Вы здесь

Еңбек зейнетақысы туралы сұрақ

Салеметсіздер ма Менің есімім Курпанова Кульсун. Мен 1950жылы Ақмола облысының тумасымын.37 жыл еңбек өтілім бар, 1977-2014ж Алматы облысы Жамбыл ауданы Узынығаш ауылындағы Жамбыл аудандық кітапханасында методист қызметінде 37 жыл қызмет атқарғам .2003 жылы 7 272 теңге көлемінде бабаларға байланысты зейнетақыға шыққанмын КҮМІС АЛҚА иегерімін. Сіздерден сұрайын дегенім еңбек өтіліндегі қызмет атқарған жылдар зейнетақыға қосылмады.Бүгіндері тек көпбалалы ана ретінде ғана тағайындалған зейнетақыны аламын.Үкімет тарапынан аз да болса еңбекке байланысты қандайда бір % төлем бола ма.

Ответ: 

Құрметті Тоғжан Қайратқызы, сәлеметсіз бе!

          Сіздің арызыңыз бойынша, анаңыздың зейнетақы ісін мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.

       Анаңыз Күлсін Құрпанова, 2003 жылы 26 жыл 3 ай еңбек өтілі және 11 018 теңге орташа айлық есебімен көп балалы ана ретінде жеңілдікпен зейнеткерлікке шыққан болатын.

         Қазіргі таңда, зейнетақы төлемдері заңнама нормаларына сәйкес тағайындалып, ай сайын жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі және «Күміс алқа» ретінде тағайындалған жәрдемақы төленуде.

         Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту шеңберінде базалық зейнетақы мөлшерлерін жеке әрбір алушының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты қайта есептейтін болады.

        Аталған шаралар, еңбек өтілі үлкен, бірақ төлемдердің мөлшері төмен зейнеткерлердің алатын төлемдерін арттыруына мүмкіндік береді.

Номер вопроса: 346493
Изменён 7 ноября, 2017 - 17:27
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Проверка сведений о готовности к назначению с 1.01.2020
Проверка статуса
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Борьба с наихудшими формами детского труда
Информационная кампания "Безопасный труд"
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий