Вы здесь

Call-орталық

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік - еңбек саласында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету басқармасы (Байланыс орталығы)

 

Қалалық және ұялы телефондардан 1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, Сіз:

  • зейнетақымен қамсыздандыру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;
  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Бұдан басқа, Байланыс орталығына info@info.mintrud.kz электрондық почта және  www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Сіз 1411 нөміріне тегін SMS хабарлама жібере отырып, елді мекеніңіздегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала аласыз.

Сұрау салудан кейін ұялы телефоныңызға сұратылған мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберіледі.

SMS хабарламаның форматы: *жұмыс*қала коды*мамандық#

Мысалы:

  • *жұмыс*7172*жүргізуші#
  • *жұмыс*7282*мұғалім#
  • *жұмыс*72834*мейіргер#

SMS хабарламаны жіберу және қабылдау тегін.

Әлеуметтік - еңбек саласында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету басқармасына (Байланыс орталығы) сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүгіне аласыз. Сізге міндетті түрде жауап береді.

Достижения за годы независимости РК
Проект «ӨРЛЕУ»
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Концепция дальнейшей модернизации системы социального обслуживания
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
Новый национальный классификатор занятий