Вы здесь

Логопед маманы бойынша

Сәлеметсіздер ме! Сіздерге бірнеше сұрақ қояйын деп едім. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «мүгедек балаларды оңалту орталығы» жартылай стационарлық коммуналдық мемлекеттік мекемесінде логопед маманының аптасына қанша сағат жұмыс жасау керектігі жөнінде.

1-сұрақ: Мүгедек балаларды оңалту орталығында қызмет атқаратын педагогикалық жоғары мамандығы бар логопед маманының аптасына 5 күндік жұмыс күнінде, 1 күнгі жұмыс сағаты және аптасына норматив бойынша қанша сағатты құрауы қажет және күніне сөйлеу тілінің ауыр ақаулықтары бар (Алалия, ДЦП, Синдром Дауна т.б) қанша мүгедек баламен норматив бойынша аптасына қанша сағат жұмыс жасауы тиіс?

2-сұрақ: Еңбек ақы төлеу мәселесі бойынша осы бөлімшеде жұмыс жасайтын логопед маманы сөйлеу тілінің ауыр ақаулықтары бар (Алалия, ДЦП, Синдром Дауна т.б) мүгедек балалармен жұмыс жасағаны үшін ерекше еңбек жағдайлары және аса ауыр еңбек жағдайлары үшін логопед маманына қосымша ақылар төленеді ме? төленетін жағдайда қанша пайыздық мөлшерде?

3-сұрақ: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүгедек балаларды оңалту орталығында» қызмет жасайтын логопед маманы мен білім беру саласындағы логопед мұғалімдерінің жұмыстары мен оқу жоспарлары және штаттық ставкалары айырмашылықтары бар ма? Бар болса қай белгіленген нормативтік акті бойынша қолданылады?

 

 

 Алдын ала рахмет!!!

 

Ответ: 

Құрметті Берік Серікбайұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабының 1- тармағына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (бұдан әрі - Тізім), сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілді.
Тізімнің «Денсаулық сақтау жұқпалы таз және туберкулез (туберкулезге қарсы) емдеу-алдын алу мекемелері, Бөлiмшелерi, палаталар, кабинеттер; санитарлық-орман Мектептерi мен мектеп-интернаттары, балалар yйлерi, Балабақшалар (топтары), балалар яслилері (топтары) және Туберкулезбен, созылмалы жұқпалы іш аурумен ауыратын Балаларға арналған сәбилер yйлерi (топтар), туберкулезбен Ауыратындарға арналған мyгедектер үйi (бөлiмшелер)» 43-бөлімінде: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының және демалыс үйлерінің (санаторийлердің логопеді, сурдологы) жұмысшыларына 12 күнге дейінгі қосымша еңбек демалысын беру мен 18 сағат қысқартылған жұмыс күнінің ұзақтығы қарастырылған.
Осыған орай, аталған кепілдіктерді алуға құқылысыз, егер Сіздің жұмыс орныңызбен лауазымыңыз сәйкес келжен жағдайда.
Сондай-ақ, жұмыс беруші аттестаттау нәтижесі негізінде қызметкердің нақты жұмыс жағдайын ескере отырып және жұмыскерлер өкілдерінің (кәсіподақ органының) пікірін ескеріп, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін анықтауға құқылы.
Қысқартылған жұмыс уақыты және қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері ұжымдық және еңбек шарттарында норматив ретінде белгіленеді.
Сіз үшінші сұрағыңыз бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Номер вопроса: 351310
Изменён 29 августа, 2018 - 19:37
Достижения за годы независимости РК
Проверка сведений о готовности к назначению с 1.01.2020
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Борьба с наихудшими формами детского труда
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Информационная кампания "Безопасный труд"
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
Новый национальный классификатор занятий