедрасы меңгерушісі қызметін атқарған. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХIII сайланымында Жезқазған облысы атынан депутат болып сайланған. Конституциялық заңнама және адам құқығы Комитетінің – хатшысы қызметін атқарған. 1996 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі. 1999 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты. 1999 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі бөлімінің–мемлекеттік инспекторы қызметінде болған. 2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес-мүшесі. 2008 жылдың наурызынан Еуразиялық гуманитарлық институтының - кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 2009 жылдың ақпанынан бастап ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы. Заң ғылымдары кандидаты, доцент.
Бисақаев Серикқали Ғұмарұлы
Бисақаев С.Ғ. 1951 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурман (Қазталов) ауданы Қызыл партизан ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары. 1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Түсті металлдар технологиясы» мамандығы, 1996-1997 жылдары Париждің ұлттық жоғарғы тау-кен мектебін (Франция) «Еңбек қауіпсіздігінің сақталуын бақылауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітіріп, халықаралық деңгейдегі дипломын алған. Еңбек жолын 1972 жылы Жезқазған мыс қорыту зауытында бастап, 1979 – 1988 жылдары Қазақ ССР Түсті металлургия министрілігінде жауапты қызметтерде жұмыс атқарған, 1988-1994 жылдары Кен-металлургия өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Орталық комитетінің Бас техникалық еңбекті қорғау инспекторы болып істеген. 1994 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің жаңадан құрылған еңбекті қорғауды бақылайтын мемлекеттік органның басқарма бастығы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып тағайындалған. 2008 жылдың мамырынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып тағайындалды. 2009 жылдың 17 сәуірінен - Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы.
Тоқсейітова Гүлнар Мүсілімқызы
Г. М. Тоқсейітова 1955 жылдың 20 қазанында Қызылорда қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. 1977 жылы Винницк мемлекеттік педагогикалық институтын (Украина Республикасы) орыс тілі және әдебиеті мамандығы, 2005 жылы Д. Қонаев атындағы Алматы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1978-1982 жылдар аралығында педагогикалық қызметпен айналысып, «Знание» қоғамының жүйесінде жұмыс істеген. 1982-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың 5 мамырынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитеті төрағасының орынбасары. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына ҚР Президентінің алғыс хатымен (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы Конститутциясына 10 жыл» медалімен (2005 ж.), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (17.06.2008 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (05.12.2008 ж.) марапатталған.
Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы
1961 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында туған, ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын бітірді. 2006 жылы Қызылорда академиялық экономика, экология және құқық университетін бітіріп, юриспруденция мамандығына ие болды. Еңбек жолын 1983 жылы «Алматы облысының ТШ Қаскелен ҚЕИ-ның тәжірибелік шаурашылығының» мал дәрігері қызметінен бастады. 1986 жылдан 1988 жылдар аралығында ХХІІІ Партсъезі атындағы совхоздың бас дәрігері, сүт кешенінің бастығы қызметтерін атқарып, 1994 пен 1997 жылдар аралығында ҚЕИ ТШ-да бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары Алматы облысы Әкімінің Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы еңбек инспекциясының жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерішісі, бөлім бастығы - Алматы облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс атқарды. 2001 жылдан бастап 2008 жылға дейін ҚР Еңбекминінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары – облыстың Бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2008 жылдың мамыр айынан бастап – Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары - облыстың Бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Еңбекминінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сайтты жасаған РМҚК "Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық талдау орталығы"(АТО), 2004-2007 ж.