Вы здесь

Қасымовтар әулеті

Қасымовтар әулеті
Номинация: 
Лучшая трудовая династия
Регион: 
Жамбылская область
Общее количество членов семьи и их родственников: 
3
Общий трудовой стаж представителей династии: 
73
Контактные данные: 
8-7262-45-63-42
Краткая характеристика: 

Қасымов Мұрат Ниятуллаевич – «Казфосфат» ЖШС-нің Жамбыл филиалында
слесарь-сантехник. 1961 жылы 29 наурызда, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер аулында туылған. 1978 жылы Қаракемердегі ауылдық орта мектебін бітірген. Кеңес әскерінде келісімшарт бойынша 7 жыл қызмет еткен.

Өзінің еңбек қызметін 1986 жылы заводтағы № 5 сары фосфор өндірісі цехында слесарь-жөндеуші болып бастады. 1997 жылы осы цехта кран машинисті болып ауысты. Кейін № 25 цехқа жабдықтандыру жұмысшысы болып ауысты. Жұмыс кезеңінде өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Барлық өкімдер мен тапсырмаларды өз уақытында және сапалы орындайды. Ұжымда құрметке ие, сенімді адам. Өндірістік тәртіпті бұзбайды, өзін жауапты және атқарушы жұмысшы ретінде көрсетті. Үйленген, бес баланы тәрбиелеп отыр.

Жұбайы - Нұрғалиева Ләззат Есмағамбетқызы, 1962 жылы 13 желтоқсанда, Қызылорда облысы Арал қаласында туылған. 1980 жылы осы қаладағы орта мектепті бітірген. 1980-1981 жылдары Ақтөбе қаласындағы ТаргГУ-де «Сауда өнеркәсібі» мамандығында оқыған.

1981-1986 жылдары Ақтөбе қаласындағы сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеді. Өзінің заводтағы еңбек қызметін 1987 жылы № 13 цехта оқшаулаушы болып бастады. 2000 жылдан бастап № 28 цехқа химиялық анализ зертханашысы болып ауысты. Кейін № 6 цехқа қашықтықтан басқару құрылғысының операторы болып ауысты. Жұмыс кезеңінде өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Барлық өкімдер, тапсырмаларды өз уақытында және сапалы орындайды. Ұжымда құрметке ие, сенімді адам. Өндірістік тәртіпті бұзбайды, өзін жауапты және атқарушы жұмысшы ретінде көрсетті.

Баласы - Қасымов Дамир Мұратұлы, 1988 жылы 31 наурызда, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Құмтиін ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі - Қасымов Мұрат Ниятуллаұлы, анасы-Нұрғалиева Ләззат Есмағамбетқызы. 1994 жылы Ильич орта мектебіне 1-ші сыныпқа барды, 2009 жылы 9 сыныпты бітіріп, Жамбыл политехикалық колледжіне КИПиА мамндығына оқуға түскен. 2006 жылы колледжді тамамдап техник-механик КИПиА мамандығын алды.

2008 жылы «Қазфосфат» ЖШС-нiң Жамбыл филиалында (ЖЖФЗ) жұмысқа орналасты. 2009 жылы ТарМУ-ге «Автоматтандыру және басқару» мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2012 жылы тамамдап «Автоматтандыру және басқару» мамндығын алды.

2013 жылдан бастап сол цехтың участок бастығы болып ауысты. 2018 жылдың мамыр айында осы цех бастығының технология бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Жұмыс кезеңінде өзін сауатты, атқарушы жұмысшы ретінде көрсетті. Өзінің міндеттерін және өзінің өндірістік қызметіне қатысты жоғары тұрған басшылардың тапсырмаларын адал орындайды. Өндірістік тапсырмаларды шешуде бастама білдіреді, сауатты. Өндірістік тапсырмаларды өз уақытында сапалы орындайды. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.

По клику на блок «Я не робот» выполняется проверка, что голосует человек, а не робот. Если появится окно с разными изображениями, следуйте указаниям во всплывающем окне.
Изменён 22 октября, 2018 - 10:02
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий