check

Вы здесь

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде,

Бердібек Машбекович! Мекемеміз Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып табылады. Мекемедегі қызмет алушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығының психоневрологиялық медициналық - әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетілетін мүгедектер үшін тамақтың 2-заттай нормасына сәйкес «қант және кондитерлік өнімдер, барлығы оның ішінде; конфеттер (жеміс-жидек салмасы бар карамельдер), бал, тосап, джем 1 адамға тәулігіне грамм 113»- деп көрсетілген. Сұрақ: Осы тізбектегі өнімдерден басқа кондитерлік өнімге жататын басқа тамақтар алуға болады ма? Мысалы, зефир, мармелад т.б. Дәл осындай тізім сүт және сүт өнімдері де көрсетілген.

Ответ: 

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі - МӘМ) әлеуметтік қызмет көрсету денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық науқастар қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалысты ұйымдастыруды қамтиды.
МӘМ-нің қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Стандартта көзделген көлемде және оның түрлерінде көрсетіледі.
МӘМ-де қызмет алушыларды тамақтандыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы
27 қарашадағы № 896 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
МӘМ-де (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға берілетін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың 70 пайызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидаға сәйкес қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарында зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын қамқоршы қамқорлықтағылардың қосымша тамақтануына және жеке қажеттіліктеріне жұмсайды.
Сонымен бірге, Қағида бойынша қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарында зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын жұмсауға киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтарының тізбесі айқындалаған.
Осыған байланысты жұмыс барысында қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарын ұстану қажеттігін хабарлаймыз.

Номер вопроса: 360553
Изменён 24 мая, 2019 - 19:38
Голосуй за лучшего работника системы соцзащиты
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Информационная кампания "Безопасный труд"
Голосование за лучший социальный проект
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий