Вы здесь

инвалидность

Сәлеметсізбе! Менің сұрағым: менін кызымнын бір көзі яғни сол көзі врожденная катаракта, оған операция 2017 жылы  ИОЛ ға жасалып бірақ неудачно шығып хрусталик салғанмен қайта алып тастады жақпады деген ұғыммен, инвалидность тағайындады 2 жылға. 2017 жылы инвалидность 2 жылға берді. Енді 2019 жылы осы күнге дейін біз МСЭ -ге қайта тапсырдық бизге отказ берді. 2018 жылы біз Алматы қаласына барып хрусталик салдырттық бирақ көзі сол көрмеу қабілетінде тұр осы күнге дейін. Оның себебі туа біткен катарактыны 5 жастан кеткен соң диагноз қойды.Әбден көз көрмей калғанда анықтады.  Қазіргі сол көздің состояниясы Артифакия, Амблиопия высокой степени, тек саусақтарды жақыннан айтады OS=0.08 н/к,  оң көзі- миопия слабой степени, ОД-    -2,5 д. Мына занға сүйеніп отказ жасап тур. Снижение остроты зрения до 0,19 включительно с коррекцией в лучше видящем глазу и сужение поля зрения в лучше видящем глазу до 25 градусов  от точки  фиесации во всех направлениях деген заңдылықты түсінбей  отырмын. он козі миопия болғанмен, сол көзі мүлдем нашар көреді, сонда оң көзде нашар болу керек деген сөзбе калай түсінуге болады, сонда сол көздің жағдайына қарап инвалидность берілмейме, неге екен ең болмаса емделуге уақытша инвалидность үкімет неге созбайды. Аппаратное лечение береді ол аппараттары ұдай қымбат. 

Ответ: 

Сәлеметсіз бе, Құрметті Зарина Мадениетовна!

Сіздің хатыңызды мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.
Мүгедектікті белгілеу медициналық ұйымның дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі - ДКК) жолдамасы негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу арқылы жүзеге асырылады (негіз: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидасы) (бұдан әрі - Қағидалар).
МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы ұсынылған құжаттарды қарау, куәландырылатын адамды тексеру және мединалық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік- тынысының шектелу дәрежесі кешенді бағалауға байланысты шығарылады.
Қағидаларға сәйкес, клиникалық-диагностикалық зерттеумен және объективтік деректермен расталған өткізілген емдеу-оңалту шаралардан кейін дұрыс динамикасы кезінде мүгедектік дәрежесі белгіленбейді немесе ішінара оңалады.
Қағиданың 9 тараудың, 55 тармақа сәйкес (Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына оны алған күннен бастап бір ай ішінде МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде МӘС актісіндегі құжаттар негізінде шағымдануға құқылы).
Жоғарыда айтылғанға сәйкес, Сізге Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне шағымдануыңызға болады.

Номер вопроса: 361751
Изменён 4 июля, 2019 - 18:32
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий